Posted in

МЫҚ ШЕГЕДЕЙ

Мықты, өткір, дәл. * Әділдік бірде болмаса, бірде өз тағына мық шегедей орнығады. Асылы өстіп келген беделдің мерейі үстем, мәртебесі биік. Қ.Жиенб. * Сол мінезінен де өрге баспай жүрген түрі бар. Біздің қайран Россияда мық шегедей қадалтып айтқан мығым пікірге қашан дес беріліп көріп еді. Ә.Кек. * Қақыратып қағатын мық шегедей Ұлы ұстазды іздейміз осындайда. Н.Оқпан. * Бірде бас редакторға бөлім меңгерушісі Шығыс Қазақстан облысынан жазылған мақаланы әкеліп береді. Шерхан Мұртаза оны оқып шығады. Сөзі – нық, ойы – мық шегедей. БАҚ. * Жазушы осы сапарға шықпас бұрын қайда баратынын анықтап алғанға ұқсайды. Өзіне сенімді. Батыл. Тілді беземейді, дәмді ойды көзейді. Айтқандары мық шегедей нақты. Қиялы ұшқыр. Қысқа жазып, көп айтады. Г.Барм.

Posted in

МҰТИҒЫ БОЛМАДЫ

Бас имеді. ~ — Сіздей ағаның құрметін тәрк етпес едім… Бұрын — соңды аузыма алған нәрсем емес:.. Құрметіңізге мұтиғы болмады деп сөкпеңіз. Өзіңіз-ақ алып қойыңыз… Ғ.Слан. ~ Қызыр сонда: – Не үшін мұтиғ болмайсың оған? – деді, Ол сізге Хақтан хабар берер, – деді БС («Ғазауат сұлтан»).

Posted in

МҰСЫЛМАН ТЫНЫШ, КӘПІР ТОҚ

О жақ та, бұ жақ та тыныш, қасқыр да тоқ, қой да аман. * Бұл жігіт туралы өсек сөзді көп естимін.

Тіл-ауызым тасқа. Аспан әлеміне тереңдеп үңіле бергенше — жерге, аяғының астына қарап отбасын құрап алса ғой… мұсылман тыныш, кәпір тоқ болар еді. Д.Дос.

Posted in

МҰРЫНДЫҚСЫЗ ӨГІЗДЕЙ

Баса-жаншып киіп-жару туралы. ~ «Теңіне тегін бер» деген, Қамар — Ахметке лайық, жұмыстарың болмасын…» деп, ұрсып-ұрсып әлгі мұрындықсыз өгіздерді де, у-шуға жиналған бала-шағаны да ыдыратып жіберді. С.Тор. ~ Ей, жігітім, қайда барасың кимелеп?! – Мұрындықсыз өгіз құсамай кезекке тұр, – деп кейбірі дөкірлеу үнмен иығынан жұлқып тастаған соң, шашлықхананың сыртқы есігіне барды. С.Жүн. ~ Сен мұрындықсыз өгіз құсап кимелеп келдің де, мәжілісіміздің шырқын бұздың. Е. Мырз.

Posted in

МҰРЫНДЫҚСЫЗ БҰҚАДАЙ

Баса-көктеу, жөнсіз кимелеу жөнінде. ~ — Мені тергейтін сен емессің, аш жаның барында. — Мұрындықсыз бұқадай, бұл кім өзі?—деді Қайыбек біле- тұра зіл тастап.— Е, өзіміздің тайынша бұқа екен ғой. Ә.Әб. ~ Мұндай кезде мұрындықсыз бұқаша кие жөнелетін Бөлекбас еді. Ол көзінің қырымен Сәулеге бір қарады да жым болды. Ә.Әб.

Posted in

МҰРЫНДЫҚ СӨЗ

Шешуші, жұрт құлақ асатын пікір. ~ Әскерлерге жүн қолғап, жылы киім әзірлеудің басында болуды колхоз басшылары менің анама тапсырушы еді. Заем түсер шақта жиналыста мұрындық сөзді анам айтатын. К.Қаз.

Posted in

МҰРЫНДЫҚ БОЛДЫ

Әлдебір іске басшылық етті, дәнекер болды, қозғау салды; себепкер болды. * … шектен асқан зұлымдық аса тегеурінді халықтар қарсылығын оятуға мұрындық болатынын шамалай алмаған. Ғ.Біл. * Мұндай елге мұрындық, басшы болып жүрген кісілер қазақ даласында емес көрінеді. Қ.Жұм. * Оған әу бастан мұрындық болған Дәстем сал Қарабасұлы мен оның шәкірті Дүйсен сері екенін осы күнгі оқырманның біле бермеуі мүмкін. Н.Әбут.

Posted in

МҰРЫНДЫҚ БЕРМЕДІ

Еркіне жібермеді, тыйып тастады. ~ Түпкі үйде дүрілдеген дауыс. Керілдескен адамдар бір-біріне мұрындық бермейді. Жақ-жақ болып айтысып, қызына-қызына сөйлескен үндері естіледі. І.Жан. ~ Біз жас шағымызда мұрындық беруге қорыққан сезімдеріміз бен жан арбар шақтарымызды үнемі еске алумен ғана бас қатырып отыратын кәрі қақсалдарға айналамыз. О.Уай.

Posted in

МҰРЫНҒА ҰРДЫ

Танауды жарып, лап қойған жағымсыз иіс туралы. ~ Аяздан iсiнiп жиегiн қырау әдiптеген ауыр ағаш есiктi ашып

қалғанда iштегi әртүрлi иiс ию-қию араласқан қапырық ауа, аузын жумаған адамның демiндей мүңк етiп мұрынға ұрды. Т.Сәу. ~ Мал қораға енгендей қидың иісі мүңк етіп мұрынға ұрды. Т.Сәу.