Әйел сұп-суық, қаны қашқан ерінін баланың маңдайына тигізіп, бетін қолымен сипап, төңірегіне оғаш көзжүгірте тұла бойы дір етіп, шалқалай берді де… үзіліп кетті. Ч.Дикк. Мария кереуеттен шегіншектеп барып, тізесін бүгіп, ұлы күйшіге иіліп тәжім етті. Қыз түрегелген кезде,шал үзіліп кеткен екен. Паустов. Бұл сергектігі, тегі, оған азғана уақытқа ғажап қуат берген соңғы бой жасауы болса керек, өйткені сосын олкенет үзіліп кеткен-ді… Дост. (ауд. Н.Сызд.)
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮЙДЕЙ ПӘЛЕДЕН ҮНДЕМЕЙ ҚҰТЫЛДЫ
– Тоқтат маймөңкелеген кереғарыңды, үйдей пәледен үндемей отырып құтыла алмаймыз. Ғ.Біләл
ҮЗІЛІП ТҮСКЕН ЖҰЛДЫЗДАЙ
~ Кенет назары Анарға ауды. Үзіліп түскен жұлдыздай бетінің нұры сөніп, басқа ұрған тана іспетті үрпиіп қана тұр екен… Р.Рай.
ҮЙДІ ЖЫҚТЫ
Киіз үйдің киіздері алынып, уықтары суырылып, шаңырағы түсіріліп, көшуге т.б.дайындалды. ~ Жер тозып, жаз қызығы суып қалған, Тағы бір жұрт аудару жуықта – арман. Таң атпай қаңғыр-күңгір. Көзімді ашсам, Кереге, шаңырақ пен уық қалған. Даланың секілді еді шөмелесі, Көшпек боп үйді жықты деген осы. Түрулі түңіліктің жібі кетіп, Қалыпты белдеудің де, тек, елесі. А.Бөк.
ҮЗІТ БОЛДЫ
~ Сол кезде дулаған көп адамның сырт жағынан біреу: – Әй, ақымақ қыздар–ай, беттеріңнің мөрін салып бостан–босқа үзіт болып тұрғандарыңды қарашы. Аю соғып алған батыр адам бізді көзіне ілуші ме еді?!– деп қалды сыңқ етіп. Ж.Сәм.
ҮЙЕЗДЕГЕН ЖЫЛҚЫДАЙ
~ Ай әлі туған жоқ екен деймін. Үйездеген жылқыдай үйір-үйір жұлдыздар мақпалдай қара аспанда танадай жалтырайды. Б.Тоғ. ~ Бәрі де буы бұрқырап, қызара бөртіп, билегені билеп, билемегендері үйездеген жылқыдай үйір-үйір боп, анда да гу-гу, ду-ду, бұнда да гу-гу, ду-ду, сосын ха-ха… а-х-ха… Ә.Нұрп.
ҮЙ АРТЫНДА КІСІ БАР
~ – “Үй артында кісі бар” деген, мен басы бос кісі емеспін, ауылдық жерде соңыңнан ерер сөз болады. Ә.Асқ. ~ Ағалар,– деді,– қазір бір ауыз сөзден бас кететін заман. Ыңғай өзіміз болғандықтан бейпіл кетіп бара жатқан шығармыз. Үй артында кісі бар дегендейін… Т.Рыс.
ҮЙЕЛЕГЕН МАЛДАЙ
Үйелеген малдай тыпырлап, тоңқаңдап орнынан тұра алмай жатқан баласын көріп, әлі де сынын бермеген әдемі қылықпен сынғырлай күлді. О.Бөк. «Не деген шыдамсызсың, әкең…. басымды жарып тастай жаздадың ғой», – деп күңкілдеп, үйелеген малдай әрең тұрды орнынан. Ешкім жауап қатпады. О.Бөк.
ҮЙ ЖОҚ, КҮЙ ЖОҚ
Баспанасы да, басқа жағдайы да жоқ. * Басқалай жұмысқа орналасу үшін прописка керек, білім керек, тамыр-таныстық керек. Үй жоқ, күй жоқ. Жіпсіз байланасың. Т.Сәу.
ҮЙЕЛМЕЛІ-СҮЙЕЛМЕЛІ
Араларына жыл, немесе одан сәл көбірек уақыт салып туған, қатар өсіп келе жатқан; жасы, бойы жағынан шамалас, тетелес. * Болыстың үйелмелі-сүйелмелі үш қызы бар. Ағиба, Ақлима, Нағима. Үшеуі де қараның әдемісі. Әсіресе, ортаншысы тәуірлеу. Ү.Жәлеке
