Ишарат білдірді, ымдады. ~ Үмбетей жырау екі– үш мәрте таматын кенеп, белгі беріп кезек күтіп отырекен. Ойланыпкеткен Ошаған би, тез сілкініп әлгіге рай берді. С.См. ~ Ақманар Нұрбикеге рай берді. — Жеңгем қандай әнді ұнатадыекен? Нұрбике қабағын шытынып: — Айта берші, мұғалім бала! «Итке темір не керек» деп, менің ән тыңдаған немді алған,- деді. Ө.Кәр.
Өңін жылытты, ықылас білдірді. ~ Сары Шая бұған туыс. Өз басы суқаны сүймесе де, бірақ бұған «қалқам»,»қарағымшырағым» деп, ал анасына «ақ жеңешем» деп іші-бауырыңа кіре келгенде, бұл түгіл, анасы да осы пәлеге қалай»төрге шық» деп рай беріп қалғанын білмейтін. Ә.Нұрп. ~ Дүниеде ерлік пен ірілікті ғана құрметтейтін қанжығалы екі ұры сол арада ат үстінде аз тілдессе де, бір-біріне рай беріп тарасқан екен деседі. Ә.Нұрп. ~ «Енді жынды суды аузыма алсам ба!» — Деп өзіне қатты тоқтам салды. Оның бұл көңіл толқынысын байқаған имам бұған жүзін жылытып рай берді. Ө.Кәр. ~ Бірақ келіншектің рай берер түрі жоқ. Ай бойы, міне, әбден діңкелетіп бітірді. Т.Сәу.
