Posted in

ҮЙ ІШІНЕН ҮЙ ТІКТІ

Бөлектенді, іргесін аулақ салды. * Байсалбайдың сырын тартып жүрмін. Ол: «Үй ішінен үй тігейік, сүйек жаңғыртайық» дейді. Ана Аманбайға Дәмешті сұрайды. М.Әу. * Ағайын атымен ел жинап, үй ішінен үй тігіп, топ құрау қолдан келмейді деп ойлайсың ба? Осы жауластық түбімізге талай жетпеп пе еді, айтшы, кәне… Т.Әбд. ~ .«Базардан қайтып келе жатқанда нем бар еді баланы тыңдап, бөлек шығам деп, енді жүрісім мынау үй ішінен үй тігіп, отыз жыл отасып сыралғы болған әйеліме қарсы кеп» — деп жаны күйзелді. С.Досж. ~ Енді қайтпекпін?! Атағы одақтан асқан есіл Арқарлы- ның шаңырағы ортасына түссе, отыз тоғыз ұлттың өкілі үй ішінен үй тігіп бөлек қос боп тарап жатса, не қайраным бар?! Ө.Кәр.

Posted in

ҮЙ КҮШІК

Үйден аттап шықпайтын, өресі от басы, ошақ қасынан әрі бармайтын адам. Сондай біреу болмаса, өзінен именетін ауыл-отан кісілерімен көсіліп сөйлесе ала ма? Үнемі ауыл-үйдің адамы кісіні жабыландырып, тынысыңды, өрісіңді тарылтып, қатынбасшы, үй күшік қып жібереді ғой. Ж.Айм. Ер бала деген үй күшік болмауы ке-рек, спортпен айналыс, биге бар, қыдыр деді. Т.Сәу. Олар ауылдан аттап шыққан пенде емес. Күлге аунаған тауықтай, үй күшік боп, бүкіл өмірін сол аумақта тыртыңдап жүріп өткізді. Т.Берд. Солардан бөлініп, үйкүшік боп ауылда қалуды ар көргенмен, Итбай үйіне байлаған жіп жіңішкеріп келсе де үзіле қоймай, Бүркітбай атқа міне алмаған еді. С.Мұқ.

Posted in

ҮЙІР-АЙҚАС

~ Албан ішінде Қоңырбөрік аталатын Жұмахан, Шәріп дейтін ағайынды екі жігіт пен Жолдыбай үйір– айқас дәмдес болып жүрді. Т.Рыс. ~ … талай істі бүлдіретін де осы Қанатбек ақалақшы болатын. Енді оның Махсұтты оң жамбасқа алатын кезі келіп– ақ тұрған. Егіз — екі, үйір — айқас, ағайын ара жақындықты, мұздай суық ауыр ойға алмастырған. Т.Рыс.

Posted in

ҮЙ КҮШІКТЕНДІ

Үйден шықпайтын болды. Ел үстіне Әз Тәукенің ынжық Болаты хан болып отырысымен жыл сайынғы Күлтөбеде өтетін диуаншақырылмай, мемлекеттің бұрынғы машықты қаракеті бая- шая болғалы Жомарт батыр тіпті үй күшіктеніп алған еді. С.Смат. — Майрашжан, айнам… Сен бір мезгіл қалаға шық, қыдыр, әлі тым жассың ғой. Үй күшіктеніп жатып алма.—деді. М.Сүн.

Posted in

ҮЙІР АЙҚАСТЫҚ

~ Көлденең көз сұғынан таса іздеп, ақырында Шыңғыс сыртын ес тұтып ықтасын сезінген. Өнерлі жігіт, он саусағы іскер де, ісмер сұлу келіншек көрші-қолаңмен тез-ақ шығысып кетті. Үйір айқастық көпке жеткізді. Е.Зейіпхан

Posted in

ҮЙ СЫРТЫНАН ҮЙ ТІКТІ

* Анау әлгі депутаттар да, ғалым, жазушыларың да, бизнесмен тағы кімдер… Шетінен үй сыртынан үй тігіп алған. Қазаққа тоқал қажет деп газит-мәзиттер жабыла жазып жатқаны анау. Н.Дәу.

Posted in

ҮЙІР БОЛДЫ

Жақын тартты, араласты, айналшықтап, кетпей қойды. Машықтанды, құмартты, әдет қылды. … күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалынықайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Ә.Кек. Рәуіш Қанаттың үй ішіне де әбден үйір болып алды. Ғ.Слан. Шешесінің жасына жетпей өлгеніне де, мұның ішімдікке мектепте жүріп-ақ үйір болғанына да, келіннің осыүйге келіп тұрмағанына да осы кінәлі екен. Н.Дәут.

Posted in

ҮЙ ТІКТІ (ТІГІЛДІ)

1. Үй көтерді, құрды. 2. Отау құрып, бөлек шықты. Көші-қон үлкендерге әбігер болғанмен, балаларға мейрам. Жүк түсіргені, үй тіккені, жер ошақ қазып қазанастына от жаққаны — бәрі қызық. Т.Ахт. Әкей иеленген жер шынында да төңірегінен мүлде өзгеше, көгере бусанып тұр екен, "Бүл жердің атыКөкжайлау болады!" –дедім мен. Аллаға тәуба айтып, үй тіктік. Үй тігіліп болар-болмастан-ақ құдық қазатын жер қарадық. М.Мағ. Жігітектің бұл жиынының ортасында Базаралы бар. Тәкежан-дар әлі үй тігілгенше, тобын жазбай, атүстінде мал аралап жүр. М.Әу.

Posted in

ҮЙІР БОЛМАДЫ

Қолға үйренбеді, жатсынды. Осы айтылған мақлұқтардың адамға пайдалысы да, зияндысы да бар. Пайдалыларының бірсыпырасын адамұстап, қолға үйреткен. Көбі үйір болмай, тағы күйінде қалған. А.Байт. Сиырға жақын аталас хайуандар Үндістандағы зебу деген өркешті өгіз және зубр, буйбұл деген адамға үйірболмаған тағы өгіздер. А.Байт.