Аянышты халге түсу туралы. ~ Неғып көкке қарап қалшиып тұрсың ұлыған иттей. Тамағыңды іш, әрі! – деген Әйелінің даусы шыққанда ғана, үйге беттеді. О.Бөк. ~ Ендеше, екеуіміздің біріміз ғана қалармыз бұл қалада. Сені Шәуешектен ұлыған иттей қып, көк тиынсыз қуып тастамасам, мен де әкем Мұзаппардан тумай кетейін, — дейді егескенде екеу болып кететін Ыбырай. Қ.Жұм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰРАНҒА ҮН ҚОСТЫ
~ Біздің араның аспанына бұлт үйірілудің қызық бір бейнесі бар: күндіз айнадай жарқыраған ап-ашық аспанға, ойда жоқта, үлкендігі тоқымдай ғана аппақ бұлт пайда болатын да, біртіндеп қоңырлана бастаған ол, бірте-бірте үлкейе беретін; сол бір шақта, сол бұлттың ұранына үн қосқандай, көкжиектің әр тұсына қылтия қалған кішкене көлемді ақша бұлттардың бәрі, әлгі қоңыр бұлтқа беттей көшіп, лезде бәрі тұтасатын да, аспанды тұтасымен бүркейтін де кететін… С.Мұқ.
ҰЛЫҚҚАН (ЫЛЫҚҚАН) ИТШЕ (АРЛАНША)
Ынсапсыздық, тойымсыздық хақында. ~ Боқ жеген аузын жаласып, Ұлыққан иттей күйлесе. Түзеттік деп өмірін, Бұзғанын өзі түймесе Тамаша етсем көмірін, Өртенсін деп күймесе. Шәкәрім.~ Басқалардың бәрі, яғни біз,— дейтін Құрамыс, Шұбарбайталдың аузынан, жырадан, Омарбек бастағандары оң жағалауынан, Саматай бастағандары сол жағалауынан ұлыққан итше шұбап шықтық. Б.Қыд. ~ Сол кіргеннен мол кіріп, онымен екі күннің бірінде кездесіп, өмірлік жар таңдауға мұршасы келмей, ұлыққан арланша әуейіленді де жүрді. АҚ. "Әкем болса…" ~ Осылайша, қырдың қасқыры мен ойдың шие бөрісі ұлып табысып, ылыққан итше үйірімен бірге аттаныпты. Қ.Жұм.
ҰРҒАН САЙЫН БОРСЫҚША СЕМІРДІ
Басына қандай қиындық түссе де, жасымайды, қайта бұрынғыдан бетер оңала түседі д.м. * … Ол — бір сынап. Оның өтірігіне найза бойламайды. Ол бір — су; орысшаға да, қазақшаға да бірдей. Ол талай қызды алып қашқан, талайды тастаған; қатын алу, тастау оған тымақ ауыстырып кигенмен бір есеп. Оның басына қандай тас тисе де, бір қайтпайды; ұрған сайын борсықша семіреді. Ж.Айм. * Мешелдің бойы таяқтан өспей қалды ма, борсықша ұрған сайын семіретін рухани мешелдік соның зардабы еді. Қ.Ысқ.
ҰЛЫН ОЙҒА, ҚЫЗЫН ҚЫРҒА БЕЗДІРДІ
Бала-шағасын тентіретті. ~ — Тізе жылытам деп желігіп жас қатынға үйленді, өгей шеше әперіп, ұлын ойға, қызын қырға бездіріп жіберді. Бар бәле осы қарағымның өзінен, — деді Қалиасқар. — Қылдан қиқым іздемей тыныш отыр! — деп Қаншайым шалының әзілін жақтырмай қалды. З.Қаб.
ҰЛЫН ҰЯҒА, ҚЫЗЫН ҚИЯҒА ҚОНДЫРДЫ
Ұлын үйлендіріп, қызын тұрмысқа беріп, құтты орындарына қондырды. ~ Сол Әлкен қазір ұлын- ұяға, қызын қияға қондырған. Балалардың бәрі сыртта, баяғы кеңшар салып берген «шпал» үйде кемпірі екеуі ғана тұрып жатыр. Ж.Сүл. ~ Кезінде үлгілі ұстаз, маңдай алды мұғалима болған Күләш марқұм ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, бәрінен де немере сүйіп, жан жары көрмей кеткен қызыққа шүйгіп, Мұсаханнан отыз алты жыл кейін өмірден озды. С.Ақт. ~ Елім-жерім деген заматтарымыз, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған текті әулеттерден уызынан жарып, ізгілікті тәрбие алған мерейлі отбасылар қаншама! БАҚ ~ Ұмытхан әже бүгінде үлкен әулеттің ақылшысы, бет түзер құбыласына айналған. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ана бұл күнге жету оңай болмады дейді. БАҚ.
ҰМЫТ БОЛДЫ
Естен мүлде шықты. * Көкіректі кернеген мұң-наласы да, жүрек жарды қуаныш та тек уақыт әуенімен біртіндеп алыстап, ескіре бастайды екен; Мүлде ұмыт болу дегеннің, мүмкін, хайуанаттарда ғана кезігер. Е.Мұх. * … арадан басқа біреулер қара мысық боп жүріп өтті ме, "жүгері мәселесі" ұмыт болса да, … оң қабағын онша бере қойған емес. Т.Ахт.
ҰНДАЙ ИЛЕДІ
Айтқанына көндіріп алды, қалауынша биледі. ~ Қу мен сұм биледі Берекелі байымды, Бәрімізді ұндай иледі, Сіңіртпей ішкен шайымды. Күйдірген соң шыдатпай, Көре тұрып жайынды, Кім айтады, мен айтпай, Сендерге енді уайымды?! Шәкәрім.
ҰНЖЫРҒАСЫ ТҮСТІ
Көңілі болмады, көңіліне қаяу түсті. * Енді не қылу керек? Амал құриды. Соқыр иықтап қалмады. Додайдың ұнжырғасы түсті: Ағатай- ау, шөпті бітіргенше аялдасайшы! .. — деп жалынғаннан басқа айтары болмады. Ж.Айм. * Ұнжырғасы түскен Қисықмойын қайтып келгенде, үйінде отырған құдайы қонақты көрді. Т.Әлімқ. * Қараштың мына кейпін көрген соң, әлде өткен жолы беті қайтып қалған ба, ұнжырғасы түсіп кетті. Қ.Жұм. * — Мен… мен Василий Сергеевичтің пәтерін жалдап… Сонда тұрам, — деген Балтаның көзі жыпылықтап, мынандай сұлу періштенің алдында өзінің әлдебір пәтерші ғана болғанына кінәлі жандай ұнжырғасы түсіп кетті. С.Смат. * Қабатов қағытқан ұландықтардың ұнжырғасы неге түсіп жүр? БАҚ
ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ
Есебі дұрыс, өз есебі өзінде; ештеңеге алаңдамаса да болады д.м. * Шипасын салып Балайым бас көтерер, от басы аман болса, отағасының ұпайы түгел. С.Смат. * – Қазірет қалай, жүріп жатыр ма? — деді ол мешіт жақты иегімен нұсқап. – Е, ол кісінің ұпайы түгел ғой. Қазір бір «аллауакбары» бір қой боп маңырап тұрған жоқ па, — деп Бабалық қулана күлді. Қ.Қаб. * Енді аспандағы алтын жұлдызды колға бір қондырса, Жәкеңнің ұпайы түгелденеді. Қ.Жұм.
