Әріден ойлап істелген іс туралы. Балағазға серік болған жігіттер аз ғана болатын. Әзірше бұлар Абылғазы мен Әділхан ғана. Осы үшеуі өзжүрістерін үлкен есеппен, еппен істеген. М.Әу. Небір сәулелі елестерге арбалып есі шыққан Ұлбану үлкен есеппен Сәбираны қайта-қайтаайналып-толғанып, қас қарая үйіне қайтқан. Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮКІДЕЙ ҮРПИДІ
~ Бірнеше күннің алдында "жау келеді" деп, жалпақ елді үркердей етіп, үкідей үрпиткен жағдай осылайша сабасына түсе бастаған. Т.Рыс.
ҮЛКЕН КІСІ
~ Апам қуанып кетті, әлі нұры таймаған қара көзі күлімдеп сала берді. — Қап, жақсы болды–ау. Мына балам со сіздің ауылға мұғалім боп бара жатыр еді. Серік іздеп тұр едік, ілестіре кетіңіз, үлкен кісі… Н.Сер.
ҮКІДЕЙ ҰШТЫ
Зымырады; екі аяғын қолына ала жүгірді. ~ Күнікей атына мініп дайын тұр еді, байталды қуып берді. Бірталай ұзап кеткен байталға үкідей ұшып барды да жетті. Ж.Айм. ~ Сол кезде дүбірлетіп бір атты кісі де келіп қалған екен. Қасым қайта ұмтыла алмады. Күнікей үкідей ұшып үйіне тартты. Ж.Айм. ~ Айдап кетті… анау кетіп бара жатқан,— деп топалаңнан қорқып алаңдап отырған күзетші әйел қолын шошаңдатты. Сатан өкпесін аузына тістегендей олардың артынан үкідей ұшты. І. Жан. ~ Сүйектен еткен суықты елең қылмастан, үкідей ұшып отырып «Төңкеріске» жетті, сондағы мектептің таныс күзетшісін тауып ап, оған жылы күркеде қалдыра көр деп жалынды. Ә.Әл.
ҮЛКЕН ҮЙ
~ Ағайынды кісілер енші алысқанда, шаңырақ, яғни ата-ананың тұрған үйі кіші ұлына тиеді де, ол «үлкен үй» аталады. Ондай үйді өзге «отау» аталатын кіші үйлер ерекше қастерлеп, аруақтың сыбағасы» деп, жазғы, қысқы дәмінің алдын татырады; жаңа түскен келіншектер қадірлі мүлкін сыйлайды. «Үлкен үй»—«Қара шаңырақ» деген ұғымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді. С.Мұқ. ~ Міне Үбиан әпкем үлкен үйден шықты да, қазан басына бет алды. Мен оны көре сала борсаңдап, сүріне–қабына еркелей жүгірем. Б.Мом.
ҮКІЛІ АРМАН
~ …Иә, Ол менің «тұрмысқа шықсам, үй болсам» деген үкілі арманымның күл талқаны шығып, үмітім үзіліп, құрдымға кетіп бара жатқанымда, яғни, өз түсінігімше, «жар басында» тұрғанымда жолыққан. Ж.Әбд-а.
ҮЛКЕНДІГІН СІДЕТТЕДІ
* — Айналайын‚ қай заманда інісі ағасының бетінен арп етіп ала түскен?“Үлкендігін сідеттей бастады”. — Мақамаш маңдайының терін сүртті. Б.Алд.
ҮКІЛІ СӘЛЕМІН ЖОЛДАДЫ
* Сол Аққыз ұзатылып, алты-жеті ай боп қалған кезде ғой деймін, үй ішіндегілеріне хат жазып, үкілі сәлемін жолдапты. Ы.Дәбей
ҮЛП ЕТПЕ
* Өңшең сыптай жалаңаш құм таулар күннің жалқын ыстығына қыза бастағанға ұқсайды. Үлп етпе ұяң самал толқынында ысуға айналған құм тынысы сезіледі. С.Елу.
ҮКІМ АЙТТЫ
~ Шешендігі, суырып салма ақындығы өз алдына, шырғалдаңы қиын даулы істерге әділ үкім айтып, ел билігін ұстаған дара тұлға ретінде танылды. Ж.Шәк. ~ — Бұл Сіздің ғана пікіріңіз және Сіз жазушы емессіз. Жазушы емес адам творчествоға үкім айта алмайды. Басқа біреуге рецензияға беріңіз, — дедім. Ә.Нұрш.
