Posted in

ҰЯ БАСТЫ

Балапан басты, ұя салды. Жылт еткен қиялы енді торлы терезенің ар жағында ұя басып қалған торғайды ойлады. Қ.Түм. . Мен ойлаймын: «бөденелер қайтер екен? Ұя басып жатқаны да бар шығар. Ш.Мұрт.

Posted in

ҰСТАРАНЫҢ ЖҮЗІНДЕЙ

~ Бұ бір ысылған саятшы жігіт ұстараның жүзіндей, кісінің әуменіне төңкеріледі, қылп еткізбейді, қыбыңды табады, сондай епті, ақылды, сезімді. Ж.Айм. ~ Сондай пәленің бәрінен арашалап, қағып қалып жүретін құтқарушысы – Молдаш. Ол жасы отызды аралаған, ұстараның жүзіндей қылшылдап тұрған өткір жігіт. Өзі күлдіргі. Әзілдесіп күліп отыруды ұнатады. Ғ.Біл. ~ * Күйеу жігіттері өңкей «мен атайын, сен тұр» дейтін ығай мен сығай. Шетінен ұстараның жүзіндей қылпылдаған жастар. Ішінде шоқша сақал біреуі ғана бар. Жұптарын жазбай сар желдіріп келеді. С.Жүн.

Posted in

ҰШҚЫР КӨҢІЛ

~ Сонда да Кенекеңнің бұған жаны аши отырып, әдейі ауылға жіберіп отырғанын ұшқыр көңілі сезгенді. АҚ "Арпалыс…"

Posted in

ҰСТАРАНЫҢ ЖҮЗІНДЕЙ ҚЫЛПЫЛДАДЫ

Дес берісі, бүгін түскі тамақтан ананы- мынаны айтып, серпіп отырып, осы әңгімені Елтизовтыңбастағаны бар емес пе? Ол ұстараның жүзіндей қылпылдап, Оспанды тағы да жылыдай қолға алды. С.Омар. * Бір сәтте қара болат жарқылындай екі арада қуқыл сәуле тартылды. Қарауға кісінің дәті шыдамайтын осы жиренішті қара жарқыл ұстараның жүзіндей қылпылдайды. Бұл ажал нышаны. Т.Ахт. Енді ол жауынгерлердің халін ойлады. Қазір олар да ұстараның жүзіндей қылпылдаған толқымалы күйде тұр. Демеу керек. Т.Ахт. Күйеу жігіттері өңкей «мен атайын, сен тұр» дейтін ығай мен сығай. Шетінен ұстараның жүзіндейқылпылдаған жастар. С.Жүн.

Posted in

ҰТЫМДЫ СӨЗ

~ Мұндайда әрқайсысы өткір сөзбен, оңтайлы әзілмен, ойнақы қылықпен, жарқын күлкімен көрінгісі келеді ғой. Күйеу баланы жан- жақты сынап, биігін білгісі келгендер жағалай ұтымды сөз айтуға тырысады. Б.Мом.

Posted in

ҰШПАҚҚА ШЫҒАРДЫ (ЖЕТКІЗДІ, ЖЕТТІ)

~ Соншама көп бала асырағанда, ұшпаққа шығарады деп ойлайсыз ба? О.Сәрс. ~ Бұл жеңіс те ойраттың күйеу баласын ұшпаққа жеткізбейді. Әскері аштыққа ұшырап, Құбылайдың қоршауында қалады. Үлкен ағасынан кешу өтінеді. Ол бұл аралықта Атбасыдағы (Атбашы, Ыстықкөлдің жағасы) ордасында бас сауғалайды. Т.Жұрт. ~ Маған бәрінен де жалпақ қайыс белдігі ұнады. Кейін сол белдікті Өскенбай маған сыйлағанда, төбем көкке жетіп, ұшпаққа бір жеткенім-ай! Ш.Мұр. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Қалың қазақты оятамыз, есесін әпереміз деп дүрлігіп жүрген демократ сөзінің сиқы осы! Үкімет қызметін атқарып жүрген зиялы қазақтың көзін тұздай құртса қай қазақты ұшпаққа жеткізем дейді екен күпсінген төре. Ә.Ізб. ~ Өмі- рімнің өрлерін бүтіндей оқуға, білім алуға бағыштамақ едім. Қысқа жіп күрмеуге келмеді. Қырсықтың құрығы үзілмеді. «Міне, бақыт ұшпағына шығарар баспалдақ», — деп кім ұсынар алдыңнан игілікті. О.Бөк. ~ Қайран қорғасынды арқардың ерулік жеген лағына қор қылғанша, бізбен бірге азамат атысып, азамат асысып рахатләззаттың ұшпағына шықпаған аңғалсың-ау. А.Сүл.

Posted in

ҰТЫРЛЫ СӘТ

* Аудандық газетке журналистер ылғи да жетпейді; сондай бір ұтырлы сәтті пайдаланып әдебиет пәнінің мұғалімі Ысқақты аудандық партия комитетінің үшінші секретарына кіріп, тілшілікке ұсынып жіберіпті. М.Сүн.

Posted in

ҰШТЫ-КҮЙДІ (ҰШТЫ-КҮЙЛІ) ЖОҒАЛДЫ (ЖОҒАЛЫП КЕТТІ, ЖОҚ)

Оқыстан жоқ болды, зым-зия құрып кетті, қас пен көздің арасында жоқ болды. ~ Бір күні сол көк сиыр ұшты-күйді жоғалды да кетті. Кешінде Жанымхан жылап-еңіреп жетті үйге. Гуртоправ өзін қамшымен бір-екі ұшындырып та алса керек. Солқ-солқ етеді. Қ.Ысқ. ~ Айтжан «жазылдым» деп шығып кеткен. Содан бері он күндей уақыт өтті, ұшты-күйді жоқ. Б.Тоғ. ~ Бірақ қанша іздесем де, Ойлекеңнің сол қобызы қолыма түспей, ұшты-күйлі жоғалды. О.Сәрс. ~ Оған жанындай жақсы көретін ұлының ұшты-күйлі жоғалып кетуін естірту оңай болып па? С.Мұқ. ~ Бір күні сол көк сиыр ұшты-күйді жоғалды да кетті. Кешінде Жанымхан жылап-еңіреп жетті үйге. Қ.Ысқ. ~ Айтжан «жазылдым» деп шығып кеткен. Содан бері он күндей уақыт өтті, ұшты-күйді жоқ. Б.Тоғ. ҰШТЫҒЫ ТҮГІЛ ПҰШТЫҒЫ ДА ЖОҚ

Posted in

ҰТЫРЛЫ СӨЗ (ЖАУАП)

Ұтымды, дәлелді пікір. ~ Ұтымды сөзге жетпесе, ұтырлы іске өтпесе, бөдене бүрген күй болар. Қылышыңнан қан тамса, ақша беттен әр қашар, ойлаймысың, ей, ханым?! С.См. ~ … ішей әзірленіп келген Нартуғанның аузына ұтырлы сөз түспей, әуелі қара сырнайын қиқылдатып ұзақ отырып алсын. О.Сәрс. ~ От тілді, орақ ауызды ожар қатын жым болды. Осыдан соң кім де болса Ақбөбектен аяғын тарта сөйлейтін болды. Ақбөбектің азулы қатынға қайтарған ұтырлы жауабы Айсұлудың айызын қандырған. Ү.Жәл.