Posted in

ҮЙІРГЕ ҚОСЫЛДЫ

Қатарға енді, лайықты орынын тапты. Ш е м е н (Шерниязды жағадан алып). Кесер сөзім тыңдап ал, Тірідей ұстап Бекетті Әкелмесең осыдан Деме үйірге қосылам. М.Әу. Алтынай (үстеліне төніп). Пүлішпен кеше де сөйлесіп ем, бұған де сөйлестім. Мінезі жеңілдеу ғойбайғұстың. Алданып қалған ғой. Бұрынғысындай шаптықпайды, босай бастапты. Өзін , баулып, үйірге қосып алайық. Б.Майл. Исахандардан кейінгі отыздан жеті, одан кейінгі отыздан бес, соңғы отыздан үш-ақ адам үйірге қосылды. Б.Қыд.

Posted in

ҮЙІРСЕК АТТАЙ

Бір жерге қайта-қайта келе беріп, мезі қылған адамға қатысты айтылады. ~ Ауылға сирек келетін болдың, келсең де бұрылып соқпай кетесің? – деді Қаншайым. – Үйірсек аттай емпеңдей берсең – ағайынға қадірің болмайды, – деп, Байсұлтан бір тілім қазыны таңдайына басты. Ә.Асқ.

Posted in

ҮЙІРГЕ САЛДЫ

~ Директор болды. Онан депутат… Онан анда да мүше, бұнда да мүше… жиналыс… жина-лыс… Бірақ заманында үйірге салған айғырдай азынап қалған кәрі кісі інісінің жиын-жиналысын, "қол тимей жүргенін қайтсін". Ә.Нұрп. ~ . Ол бұл салығын «Төтенше салық» деп атады. Және болыстарға берген бұйрығында бұл малдар құлынды бие, үйірге салуға жарайтын айғырдан бастап, тек құнажын дегенге дейін ғана алынсын. Және асыл тұқымнан болсын. Қыршаңқы, маңқа жылқы алынбасын деп анықтай тапсырды. Т.Ахт. ~ Менің салған тамымнан артық жері шамалы еді. Өтіп кеткенің шабдар атың болса, қайтып алып үйірге саларсың. Басымды қатырма, шырағым! З.Шүк. ~ Дөненінде де ат тұяғы жетер жерді былай қойғанда, машинамен алып барған ауыл, аудан, облыс, тіпті Таластың арғы жағасындағы қырғыздарының ат бәйгелерінің алдын бермеген "Айғыркісі" ауыл ақсақалдардың шешімімен үйірге салынды. Н.Дәу.

Posted in

ҮЙЛЕСІМ ТАПТЫ

~ «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» дегенді бұрынғылар білмей айтты деймісің. Жаны жарасым тауып, сезімі үйлесім тапқан жастардың сүйіспеншілігі шығар, сондай сөзді айттыруға себепші болған. Ү.Жәл. ~ Күйеуі «Шейх әулетіненбіз» деп мақтанғанға Европа мен Шығыс мәдениетінің үйлесім тапқан нәзік салтанатын көз алды-на елестетіп келген келіншек мұндай опасыздықты күтпеп еді. Т.Сәу. ~ … енді оның бет-ауызына бал жаққандай уыз ажары мен жыпылықтаған жұп-жұмсақ кірпігі бір-бірімен үйлесім тауып кілміңдеп арбап бағады… Ә.Нұрп.

Posted in

ҮЙІРГЕ ТҮСТІ

1. Айғырдың үйірлі биеге салынуы (сол сияқты киік, ақбөкен, қарақұйрық текелерінің, арлан қасқырлардың шағылысуы). * Қытай күллі халықтың ортасындағы толқыған егін еді. Қытайдың даусы ұлт топтарында үйірге түскен сақа айғырдың даусындай саңғырлады. Ж.Айм. * Өзі мекен еткен табиғаттың тылсымына терең бойлаған бұғылар да үйірге түсу мен төлдеудің өзін бір есеппен жасағандарын байқауға болады. Ж.Баб. * Ұлын көрмегеніне үш-төрт ай болған, көзі шүңірейіп, бұты тылтиып қалыпты. «Алты ай қыс үйірге түскенбісің, ұсқыныңды ұрайын», дей жаздады. Н.Дәут. ~ Ал мына қардың бетін осып, көсіле шұбалып жатқаны қасқырдікі. Қасқыр кейде бір сарыған жеріне қайта келіп сариды. Қаңтарда қатерлі болады. Топ-тобымен үйігіп жүреді. Үйіккенде бәрін жеңген арланы ғана үйірге түседі. Ж.Шәк. ~ Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Барлық, Алатау, Еренқабырға, Ерепей секілді тауларды мекен ететін кер бұғылары сол таулардың табиғатына қарай үйірге түседі де, бесон күн ілгерілі-кейінді бұзаулайтын көрінеді. Ж.Баб. 2. Өктемдік көрсетіп, даулы мәселеге бас сұқты д.м. * Әз Жәнібек ханның тоқалынан туған Үсік сұлтан ағыны тас ағызған Қасым мен Жәдіктермен тайталасып, үйірге түссе де, қасиетті таққа отыра алмай кеткен. С.См.

Posted in

ҮЙЛІ-БАРАНДЫ БОЛДЫ

Есбол аға ауылға оралып үйленді, үйлі-баранды болды. Ә.Ысқ. – Қызметке ілініп кісі қатарына қосылар. Үйлі-боранды болатын да күні жетер, сонда келіннің қандайыкездесерін қайдан білесің? Б.Тоғ.

Posted in

ҮЙІРДЕН ҚУЫЛДЫ

* «Өзінен кейінгі жас текелерге орнын босатып, үйірден қуылған сорлы болдың- ау деп ойлады ол. Иә, бәрі де өз уақытында мықты. Бейшара бала- шағаға қадірі кеткен мен сияқты болдың- ау! ». К.Сег.

Posted in

ҮЙМЕ-ЖҮЙМЕ БОЛДЫ

Бей-берекет топталды. Орта кезекте тепекті қағып, Қартқожа да келеді. Алдыңғылар адырдың басына үйме-жүйме болып тоқтап,аттан түсті. Ж.Айм. Балалар топырлап үйме-жүйме болды. Т.Әбд.

Posted in

ҮЙДІ ЖЫҚТЫ

Киіз үйдің киіздері алынып, уықтары суырылып, шаңырағы түсіріліп, көшуге т.б.дайындалды. ~ Жер тозып, жаз қызығы суып қалған, Тағы бір жұрт аудару жуықта – арман. Таң атпай қаңғыр-күңгір. Көзімді ашсам, Кереге, шаңырақ пен уық қалған. Даланың секілді еді шөмелесі, Көшпек боп үйді жықты деген осы. Түрулі түңіліктің жібі кетіп, Қалыпты белдеудің де, тек, елесі. А.Бөк.