Posted in

ПЫШЫРАЙ ШАШЫЛДЫ

Жан-жаққа тарап кетті. ~ Салы суға кеткен қалпы төңiрекке көз жүгiрттi. Жан-жағында пышырай шашылып жиырма-отыздан ұсақ мал жүр. Ә.Ыб. ~ Сол сәуле мен жетiм шоқ кейде тұтаса бiрiгiп, жан-жаққа пышырай шашалған ұшқындарға айналып сала бердi. П.Дүйс. ~ Аспанда жұлдыздар дәл бағанағыдай пышырай шашылған қалпы самсай жымыңдайды. Ә.Ыб.

Posted in

ПЫШАНА БАЙҒҰС (ПЕНДЕ)

Сорлы, бейшара. ~ Бірақ, бұрын да алды — артынан айналып бір өте алмаған пышана байғұсқа қыз шіркін дәл қазір қол жетер жерде емес еді, оған дәрмен де жоқ еді. Қ.Ысқ. ~ әмбе өзі өз болып көшелі мінез жасап біреудің кеуілін аулап, есіркеп көрмеген пышана байғұстың қолынан не келсін… Қ.Ысқ. ~ Бұл – ит тiрлiкте осылай әбден шөре-шөреге түскен пышана пенде едi. Ә.Тар.

ПЫШАҚТЫҢ ҚЫРЫНДАЙ

Жұп-жұқа. * Үйдің іші таза, әр зат, нәрсе орнында. Бірақ, кіре беріс есік аузында жатқан алашаның тозығы жеткен, әр жері шұрық-шұрық тесік. Ірге жақтағы текемет те пышақтың қырындай жұқарған. З.Шаш.

ПЫШАҚСЫЗ КЕСКІЛЕДІ

Қинады, жанына батар сөз айтты, шамына тиді. ~ Құдай- ау, сенің алдыңдағы кінәмді қайтсем жуып-шаям! ?Сен мені пышақсыз кескілеп тұрсың ғой, Ырысбек- ау, ең болмаса шапалаққа бір тартшы, көңілім көншісін… табаныңды сүйейінші…  С.Мұр.

ПЫШАҚҚА ТҮСТІ

Операция (ота) жасалды. ~ Пышаққа түскенше он күн дайындады. Ең жақын деген екі жеңгесі, олардың бала-шағасы келді. Пышаққа түсіп, ота жасағасын үлкен жеңгесі бір рет бой көрсетті… Қ.Түменб. ~ Жасы келген адамға пышаққа түсу әрқашанда қауіпті дүние. Оның үстіне жүрек ауруы тағы бар. Ал операция істетпесе қайтеді? І.Ес.

ПЫШАҚҚА ІЛІНДІ

Сойылған мал туралы. ~ Қара теңіз жиегіндегі Тұлшеге жеткенше табандатқан ай өтті. Титығы құрыған тағы екі ат жолда пышаққа ілінді. Ж.Айм. ~ Ойыншыларды айналсоқтап жүрген жас бала: –  Құлыншағымды ышаққа ілдірме,  көке! – деп шыж-көбелек болды. Т.Әл. ~ Төлебай өгізді тартып жібергенде, өгіз өкіріп-барып, жата кетеді де, пышаққа ілінеді. Ж.Баб. ~ Қарала қашардың түбіне ақыры сол жебірлігі жетті: желіндеп жүрген кезінде қол боп, жарылып, пышаққа ілінді. Ж.Нәж.