Posted in

ОҢАЙ ОЛЖА ТАПТЫ

Жанын қинамай пайдаға батты. ~ Оңай олжа табуға да шебер ол, жоқтан сылтау тауып кім көрінгеннен қорқытып пара ала

береді. C.Мұқ. ~ — Әй, бәрін қойыңдар, қазақпыз ғой, сүйіншімді беріңдер. — Міне, сөз, оңай олжа табайын деген екенсің.

К.Жүн. ~ Ал, жеме-жемге келгенде, бәленің бәрін осы кісі болмаса, кім істейді?! Ол да оңай олжа тапқысы келуі мүмкін ғой.

Б.Ыб. ~ Мәз болады, масайрайды біреулер, Қызғаныштың қызыл отын жаққанға. Көйлегі көк олар көпті не қылсын, Көңілі

тоқ оңай олжа тапқанға. Н.Айт. ~ — Не болушы еді, мәлін қашып кетті. Егер жас болса, бұдан гөрі оңай олжаны қиналмай

тауып алмай ма? Б.Ыб.

Posted in

ОҢАЙ ОЛЖА КӨРДІ

Жеңіл қол жеткізуге болатын табысқа балады. ~ Жыртқыш империялардың бәрі де, ең ақыры, халқы бастығырылып, жұрты

жаппай қайыршылықта отырған жұпыны елдердің өзіндегі еті тірі алпауыттар осылай ойлай бастады. Әбден піскен, ауызға

түскелі тұрған оңай олжа көрген әркім-ақ. Бәрі де еншілі сыбағамыз деп білген. М.Мағ. ~ Жалғыз итті оңай олжа көріп келген

бөрілердің алғашқы шабуылы нәтижесіз аяқталды. М.Мағ.

Posted in

ОҢАЙ ОЛЖА ІЗДЕДІ

Жеңіл жол іздеді. ~ Әлгі данышпан оңай олжа іздеген еріншек жігітке былай деп кеңес беріпті. – Бай болу үшін көп еңбек ету

керек. БС «Ақылсыздың сазайы».

Posted in

ОҢАЙ ОЛЖА

Қиындықсыз, жан қинамай тапқан пайда. ~ Жалғыз үкімет болуға жалшылар аңын оятып, буржуазияның әсерінен

құтылдырып, үкіметке әзірлеу керек, оңай олжаға қызығу керек емес дейді. А.Байт. ~ Осының бәрін ауылдарыңа келіп,

сұрастыра жүріп, біліп алғанмын. Оңай олжа да, сұлу қыз да бір ауылдан табылғанына, шынымды айтсам, қатты қуандым.

Б.Ыб. ~ Олардың ендігі аңдығаны – оңай олжа, оңтайлы сәт… Б.Ыб. ~ Пайда, байлық, оңай олжа деп қорқаулардың үйiрiне

кiргенi рас. Ә.Ыб. ~ Рас, бұл қиынырақ. Инемен құдық қазу дегеніміз нақ осы шығар. Бірақ оңай олжаның қадірі бола ма? Н.Кел.

Posted in

ОҢАЙ (ОҢАЙҒА, ОСАЛ) СОҚПАДЫ

Оңай шаруа болмады, қиындығы көп болды. ~ Зарлық- тың қазасы бұған оңай соқпады. Күлмәшті бала қайғысы әкетті. Гүлзиді де көп көрді бұларға. Ө.Кәр. * Жұмыс ауыр. Бұрын мұндай жұмыс істемеген Қыдырбайға оңай соқпады. Д.Шалқ. ~ Бiрақ саңылау табу оңайға соқпады, терезенiң бәрi ұры кiрмеуi үшiн темiр тормен бiтелген. Ә.Ыб. ~ Жалма-жан бұтақтарды бар күшін сала сындыруға кірісті. Қолсозым жерде тұрған мәстекке жету оңайға соқпады. Б.Ыбыр. * Өтпелі кезең қиындығы да оған осал соқпады. Бүгінде сауығып, күш жинап, тірегі беріккен бұл сала дәйекті дамуымен дараланады. А.Несіпб.

Posted in

ОҢ ШЫРАЙ

Жақсы ықылас, жылы көңіл. * Қастарына Абай келіп сәлем бергенде, бұл үлкендер бұрынғыдай емес, оң шыраймен амандасты. М.Әу. * – Әй, сен ана Қаражанға сәлем айт! Аулына барған аш-арықты қыңратқымай оң шыраймен күтсін, құтырмасын!.. Ол әкелген мал жоқ! Көзін ашып қарасын! — деді. М.Әу. * Енді бірде шешіле сөйлеп, үй ішіне оң шырай беріп отырғанда, — Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. … деп табиғатында жоқ көнбіс мінез танытқан. А.Сейд. * Баяғыда, сендер жс шақта, Абай қалаға оқуға кетем дегенде: «Талабына тілек қос, тізгінін алмай, оң шырайыңмен ұзат. Білім іздеп барады. Адам болсам деп аттанып отыр. Ол сенің де, мына кішкентай күшіктеріңнің де ырысы» деген еді. М.Әу.

Posted in

ОҢ САПАР ТІЛЕДІ

Жолы сәтті болуын Алладан сұрап, дұға қылды. ~ Бүкіл әулие – әмбиелерге сыйынып, құдайға мінәжат қылып, оң сапар тіледі. Т.Әбд. ~ Қанипа сәл жүзін жылытып, маған оң сапар тіледі. С.Ом. ~ Ал Жәмила қанша қиналып тұрса да, қазақтың ежелгі қайғыға да, қасіретке де көнімпаз әйелдерінің сабырлы әдетіне салып үндемей қала берді. Ол күйеуіне шын жүректен оң сапар тіледі. І.Ес.

Posted in

ОҢ ПЕЙІЛ

Игі ниет, ақ көңіл. * — Шүкір ғой, — дей салды. Емексіген Жорғаға оң пейіл бермеді. Жорға Күрең езу күлкісін жимастан енді Бұлышқа бұрылды. С.Елу.

Posted in

ОҢ МЕН СОЛЫНА ҚАРАДЫ

Жан-жағына көз салды, жақсы мен жаманы ажыратты. ~ Бұрын бұл көк теңіздің қашағанын қуам деп таңның атысы, күннің батысы қызыл танау боп жүріп оң мен солына қарауға мұршасы болмапты. Ә.Нұрп.

Posted in

ОҢ МЕН СОЛЫН АЙЫРДЫ (ТАНЫДЫ, АЖЫРАТТЫ)

Жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажыратуға жарап қалды; есейді, көзі ашылды.* Мінез-құлық

түрлі-түрлі болғанымен, орыс Иван, украин Петро, татар Равиль бір мөлшерде ойлап, ұқсас тұратын, ұқсас жүретін. Тек университетте ғана оң мен солын айыра бастады. М.Қаб. * О-о, мынау алмағайып

ер-азаматтардың қабырғасы көк қамыстай майысқан қиын заманда ол есейiп, оң мен солын танығанша ,ер жеткенше қаншама уақыт пен төзiм керек десеңшi. Ж.Шағ. * Ғазиза осында келгелі сауатсыздықты жою мектебіне барып, көзі ашылып, кеудесі кеңіп, он мен солын ажырата бастаған. Б.Тоғ.