Posted in

ЫСТЫҚ СЕЗІМ

~ Қалайда көңілге алаң кіріп, ұмытылуға қараған баяғыдағы бір ыстық сезім бір төңкеріліп аунап түскен-ді. Ә.Нұрп. ~ Әке-шешемізден ертегілерге елітіп, Абайды таныған соң ғана ұлт әдебиетіне деген ыстық сезім ояна бастады. Ж.Шәк. ~ Бір-біріне ұмтылған қос жалындай шарпысып суық дүниені ыстық сезімдерімен күйдіріп, жандырып, буы бұрқырап жатты екеуінің… С.Ел.

Posted in

ЫСТЫҚ СӘЛЕМ

~ Нәзік саусақтары сынып кетердей майысып, қаршадай күнінде сағынышқа толы ыстық сәлем жолдаған Санатым менің! Ж.Шағ. ~ Қасиетті халқымның алғыс – батасы ма екен осы лебіз?! Арғы – бергіден шетінемей, селкеулемей түйдек– түйдек жеткен ел құдіреті, ыстық сәлемі де ме екен?! С.См.

Posted in

ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС

Айналып-толғанып жүр. Осы кісілердің ыстық ықыласы ма Қымбаттың жолы ашылып, маңдайы жарқырапсол замандағы ең керемет оқу орны – Қарағанды кооперативтік институтына түсті де кетті. С.Досж. Остап келіншектен мұндай ыстық ықылас күтпеген, кәдімгідей көңіл түкпірі жылып сала берді. М.Сүн.* Бұлардың Отанға деген пәк махаббаты мен ыстық ықыласының бетін қайтарып, жігерін құм қылғаннан не пайда табам? Ш.Айт. Осы бір тазалық жас қыздың балапан жүрегін шымырлатып, оған деген ыстық ықыласын тасытыпкеткенде болды. Д.Исаб.

Posted in

ЫСТЫҚТЫ-СУЫҚТЫ БОЛДЫ

1. Денесі біресе ысып, біресе суып, мазасы кетті. 2. Бірде ыстық, бірде суық, ыстық-суығы аралас. * Өне бойым шымырлап, ыстықты-суықты боп кетті. Не айтарымды білмедім. Ішімнен: «Ендеше, жаның шықсын, ендеше, жаның шықсын»— дей бердім. М.Дәулетб. Бір тойда үш рет шапса, сонан соң 4 сағаттай жем-су берген жөн. Осыны жасамаған адам атын аяқтанқалдырады. Ыстықты-суықты етпей суыту керек. БАҚ. Шикілі-пісілі, ыстықты-суықты, қоюлы-сұйықты азығын арқалап жүргендер – жолына, өзіне сенбейтінсенделмелер. Ондайлардың жолы болмақ та емес К.Сег.

Posted in

ЫТЫ КЕЛДІ

~ Бұл әңгімеге хазірет те құлақтас болғаны теріс емес. Мейлі дүние өртене берсін. Нәзипаны иықтап алуға ыты келген жер осы. Енді мұның ізін суытпау керек. Түтінін түтініне қосып қалайық — еді. І.Жанс.

Posted in

ЫШҚЫРЫ БОС

Нәпсінің құлы, жеңілтек. * Соның қолымен от көсейді. Екеуі ежелден әмпәй, жең ұшынан жалғасып, бір-бірінің қажетіне жарап келеді. Бір бақталасының ышқыры бос еді, алдынан ұрғашы торғайды көлденең ұшырмайтын сайыпқыран. Т.Сәу. * Бір бақталасының ышқыры бос еді, алдынан ұрғашы торғайды көлденең ұшырмайтын сайыпқыран. Т.Сәук. * — Аһ, шалава, салдақы… графиничкалардың сырын білеміз, шетінен ышқыры бос келеді. Т.Сәук. ~ Жора-жолдас көбейеді. Жақсы ыдыс-аяқ, киім-кешек, үй мүліктеріне қолдары жетпей жүрген, әсіресе әйелдер жағы төңірегіне қатты үйіріледі. Солардың ішіндегі ышқыры бостармен ауызданады. Әккіленеді. Ө.Ахм. ~ Етегі ашық, ешкімнің көңілін қалдырмайтын ышқыры бос қыз көрінеді. Сол көңілшектігінен ғой, «Сәмет досыңмен таныстыр, мен оған ғашықпын» деп, маған өз аузынан айтуы. АҚ "Әкем болса-ғой…"

Posted in

ҰЗАҒЫНАН СҮЙІНДІРСІН!

