Posted in

РЕҢІ СҰСТАНДЫ

Айбат шекті, ашу шақырды. ~ Әйтеуір, қашан көрсең де бір қалыппен томырылып жүреді. Реңі бұрынғыдан да сұстанып кеткеңдей. Б.Тоғ.

Posted in

РЕҢІ СОЛДЫ (СОЛҒЫН ТАРТТЫ(

Жүдеп кетті, юабырқау тартты. ~ Тесігінен есіктің жел кіреді. Мұң көшпелі. Көлемнің солды реңі. Тарғыл мысық секілді бүктетіліп, Ай сәулесі аунаған. Жер күледі. С.Рах. ~ Батыс жақты тағы да бұлт торлап батар күнді көзден жасырған. Жаңағы бір әзірде жарқырап тұрған қардың реңі солған. Т.Ахт. ~ Салтанаттың жаз ерке мінезі үш-төрт күнге созылдыда, ашық аспанды бұлт қаптағандай кенет кілт өзгерді. Реңі солғын тартып, қинала күлетін болды. Денесі ысып, төсек тартып жатып қалды. Д.Ис.

РЕҢІ ҚҰЛПЫРДЫ

Гүлдей жайнады. ~ Сосын маңның құлпырып кетті реңі, Жігіт-шыңның еңсесі көк тіреді. Көк пердеге оранған Күн-сұлудың Деміменен дидарын кептіреді… С.Нұрж.

РЕҢІ ҚУҚЫЛ ТАРТТЫ

Жүзінен сырқат табы байқалды, жүдеді. ~ Жалт етті де жанары, Жерге ол кенет қарады. Дәмін татып бір шөптің, Қолға күрек алады. Жалт – жұлт етіп күрегі, Қуқыл тартып реңі. Құм түбіне құлықтай  Жігіт те тез сіңеді. К. Ыбр.

РЕҢІ ҚАШТЫ

Солғын тартты, жүдеді. ~ Қызыл көз – қызғаншақтар жұқарды өңі, Қалтылдап кәрі дүние, қашты реңі. Уақытқа — бізге қарсы ашты майдан Соғыс боп жан сақтарлық тапқан емі. Ә.Тәж.  ~ Ал, Салтанаттың жөтелі жиілеп, реңі қашып бара жатқанын байқаған соң, шын мәнінде қорқа бастадық. Д.Ис. ~ Көктем де өте шықты. Жайнаған мамыр айы аяқталуға жақын. Ауылдың іргесіндегі жасыл кілемдей құлпырып жатқан кең жазықтың бояуы солып, реңі қашқан.  Ж.Шағ. ~ Реңі қашқан еріндерін жымыра тістеніп, өте ащы шер жұтқандай, айтылып жетпейтін арманмен үзілердей, көзін жұмыңқырап, үнсіз сілейіп ойға шомған… Т.Рыс. ~ Миы ашып, реңі қашқанда, бір топ жігерлі, жас, жаңа қазақтардың қып-қызыл «Икарус» жалдап, жолға шыққалы тұрғанын естіді. М.Бай. ~ Әлдеқалай Алатаудан құлаған өзендер тоқтап қалса, ылдидың ындыны құрып, құм жамылар еді. Құм жаулаған жерлердің реңі қашып, жасыл жапырақ атаулы жоғалар еді. Жасыл жапырақсыз өмір не?! Ш.Мұр.

РЕҢІ КІРДІ

Жүзіне қан жүгіріп, шырай берді. ~ Мына жұмыр басты пенде қоршаған ортаның бір бөлшегі. Туған жері құлпырса — реңі кіреді… Д.Дос. ~ Жағына мөрі таймаған сары қиғаш шытыра, бетіне, омырауына қызыл маржан қадаған кимешек ішінде ақсары жүзі бал-бұл жанып, реңі кіріп, ерекше құбылып отыр. С.Жүн.