Posted in

ҰЯТТЫ ЖИЫП ҚОЙДЫ

Қорлығы еттен өтіп, сүйекке жеткен соң ұятты жиып қойып, милицияға да бір неше рет арыз берген. Т.Сәу. — Алдау, ұятты жиып қою қалтаға түскеннен де жаман. Мен бәрін анықтадым. Ешқандай министр сізгеқолқа салмаған. К.Қаз.

Posted in

ҮЗЕҢГІ ТЕҢЕСТІРДІ

* — Дәмімнің садағасы кетсін! Шық үйімнен, оңбаған мұндар!.. Тапқан екесін үзеңгі теңестіретін адамыңды! Көрерміз, тау құлатқаныңды! Күліңді көкке ұшырармын! С.Мұқ. * Еншімді бөліп бермесе де ешкімде есем кетпесін! Тең жүрейін он екі мүшесі сауменен! Өйткені өзгелермен үзеңгі теңестіріп өмір сүруге хақым бар менің! Айзат Рақыш.

Posted in

ҰЯТТЫ ІС

Далада қанша жүргенімді білмеймін. Білетінім – менің бұл ұятты ісім әйтеуір әшкереленген жоқ. С.Елу.* Ауыл аралап жүрген бейуаз жігіттерді тергеуге алдырсаңыз ұят болады. – Уа, сұмырай, ұзын етекті ақ сайтан, қанша ұятты ісің бар олармен? Ғ.Біл. Бір нәрсені бүлдіріп алғандай, я бір ұятты іс істеп қойғандай, көкірегімді тырнап жатқан бір нәрсе бар. Т.Ахт.

Posted in

ҮЗЕҢГІГЕ АЯҒЫН САЛУ

Жолға жиналу; әлдебір іске дайындалу туралы. * Даңқтың астындағы дүлдүлі–дақпырт. Парасаттының аузындағы керенау ақиқат қашан үзеңгіге аяғын салғанша, дарақының аузындағы далаңбай дақпырт екі етек боп елден бұрын жетпей ме? Ә.К.

Posted in

ҰЯТТЫ КІСІ

Кешке үйге біраз ұятты кісілерді қонаққа шақырып қойып едім… Керек адамдар… С.Смат. «Әбекеңдей ұятты кісі келгенде, дастарқаны жоқ-жұқана болып, жерге қарамаса не қылсын…» Б.Тоғ.

Posted in

ҮЗЕҢГІЛЕС БОЛДЫ

Қатар жүріп, ортақ іске араласты; сапарлас, майдандас болды. Осы сапарда үзеңгілесің болам деп не айтайын, ер-қара да бола алмаймын… Ғ.Мүс. Ат жалын тартып мінгелі Баянмен үзеңгілес болып келе жатқан Жәпек сан олжаны бөлген кездеріндеәйгілі батырдан бұрын-соңды мұндай сөзді естіп көрмеген-ді. І.Ес.

Posted in

ҰЯТҚА ҚАЛДЫ

Өз атына кір келтірді; ұятты жиып қойды. – Киіміңді қыздарға үтіктетіп ал. Байқа, қаладағы сылқым қарындастардың алдында ұятқа қалып жүрме. Командирден рұқсатты өзім сұрап алармын. М.Қаб. Ел құлақтанып қалды, той өткізбейтін болсақ –ұятқа қаламыз. Өсек көбейеді. Б.Тоғ. СИН: Ұят арқалады; ұяттан аттады.

Posted in

ҰЯТТЫ ОЙЛАДЫ

Тіпті Раушанның қасында да табан тірей алмай зыта жөнелгенін еске алғанда әлі де жерге кіріп кетежаздайды. Бірақ сол кезде ұятты ойлауға мұршасы болмады. Т.Ахт. … арада айтылмаған сөз қалмады, кісілердің алдында ұятты ойлап ешқайсысы қымтырылмады, ақылайтқан, тоқтау айтқандардың сөзіне қонақ бермеді … Ә.Тар.

Posted in

ҮЗЕҢГІЛЕС ДОС

~ Осыдан екі жыл ілгері, Жолдыбай Ластай жайлауындағы үзеңгілес досы Сейіттің үйіне барып жүріп, Қызайдың Едіге руымен аралас қоныстанған албан, суандармен де танысып қалды. Т.Рыск.

Posted in

ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ

Абыройын төкті, жер қылды, атына кір келтірді. Қалдырмау үшін ұятқа күнәсіз мынау дүниені, Жамау қып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың. Т.Айб. — Байқа, ақымақ болма. Өзіңді де, жұртты да ұятқа қалдырма. Ә.Әл. – Жауынгерлер деген көресіні көрді ғой. Бәріне төзді. Жігіттер жарады… Ұятқа қалдырған жоқ. Т.Ахт. Өзін мадақтап, бірнеше орденнің иегерімін деп көрсеткен. Жалғандық қаншама адамды ұятқа қалдырды. Ә.Ысқ.