Posted in

ҰЗЫН СОНАРҒА ТҮСТІ (САЛДЫ, АЙНАЛДЫ)

Алысқа созды, бітпес кепті бастады. * – Бөрібай Ержанға ұйықта десе де әңгімеге құмартқан түрі бар, ұзын сонарға түсіп барады. Т.Ахт. * Яғни мыңдаған ұп-ұсақ тамырлары ісінген. Тегеш сол себепті кептеліп қалған. Яғни…- деп ұзын сонарға салады. Тегі, аткөпір білімін қайда жұмсарын білмей жүрген жас дәрігерге ұқсайды. М.Қаб. * Қабдолладан басталған әңгіме ұзақ сонарға айналып бара жатқасын соны тақырыпқа аударып жібердім. С.Омар. * — Ұзын сонарға салып еді, мұндай ұсақ-түйек кикілжіңнен әбден ығыр болған майор Бакин: — Пәтерді әйеліңіз іздейді. Сіз келгенше жоражолдастарыңыздың үйін паналай тұрады,— деп, төте тартты. М.Қаб.

Posted in

ҰЗЫН СӨЗДІҢ ҚЫСҚАСЫ

Тоқ етерін айтқанда. ~ Ұзын сөздің қысқасы, ақырында Жамал Ғалидың жазған сөздерін қабыл алып, қарсы жауап та жазып, ертеңінде манағы жігітке тапсырды. М.Дул. ~ О, тоба… – Әйел жағасын ұстады. – Бұ қай сөзің? – Ұзын сөздің қысқасы, қызың Қожаниязға көнбесе, Қарағандыға кеткені кеткен. Н.Дәут. ~ Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, жігітке жұтаң соғыс кезіндегі ауылда өсіп, сұрапыл шақта бозбаламен қатар тұруға үйренбегендіктен және олардын қыз алдында өздерін қалай ұстайтындықтарын көрмегендіктен бе… Ә.Нұрш.

Posted in

ҰЗЫН СӨЗДІҢ ЫРҒАСЫ (ҰРҒАСЫ)

Көп сөздің мағынасы, түйіні. ~ Ұзын-сөздің ырғасы, мына әңгімеден кейін келіншек барын алып, артығын бөктеріп, төркініне кетіп қалады. Н.Дәут. ~ Балам, жасым болса келіп қалды,- деп Байбосын ұзын сөздің ұрғасын әдеттегі белгілі сылтаудан бастады. С.Жүн.

Posted in

ЫСТЫҚ ОТТАЙ ШАРПЫДЫ

Тұла бойын ерекше әсерлі сезім билеп алды. * Түнде көзім ілінгенше Тайпақтағы уақиғалар тізбектеліп қайта¬ланып жатқаны. Гүлзина, шын мәнінде, менің өмірімдегі ең жарқын оқиға болды. Жарқырап шыққан күн секілді көз шағылдырды, ыстық оттай бар денем¬ді шарпып өтті. Ә.Асқар.

Posted in

ЫСТЫҚ СЕЗІМ

~ Қалайда көңілге алаң кіріп, ұмытылуға қараған баяғыдағы бір ыстық сезім бір төңкеріліп аунап түскен-ді. Ә.Нұрп. ~ Әке-шешемізден ертегілерге елітіп, Абайды таныған соң ғана ұлт әдебиетіне деген ыстық сезім ояна бастады. Ж.Шәк. ~ Бір-біріне ұмтылған қос жалындай шарпысып суық дүниені ыстық сезімдерімен күйдіріп, жандырып, буы бұрқырап жатты екеуінің… С.Ел.

Posted in

ЫСТЫҚ СӘЛЕМ

~ Нәзік саусақтары сынып кетердей майысып, қаршадай күнінде сағынышқа толы ыстық сәлем жолдаған Санатым менің! Ж.Шағ. ~ Қасиетті халқымның алғыс – батасы ма екен осы лебіз?! Арғы – бергіден шетінемей, селкеулемей түйдек– түйдек жеткен ел құдіреті, ыстық сәлемі де ме екен?! С.См.

Posted in

ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС

Айналып-толғанып жүр. Осы кісілердің ыстық ықыласы ма Қымбаттың жолы ашылып, маңдайы жарқырапсол замандағы ең керемет оқу орны – Қарағанды кооперативтік институтына түсті де кетті. С.Досж. Остап келіншектен мұндай ыстық ықылас күтпеген, кәдімгідей көңіл түкпірі жылып сала берді. М.Сүн.* Бұлардың Отанға деген пәк махаббаты мен ыстық ықыласының бетін қайтарып, жігерін құм қылғаннан не пайда табам? Ш.Айт. Осы бір тазалық жас қыздың балапан жүрегін шымырлатып, оған деген ыстық ықыласын тасытыпкеткенде болды. Д.Исаб.

Posted in

ЫСТЫҚТЫ-СУЫҚТЫ БОЛДЫ

1. Денесі біресе ысып, біресе суып, мазасы кетті. 2. Бірде ыстық, бірде суық, ыстық-суығы аралас. * Өне бойым шымырлап, ыстықты-суықты боп кетті. Не айтарымды білмедім. Ішімнен: «Ендеше, жаның шықсын, ендеше, жаның шықсын»— дей бердім. М.Дәулетб. Бір тойда үш рет шапса, сонан соң 4 сағаттай жем-су берген жөн. Осыны жасамаған адам атын аяқтанқалдырады. Ыстықты-суықты етпей суыту керек. БАҚ. Шикілі-пісілі, ыстықты-суықты, қоюлы-сұйықты азығын арқалап жүргендер – жолына, өзіне сенбейтінсенделмелер. Ондайлардың жолы болмақ та емес К.Сег.

Posted in

ЫТЫ КЕЛДІ

~ Бұл әңгімеге хазірет те құлақтас болғаны теріс емес. Мейлі дүние өртене берсін. Нәзипаны иықтап алуға ыты келген жер осы. Енді мұның ізін суытпау керек. Түтінін түтініне қосып қалайық — еді. І.Жанс.

Posted in

ЫШҚЫРЫ БОС

Нәпсінің құлы, жеңілтек. * Соның қолымен от көсейді. Екеуі ежелден әмпәй, жең ұшынан жалғасып, бір-бірінің қажетіне жарап келеді. Бір бақталасының ышқыры бос еді, алдынан ұрғашы торғайды көлденең ұшырмайтын сайыпқыран. Т.Сәу. * Бір бақталасының ышқыры бос еді, алдынан ұрғашы торғайды көлденең ұшырмайтын сайыпқыран. Т.Сәук. * — Аһ, шалава, салдақы… графиничкалардың сырын білеміз, шетінен ышқыры бос келеді. Т.Сәук. ~ Жора-жолдас көбейеді. Жақсы ыдыс-аяқ, киім-кешек, үй мүліктеріне қолдары жетпей жүрген, әсіресе әйелдер жағы төңірегіне қатты үйіріледі. Солардың ішіндегі ышқыры бостармен ауызданады. Әккіленеді. Ө.Ахм. ~ Етегі ашық, ешкімнің көңілін қалдырмайтын ышқыры бос қыз көрінеді. Сол көңілшектігінен ғой, «Сәмет досыңмен таныстыр, мен оған ғашықпын» деп, маған өз аузынан айтуы. АҚ "Әкем болса-ғой…"