Қуанышың ұзаққа созылсын, жалғасын тапсын д.м. тілек. * – Балаңды құтты орнына қондырып қайттың ба, шырағым, ұзағынан сүйіндірсін! Ж.Нәж. * Үзілісте лезде-ақ қоршалып қалдым. Жырқ-жырқ күлкі. Жымыраң-жымыраң жүздер. — Уа, ұзағынан сүйіндірсін! — ЗАГС, әрине, құрметті мекеме. М.Қаб. * — Мінеки, енді сіздер де қолдарыңызды жылы суға малып отыратын болдыңыздар. Ұзағынан сүйіндірсін! Ж.Шағ.

Posted in

ҰЗАҚ (ҰЗЫН) СОНАРҒА САЛДЫ (ТҮСТІ)

Не болса соны айтып, әңгімесін соза берді. ~ Ерке тоқал билікке араласады. Тоқал олжа түсірсе, милығынан күледі де отыра береді: – Өй, сен ұзақ сонарға салдың ғой. Айтатын болсаң, айтсайшы, әйтпесе жатамын, – деп Кетік қисая кетті. Б.Май. ~ Мырзалық, Құлшарып деген жігіттеріміз бар. Тағы басқа да білетіндер табылар, — деп Тоғызбай отағасы ұзақ сонарға салды. Б.Майл. ~ Содан әңгімесінің тағы жібі босап: — белім кеше қасқыр аттап бастырмай шойырылып қалып еді… Соған қарамастан шапқаным… Тақ екі қасқыр базға түсе ғапты, түге, — деп сөзін тағы ұзақ сонарға сала берді. Мезгілі өтіп барады. М.Әу. * – Біздің орыс деп жүргеніміз ұлы орыс, кіші орыс болып бөлінеді, – деп, арба үстінде қайта-қайта ырғалып, құрысқан денесін жазып алған тоқпақтай Мәмбетәлі енді ұзақ сонарға түсті. С.Жүн. * Көпе-көрнеу отырып, үндемей қалсақ, ертең құдай алдында күнаһар болармыз,— деп Шәміл де ұзақ сонарға түсті. С.Жүн. ~ Қабдолладан басталған әңгіме ұзақ сонарға айналып бара жатқасын соны тақырыпқа аударып жібердім. С.Ом. ~ Сіз ұрысқан соң сыпырып алмақ болды, оның сәті түспеген соң ызаланды. Яғни мыңдаған ұп-ұсақ тамырлары ісінген. Тегеш сол себепті кептеліп қалған. Яғни…- деп ұзын сонарға салады. М.Қаб.

Posted in

ҰЗАҚ ЖАСАДЫ

Өмірі ғұмырлы болды. ~ Соншама күнәға батып қалай өмір сүреді? – Жай ғана сүрмейді, ұзақ жасайды. Құрметті де көретін солар. Н.Дәу. ~ Өзара жамағайын, туыс, жекжат, әйтеуір, бір қарғатамырлы жұрат. Біз де. «Қарғатамырлы қазақпыз» дейміз. Сірә, қарғаның ұзақ жасайтынына қарап, тегіміз алыстан туысатынын меңзеп айтармыз… С.Сағ.

Posted in

ЫСТЫҚ КҮЛГЕ ОТЫРҒЫЗДЫ

Бұған ақыры ашынған көпшілік Тоқсановты келесі есеп беру-сайлау жиналысында креслосынан да,«Волгасынан» да сыпырып, ыстық күлге отырғызды! Ғ.Қаб. Тағдыр шіркін теріс айналмаса, бұрын талай күлегешті ыстық күлге отырғызған өзі емес пе еді? О.Сәрс.