Posted in

ҰЙҚЫ БУДЫ

Қатты шаршап, көзіне ұйқы ұялады; ұйқы қысты. * Еламан жаңа әлде жастыққа басы тисе ұйықтап кететін-дей көріп еді. Ой қажытып қатты қалжыратты ма, ұйқы буып жатып та ұйықтай алмады. Ә.Нұрп. * Көзі бір ашылып, бір жұмылып ұйқы буып маужырап отырған екінші жолаушы селк етіп, басын тұмшалап алған қасқыр ішіктің жағасын ашып жіберді. С.Жүн.

Posted in

ҰЙҚЫ ҚҰШАҒЫНДА

Тәттә ұйқыға берілу туралы. ~ Бірақ мұны Шарапаттың естімегені айдан-анық. Ол өлі ұйқы құшағында еді. Т.Әлж. ~ Ботабек азаннан тұрып, тәтті ұйқы құшағындағы Мұңлықты оятпай, есікті жаймен ғана жауып, жұмысына тартқан. Н.Сер.~ Тәтті бір құмарлық алпыс екі тамырға жайылып, алды-артына қаратпай дуылдатып ала жөнелсін. Томпиып ұйқы құшағында жатқан Мәдеміге қарай аударылып түсіп, жұп-жұмыр қос анарға тұмсық тақап еді, сүт иісі бұрқырап қоя берді. Н.Сам.

Posted in

ҰЙҚЫ ҚЫСТЫ

Ұйықтағысы келді, көзіне ұйқы тығылды. ~ Ауыз бөлмеде Бауыржанның атқосшысы. Николай Синченко үстел жасап, бес кісіге дәм әзірлеп отыр екен. Ұйқы қысып келе жатқан мен еденге жантая кетіп едім, Синченко иығымнан жұлқылады. Ә.Нұрш. * Ауылға жеткіміз келіп, түнімен қонбай жүрдік. Таң алдында бәрімізді ұйқы қысты. Сонда ұйқы ашар болсын деп ән салғанмын. А.Өтег. ~ Күн шыға шөпке жабысқан боз қырау еріп жылт-жылт етіп ат шашасын жуа бастады. Сәскеге таман бірырғақ жүрістен Хансұлуды ұйқы қыса бастады. С,Ел.

Posted in

ҰЙҚЫ МЕҢДЕДІ

Қатты ұйқысы келді. ~ Ғұмыры ел құсап салған төсекке жатқанды білмейді. Түннін бір уағына дейін ұршық созып отырады да, әбден ұйқы меңдеген соң құлай кетеді. Ә.Кек.~ Тылсым тыныштық орнады. Бәрі шаршаған, бәрін ұйқы меңдеген сияқты. Н.Дәу. ~ Іргесінде албырап, таң алындағы тәтті ұйқы меңдеп, түшіркеніп- ақ жатқан әйеліне осы ғажайыпты айтпақ боп бұрылайын деп еді, шегелеп тастағандай аунай алмады. О.Бөк.

Posted in

ҰЙҚЫҒА БАС ҚОЙДЫ

Көзі ілініп кетті. ~ — Әбден қартайған. Көпірден бері өтуге де ерінеді. Киіз үйдің іргесіне жете бере тағы да ұйқыға бас қойған шығар,- деп күбірледі. Ә.Әл. * Бала кезде атасының ертегін тыңдап жатып, ұйқыға бас қоюшы еді. Атасы ертек айтпаса ұйықтай алмайтын. Е.Бақ. ~ Ай әлі тумаған. Сары күздің май тоңғысыз түні. Қоянсүйек бұталары арасына кіріп іркілген ауыл жұрты бұ кезде ұйқыға бас қойган. С,Ел.

