Адамның жан дүниесін, ой-санасын қалыптастыратын, дамытатын материалдық емес құндылықтар. ~ Адамды сыпайылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу үшін салдардың бұл тіршілігінің әлеуметтік маңызы өте зор болған. Сол рухани азықты қартайған шағына дейін тапжылтпай ұстаған атақты серілердің бірі Жаяу Мұса еді. Ә.Марғ. ~ Мен тышқаншылап Мәскеудің архивін тіміскілеп жүрсем де рухани азықты келіп-кеткен ағаларым мен замандастарымнан таптым. Қ.Ысқ. ~ Кітапсыз, газетсіз жүре алмайды. Көлденең олжасын рухани азыққа жұмсайды. Ө.Кәр. ~ Біздің шешеміз өмір бойы әке өнегесін, өсиетін өзіне рухани азық қылумен жүрсе, мен әкемнің әңгімесін ести алмай, түр- түсін жөндеп тани алмай қалдым. Ү.Жәл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
РУХ КІРДІ
Жаңа тыныс алды; тіршілік нышаны байқалды. ~ Тойға жиналған жұрттың даң-дұңымен Танабай ауылына жаңадан рух кіріп, жаңа нұрланып, жанданып тұр. Ж.Айм.

РУХ БЕРДІ
Қолдады, шабыттандырды. ~ Расын айтсам… біз тас қамалдың ішінде абыржып не істерге білмей де қалып едік. Бірақ бізге Темекең рух берді. Ажалды қаймықпай қарсы алуға үлгі көрсетті. І.Ес. ~ Адам баласына Құдай рух беріп қана қоймай ерік бергенін ұқтық. Ерік — өз бетіңмен шешім қабылдау. С.Ел.

РИЯСЫЗ КӨҢІЛ
Қалтқысыз шынайы ниеттілік. ~ Дәл осы арада айтып. отырған жауларының кім екенін байыптай алмаған Күреңбай риясыз көңілден бір сөз айтып қалды. С.Ом. ~ Үй алдында тұрған жұрттың бәрі сол арада маған, Райхандай қызы бар бақытты адамға қызғана қарайтын секілді. Қалтқысыз, зілсіз қызғаныш. Іш тарлық емес, қуаныштан, риясыз көңілден шыққан достық қызғаныш. C.Жүн. ~ Әлдебіреуге көрсеткен қайырымын, жасаған жақсылығын парыз іс деп атқаратын, не Алланың ризашылығы үшін дейтін риясыз көңілге не жетсін?! Ш.Бейс. ~ Сандықтаулықтардың бірінің қайғысын да, қуанышын да бәрі бірігіп көтеретін риясыз көңілі оған сол адами шипа болып әсер етті. Е.Әл

РИЗА ҚЫЛДЫ
Көңілінен шықты, алғысын алды. ~ Апыр-ау, әкем өліп қалса не істеймін! Әкемді риза қылатындай бір жақсылық жасап көрдім бе? Осылай түк көрмей, жалғыз баласына өкпелеген күйінде дүниеден аттанып кете бермек пе?! Т.Әбд. ~ Не істесе де алдымен ойланып алып барып жасайды тірлігін, сөйлесе ойланып алып ешкімнің көңіліне тимейтіндей етіп риза қылатын. К.Өтж.

РИЗА БОЛДЫ
Көңілі толды. ~ — Теміржан біледі ғой, Қызыл Әскердің ойынын ойнап қайтты ғой!- десті басқалары Темірді қостап, риза болған үнмен. Х.Ес. ~ Ауылда өскен, шеше тәрбиесін көрген қыз талай шаруаны тізе бүкпей істеді. Шешем бұған риза болып, «келіп тұр, айналайын» — деп, жылы қабақпен шығарып салған. Б.Тоғ.
РИЗА БОЛМАДЫ
Көңілі толмады, қанағаттанбады, жақтырмады. * Бәрі де қорқады. Хатте екі ағам да менің бұл ісіме риза болмады. Байдың қаһарынан қорықты. Ж.Айм. ~ Онан соң осы риза болмауды бастап отырған учитель қауымының бастықтары: Горбачев, Колтунов деген кісілер. С.Сей. ~ Мен бір алданған жас баланың сезімін басынан өткергендей күйде, өзіме риза болмай дөңбекшіп жатырмын. К.Өтж.