Posted in

ШАРУАСЫ КҮЙЗЕЛДІ

* Ел құмырсқа жауғанын берекетке, жақсылыққа жорыды. Келесі жылы жиянгерлік соғысы басталды. Ел шаруасы күйзеле бастады. А.Байт. * Торғай губернасына қараған елдің шаруасы күйзеліп, ашаршылыққа ұшыраған жайын Әбең уәкіл кеңінен келістіре сөйлеп, соған халқымыздың туысқандық, достық жәрдемін көрсетуді, жоғарғы орындардың атынан айтып өтті. С.Бег.

Posted in

ШАРТ СЫНДЫ

1. Оқыс мінез танытты, екі сөзге келмей, ашу шақырды. * — Атымды бермеймін!—деп шарт сынған Қарасұңқар. Ә.Әл. * Ой, айранда басың қалғыр! Былай тұр! — деп Әсем шарт сынды. — Айран дейді ғой құлқын сәріден! 2. Ортасынан бөлінді, күл-паршасы шықты, морт үзілді. * Жиырмасыншы ғасыр біздің шаңыраққа шаттық әкелген жоқ, заманның алай-дүлей дауылы шайқаса да шарт сынбағанымызға тәуба. Шам-шырағымыз өшкен жоқ, әйтеуір. Б.Тоғ. * Ақырында бір күні, тұма басы, Пайда бола кеткендей жын абасы, Бір нажағай жарқ етіп қыз есінде, Иінағаш шарт сынды тізесінде… Т.Әбдікәк. 3. Сарт еткен оқыс дыбыстың сипаты. * Көп ұзамай, тағы бір хабар ашық күнде шарт сынған найзағайдай ес тандырды: өзінің досы, ағайыны Жалменде ұлы Пышан атылыпты. Б.Тоғ.

Posted in

ШАРТ ТА ШҰРТ

* Нағыз бір өз күшіне сенген ұрдажық, ожар неме екен, балағаттап, келе Сейілханды құлақ шекеден қойып жібереді. Ондайға төзетін Сейілхан ба, шарт та шұрт төбелес басталып кетеді. Т.Ахт.

Posted in

ШАРУАСЫ ТҮГЕЛ

Қайғысы жоқ, алаңсыз, өз есебі өзінде. ~ Әжмұраттың шаруасы түгел. Өңешін жырта айқайлап, айта түседі. Ш.Айт. ~ Тұяқты тұлпар, қанатты сұңкар-ай, кілең, Жарысты бейбақ шаруасы түгел сайлымен. Бармағын тістеп, амалсыз қазақ тоқтапты, Үмітпен күткен келмесе аты бәйгеден. Т.Молд.

Posted in

ШАРТ ТҮЙДІ

Сөзін кілт тәмамдады, байлам жасады. * «Миллиондаған теңгеге коттедждер сала отырып, неліктен олар қарыздарын мемлекетке төлемей отыр»,-деп шарт түйді Мемлекет басшысы. БАҚ. * Бұл ұйым білім беру саласындағы барлық мекемелерді қамтитын болады, — деп шарт түйді министр. БАҚ.

Posted in

ШАРТАБАҚТАЙ АУЫР

* Оқиғаның басталуы, да¬муы, көркемдік шешімі, нысаны қат- қабат қатталып, көркем ойдың салмағы сом-данып шыға келгенде шап- шағын әңгіменің салмағы шартабақтай ауыр тартады. Т.Жұрт.

Posted in

ШАРУА БАҚТЫ

* Шаруа баққан адамның әр нәрсені орайластыра жүретін әдеті емес пе, Өмірбек жолшыбай қысқы мал жайылымына соға кетуді мақұл көрді де, Тасқұдыққа тартты. С.Шайм. * Тау-тасты, өзен-сулы, орман-тоғайлы алтайдың әр қойнауында шаруа бағып отырған момын елді қинайтыны, әсіресе осы жол азабы еді. О.Бөк. * Әрине, күнкөріс қамы үшін шаруа бағып, мал өсірген де жақсы. Қ.Жұм.