Posted in

РИЗА БОЛДЫ

Көңілі толды. ~ — Теміржан біледі ғой, Қызыл Әскердің ойынын ойнап қайтты ғой!- десті басқалары Темірді қостап, риза болған үнмен. Х.Ес. ~ Ауылда өскен, шеше тәрбиесін көрген қыз талай шаруаны тізе бүкпей істеді. Шешем бұған  риза болып, «келіп тұр, айналайын» — деп, жылы қабақпен шығарып салған. Б.Тоғ.

РИЗА БОЛМАДЫ

Көңілі толмады, қанағаттанбады, жақтырмады. * Бәрі де қорқады. Хатте екі ағам да менің бұл ісіме риза болмады. Байдың қаһарынан қорықты. Ж.Айм. ~ Онан соң осы риза болмауды бастап отырған учитель қауымының бастықтары: Горбачев, Колтунов деген кісілер. С.Сей. ~ Мен бір алданған жас баланың сезімін басынан өткергендей күйде, өзіме риза болмай дөңбекшіп жатырмын. К.Өтж.

Posted in

РӘСУА БОЛДЫ

Бекер шығын, ысырап болды, зая кетті. * Енді не қылу керек? Күн жылы ғой, біреу- міреу келер, шығарысар деп, өзімді жұбатқан болдым. Еңбегім рәсуа болғаны жабықтырды.  Ж.Айм.  Содан қауын-қарбыздың желiнгенi бар, жарылғаны бар, езiлгенi бар,  рәсуа  болған  пәлегi  бар,  шалдың  айтқанын  төлеп  құтылды-ау.  А.Ман. ~ Марғуаның жаңғырған жады сондағы көрген кептерін жіпке тізгендей, қаз-қалпында көз алдына алып келгені. Рәсуа болған жастық. Күнкөрістің қамымен ертеден күні кешке дейін тепеңдеген қара жұмыс. Зая кеткен қайран жылдар!.. Оның сұрауы кімнен? Обалы кімге? Ш.Құм.

РӘСУА (РӘСУӘ) ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Ысырап қылды, босқа шашылды, обалына қалды. ~ — Джо жақсы бала, табысы көп болса да, ақшасын рәсуақылмайды,-деп тайталаса кетті Силверстейн де. Дж.Лонд. ~ Сиырлардың астына дейін шөпті көпіртіп салады, әлгі дүлей. Жылда шөптің тең жарымын рәсуә ғып жүрген бір су ми. C.Жүн. ~ Қолда бар байлықты рәсуә ету — күндегі әдетіміз! — деді ол күйініп. — Іле-Балқаштың атақты ақ балығы мен сары сазандары неге құрып кетті? Б.Тоғ. ~ Ес жиып, етек басқалы бергі есепсіз, елеусіз өткен күндерімді енді еске алсам, өзегімді өрт шалады. Әу бастан есім дұрыс болған да, бәлкім, Алла тағала берген осыншалықты ырзықты құр босқа рәсуа етпес пе едім… И.Сап. ~ Менің жұмысым — жем шашу. Әжем:  —  Бір  жеті  беретін  жемді  бір-ақ  күнде  шашып,  рәсуа  етіп  жатырсың,  —  деп күнде  ескерту жасайды. А.Ман. Босқа әурелеп, арам тер қылды. ~ Арбаға жегіп, рәсуа қылып жүрме. Құлындағанша мәпелеп қолда бақпасаңқашып кетеді. Ақбоздың тұқымы аяғына кісен салғызбайтынын ескер. Т.Әл.

РЕҢІ ШЫРАЙЛАНДЫ

Бетіне қан жүгіріп, өңі жанды. ~ Аурухананың төрт қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен, күні жарқыраған, әуесі саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде, бойы да кеңіп, жадырап, реңі шырайланып, ажарланып, ойы да көтеріліп, шарықтап елге қарай бет қойды… еліне тезірек қайтқысы келді. Ж.Айм.

РЕҢІ СЫНЫҚ (СЫНДЫ)

Жабырқау, көңілі пәс. ~ Саттардың көзі бір сәт қалтарыстан шығып состиып қарап тұрған кішкене сары балаға түсті. Бала реңі тым сынық. С.Ел. ~ Оқушыларға тиісті бағасын да қоя алмай, қисынсыз қыпылықтап, шарасыз жағдайға тап болды. Аз мерзім ішінде реңі сынып, кәдімгідей шөгіп те кетті. Қ.Қаз.

РЕҢІ СҰСТАНДЫ

Айбат шекті, ашу шақырды. ~ Әйтеуір, қашан көрсең де бір қалыппен томырылып жүреді. Реңі бұрынғыдан да сұстанып кеткеңдей. Б.Тоғ.