Posted in

МЫҢ БІТТІ

Молшылық дарыды. ~ Осы елде жеті атасынан бері бақ, дәулет арылмаған күшті атаның тұқымы Үкімбай деген жігіт бар– ды. Үкімбайдың өз әкесіне мың біткен, ағалары болыс болған. Бұл күнде дәулет қайтып, орташа ауқатқа қараса да, адамгершілік үзілген жоқ. Біреудің ақысын бұлар жемесе, кісіге ақысын жегізетін бұл тұқым емес. Ж.Айм.

Posted in

МЫҢ БІР МАШАҚАТ

Сансыз көп қиындық. ~ Оның астындағы ат кейде тірсегімен сүрдектеп, кейде шоңқайып қалып қайта түзеліп, төрт аяғы анда бір, мұнда бір тиіп, кейде теңселіп, кейде сенделектеп, мың бір машақатта әрең кетіп барады. Ж.Сәм. ~ Шындығында шетелдегі қазақтардың паспорт алып, Қазақстан шекарасынан аттағанға дейінгі қадамын мың бір машақат десек, елге келіп құжат жүзінде қатарға қосылуы да

қиямет-қайым болып тұр. Н.Нұрт.

Posted in

МЫҢ БАТПАН ЖҮК

Аса үлкен ауыртпалық, жауапкершілік. ~ Әлімханның қазандай басы төмен қарай алып түсіп, салбырап кетіпті. Әрқайсымыздың арқамызға мың батпан жүк артқандай зіл басып еңсемізді көтере алмай отырмыз. Қ.Ысқ. ~ Ақындықты қимай отырған жоқпын. Ақындық азапты жол. Басыңа мың батпан жүк артып аласың. Оған нәзiкжандының шыдамы жете бермейдi. Е.Рауш. ~ Ал өзімнің имандай ұғымым бойынша, Конституцияның әрбір сөзі, әрбір сөйлемі мың батпан жүк көтеріп тұрған, жауапкершілігі зілмауыр, қасиетті сөздер. Ш.Мұрт.

Posted in

МЫҢ АСҚАНҒА БІР ТОСҚАН

Кез-келген астамшылықтың шегі бар д.м. ~ Міне, бетіміз ашылды… Сенгеніңіз — Ши- амбы ғой. Ол да мәңгі тұрмас. Мың асқанға бір тосқан табылар. Қ.Жұм. ~ Жазықсыз төгiлген қан, қыршынынан қиылған жан үшiн өзiңмен салдым соңғы майданды. «Мың асқанға бiр тосқан!» Қане, қапы қалма! Шық былай! К.Сег.

Posted in

МЫНАУ ДЕГЕН

Сөз жетпестей керемет д.м. * Мынау деген күйеуің болады енді! – деді қарт қытай бақташы қызға. Г.Х.Анд. *

… оның ішінде мынау деген ақындардың басына да тән ортақ жай. БАҚ * «Бұрыннан сыралғы достар А. қаласындағы мынау деген мейрамханада кездесті» деп басталатын әңгіменің алғашқы жолына үңіле бердім. Д.Қуат

Posted in

МЫНА ҚЫЗЫҚТЫ ҚАРА

Әлдебір ерекше көрініске (жағдайға) біреудің көңілін аудару. ~ – Бәрекелде, мына қызықты қара! Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр! -деп тоқтай қалды да: — ойбай, жақсы болды! М.Әу. ~ Мына қызықты қарашы,– деді Бәйтен Оймауытты жеңінен ұстай тоқтатып. – Өткенде ауылдық кеңестің жиналысы тек Назардың құрметіне арналды… Т.Әбд. ~ – Мына қызықты қара! «Ой-бұй, мына сорлының сүті далаға ақты-ау», – деген бәйбішенің даусын естігенде домбыра бетін алақанымен баса қойған күйші «бұл күйдің аты «Нариген» деді. Ж.Баб. ~ Ол… мына қызықты қара… қызық па, қырсық… жо-жоқ, қырсық емес, оның беті ары, ол емес… бейнет шығар, иә, не қызық, не бейнет, екеуінің біреуі. Ғ.Қаб.

Posted in

МЫЛТЫҚ АУЗЫН ҚАНДАДЫ

«Қанды ауыз болсын» деп, мылтығының аузын атып алған аңының қанына малу ырымы. ~ – Мұның не? – деді Қойлыбай аң-таң болып, – Өзінің аузы кең екен. – Мұны «мылтық аузын жалату» дейді. Біздің аңшы аталарымыз аңға шығарда, егер кезіге қалса, мылтығының аузын жыланға жалатып алады екен. Сонда мылтықтың аузы улы болып, атқан аңы жалп ете түсетін көрінеді. «Мылтық аузын қандау» деген де бар. Аңшылар атқан аңының қанына мылтығының аузын жалатады. Қанды ауыз болсын деп. Ә.Қайр.

  1. Бір нәрсе атып алды. * Мылтығымыздың аузын қандап алсақ, күн қыза жас қуырдақ жеп бір-ақ тынығармыз

. БАҚ

Posted in

МЫЛТЫҒЫН МАЙЛАП, ОҒЫН САЙЛАП

Бес қаруын сайлады. * Киіз үйде мылтығын майлап, оғын сайлап отырған атаңның сенімді серігі түстікке бет түзеген тырналар керуені шаңырақтың тұсына келгенде, не сайтан түртті екен, алдыңғысын көздеп масаны басып қалады. Ы.Дәбей