Өмірге дән риза адамның шынайы күлкісі. * Не керек, көре алмадым өзге қызык, Жастардың шат күлкісі көңіл бұзып… Б.Тоғ. * Ит үрікті түтеген түтіндерден, Шат күлкілі даланы жат күй алды. Жұб.Молд.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАТ ӨМІР СҮРДІ
* Сол үшін Хафизаға жылатып тұрып, жас кездерінде Нұржан екеуінің қандай қуанышты шат өмір сүргенін үлкен ария еткізіп айтқызады. І.Ес.
ШАТАҒЫ ЖОҚ
Шаруасы жоқ. * Арман мұнда қалталарға батады, Сонда өледі, ешкімнің жоқ шатағы. Ә.Балқыб.
ШАТАҒЫМ ЖОҚ (ҚАНША)
~ Өзге суретшілерде шатағым жоқ, менің өмірлік тәжірибем осылай үйреткен. Ә.Асқ. ~ Моральді қой. Сен – менің әйелім емессің. Қалай табасың, шатағым жоқ. Ақшамды өндіріп алсам болды. Т.Сәу. ~ Сен… сені Әшір ұнатып жүр. – Мейлі… Мейлі, мың жерден ұнатсын, онда шатағым жоқ. Мені әуелі десе Асан да ұнатады. Онда менің не жұмысым бар? М.Қаб. ~ “Махаббат” деп мауыққан өзге жұртта шатағым жоқ, үйлене ме, қоя ма – өздері білсін. Ә.Асқ. ~ Бөтеннің мүлкіне біреудің басы ауыра ма. Жау шаппақ түгілі топан су қаптасын, өз жерін өзі қорғап алсын, менің шатағым қанша, қызыңды ұрайын деп, былайғы ағайын былқ етпей шалқасынан сұлап жата берді… Т.Сәу.
ШАРУАСЫ ШАЛҚАЙДЫ
Қиын жағдайға тап болды. ~ Хал-қадарынша екі партияның бірін беруге тырысады. Бастықты аяғаннан ұтқысы келмейді. О кісі шахматқа әкесі өлгендей жан-тәнін салады, шаруасы шалқайса, кәдімгідей қызараңдап, шатақ шығарады — шақар… М.Қаб. ~ Екі– үш күн сайын базар араламаса, басы ауыратын қатындар сияқты бұл үйреншікті осы мекеніне келіп қайтпаса, жиі– жиі ат ізін салмаса, шаруасы шалқайып қалардай көретін. К.Сег. ~ Ғажап! О, ғажап! Жезде… Кім жезде? Мен бе? Ол қалай?– деп, оң–солға бұлғақтап, шаруасы шалқая бастап еді, мен жалғыз ауыз сөзбен жөнге салдым: – Әйеште үмітің болса, дәл қазір мені Қарасуға жеткізіп тастайсың. М.Қаб. ~ Қайдан естігенін кім білсін, дәу де болса Абыралы айтқан-ау, баспадағы шаруасы шалқайған жинағын, пәтер күйін тықақтап сұрады. Ал Жапекең баяғы әп-әдемі Жапар ағай. Сөз біреу, құлақ екеу дегендей сынын бұзбай, сыртын салып, бипаз отыр. М.Қаб.
ШАТАҚ ШЫҒАРДЫ
Дау көтерді, лаң салды. ~ Бұлар елді қынадай қырып, пәре алды. Жұртты тасқаяқтай қағыстырды. Әсіресе «ат бермеймін» деп шатақ шығарған елдің бар жақсы атын жаздыртып отырып, сыпырып алды. І.Жанс. ~ Ғ а з и з (құшақтап). Иә… кешегі сенің Рақышқа айтқан сөзің шатақ шығармайтын сөз емес қой. М.Әу. ~ Саған еремін деп қайнілерімнің аттарын атап қойдым, Гүлжиһан. Кенже бала атын атағанын естісе шатақ шығарады. Оның мінезі екі ағасының екеуінен де өзгеше, қазір көресің. Х.Ес.
ШАРУАСЫ ШАЛҚАҚ
~ Сенің атаң, ұлым, ат баптап, ән салғаннан бөтен ештеңе тындырмаған кісі еді, ел қыдырып, жұмалап жоғалып жүрді, сонда да үйі орынында, шаруасы шалқақ-тұғын. Ж.Нәж.
ШАРУА ТАПСЫРДЫ
~ Бұл ұры тазыны, дәу де болса қазақ арасының қалай екенін біліп кел деп жансыз қылып жұмсап жіберген шығар. Әйтпесе оған қай бір пәтуалы шаруа тапсыра қойды дейсің… Ә.Кек. ~ Қорықпа, Күреңбай! Иншалла, аман-есен келерсің. Мен сенің ақыл-айлаңа, қайратыңа кәміл сенбесем мұндай шаруа тапсырмаған болар едім. С.Ом.
ШАРУАҒА (ЕҢБЕККЕ) ҚЫРБАЙ
~ Әжем болса қартайды, інім болса жас. Тұңғышбайдың келіншегі шаруаға қырбай адам, оның үстіне 3 жас баласы бар… Ол кетсе, осынша жанның міндеті менде болады-ау!.. Ж.Айм. ~ Бұларды дос қылған екеуінің де құмарлығы, әуесі — аңшылық еді; екеуінің сүйегінде де жалқаулық, серілік бар еді; екеуі де шаруаға қырбай еді; әкесі Бекболат екеуін «Екі әуейі» деуші еді. Алайда екеуінің жаратылысы екі басқа еді. Ж.Айм. ~ Майының артығын сатып, киім-кешек, ұн-шайға жұмсайды. Ауылдағы кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай келеді» деп ұрысатын… Ж.Айм. ~ Жасыңнан еңбекке қырбай едің. Есіңде ме, екеумізді де әкеміз пішенге аяғымызды тұсап салды. Мен сол күні түске жетпей-ақ тұсауымды алдым. Сен екінші жылы да шөпті тұсаумен жүріп шаптың. Ғ.Мұст.
ШАРУАҒА ҚЫРЫ ЖОҚ
~ Ол жігіттің өзі қалай екен, шаруаға қыры жоқ, бос белбеу, орашолақ емес пе… мынадай жауапкершілігі үлкен, қиын сапарға жарар ма екен?.. О.Бөк. ~ Әке көзі сыншы, жалғыз ұлдың шаруаға қыры жоқ, іске олақ болып өскенін іші сезеді… Олай-былай болып, өзінің көзі жұмылса, бұл үйдің күн көруі қиын еді. З.Шүк.