Posted in

ҰЙҚЫҒА ШОМДЫ

Қалың ұйқыға кетті. ~ Ыстық өткен, жол соққан жүргіншілер — бір жағынан аштықтан бұралып қызыл іңірден ұйқыға шомды. Біреулері ұйқысырап: «апырым-ай, апырым-ай!.. Өлтірер ме екен?» деп, үрейленген күйі басын көтеріп алады. Б.Майл. ~ . Екеуі бұйығып, біріне бірі тығыла түсіп, бірін-бірі құшақтап, бірінің демі екіншісін жылытып, жұбатып, тербетіп, ұйқыға шомдырды. Б.Майл. ~ Тамақ ішілуі-ақ мұң екен, таң атқалы тізе бүгіп дамыл алмаған жалшылар, тоңдарына орала түсіп, ұйқыға шомды.Б.Майл.

Posted in

ҰЗЫНДА КЕГІ, ҚЫСҚАДА ӨШІ БАР

Ала алмай жүрген ақысы, артқан өкпесі бар. ~ Малайлықта жүрген жалшы-жақыбайлар бай малының мұрнынан тізіп жетелеп, қарық болып қалды. Ұзыннан кегі, қысқадан өші бар кедейлер бай малына құрықты аямай-ақ салды. С.Жүн. ~ Менікі оның кез келген жерге қолсұққанына көнбеймін дегендік қой. Болмаса онда ұзында кегім, қысқада өшім бар ма? Б.Алд.

Posted in

ҰЗЫНДА ӨШІ (ӨШТІГІ), ҚЫСҚАДА КЕГІ (КЕКТІГІ)

Біреуде кеткен ақысы; ішін өртеген өшпенділігі бар д.м. * Ақымақ болмаса қаншалықты ұзында өші, қысқада кегі бар ала алмай жүрген? Ғ.Біл. * … жаралы жолбарыстай жиырылып, «ұзында өшін, қысқада кегін» кімнен аларын білмей, сол бір аласапыран кезеңде біресе іштен, біресе сырттан жау іздеген елді аман қалдыру қиынның қиыны болатын. Ж.Түйм. * «Қу жалғыз маған енді жоқ. Ұзында өштігі, қысқада кектігі жоқ ағайынның қысқа күнде қырық рет қырқысар есерлігі үшін сабақ болсын, қанға — қан! К.Сег. ~ Еркенің көлденең аққан суын шаба ма? Жағасындағы ағашын шаба ма? Ұзында өшті, қысқада кекті қадаған жауын шабады. Жауы кім? — Сені мен мен. М.Әу. ~ Ашуы да тез. Ұзында өші, қысқада кегі жоқ жас қызметкеріне жаңа орынсыз шүйілді. М.Қаб. ~ Елмісің, жаумысың?! Жусап жатқан жылқымды бөле қуардай ұзында өштігің, қысқада кектігің бар ма еді? Айт қане! К.Сег. ~ Жеткен бойда тордың шырма-шату шарбағынан қос қолдап ұстай алды да, көтере беріп, ұзыннан өші, қысқадан кегі кеткендей столға түбінен түйіп қалды. М.Қаб. ~ — Ойбүй, қараұл-ай, аңқаусың-ау! Қасқырдың сыры алласына мәлім. Нысаннан жай кетсең қайтеді. — Оның менде ұзыннан өші, қысқадан кегі бар ма. Ит үреді, керуен көшеді. Қояды да жалығып. Ө.Кәр.

Posted in

ҰЗЫНДЫ КҮРМЕП, ҚЫСҚАНЫ ЖАЛҒАДЫ

Қолынан келгенді істеді, өйтіп-бүйтіп, амалын жасады. ~ Шешесі бұл уақытта ауыз жапқан жоқ. Кебісінің өкшесі тырп-тырп етіп, бір кіреді, бір шығады. Сөзді үстемелей төгеді. — Мына шағыл жұтпаса біз, мен кімге керекпін? Бес жылдан кейін келсең де, осы жерде түтін түтетіп, қоқып-соқып отыра берем. А-аа? Бес жыл дедім бе? Астағыпіралла, ауызыма қайдағы сөз қайдан түседі? Хат жазсаң, сүгіретіңді салып тұр. Сөйт, қағазыңды оқи алмағанмен сүгіретіңді танимыз ғой. Ж.Нәж.