Сойылған мал туралы. ~ Қара теңіз жиегіндегі Тұлшеге жеткенше табандатқан ай өтті. Титығы құрыған тағы екі ат жолда пышаққа ілінді. Ж.Айм. ~ Ойыншыларды айналсоқтап жүрген жас бала: – Құлыншағымды ышаққа ілдірме, көке! – деп шыж-көбелек болды. Т.Әл. ~ Төлебай өгізді тартып жібергенде, өгіз өкіріп-барып, жата кетеді де, пышаққа ілінеді. Ж.Баб. ~ Қарала қашардың түбіне ақыры сол жебірлігі жетті: желіндеп жүрген кезінде қол боп, жарылып, пышаққа ілінді. Ж.Нәж.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПЫШАҚҚА ЖАРМАСТЫ
Төбелесе кетуге, пышақ жұмсауға дайын тұрды. ~ Алдыңғы сөзбен тұрғанда бәлкім сенуге болар ма еді, өлейін деп пышаққа жармасқаны күдігімді арттыра түсті. Б.Қыд. ~ Мен ғұмырымда ештеңеден қорыққан адам емеспін, оның үстіне, бұдан әрі қорқатын, жаныңды әспеттейтін ештеңе қалмаған. Әйтсе де жүрегім суып кетті. Тұра қашсам ба, әлде пышаққа жармассам ба. М.Мағ.

ПЫШАҚ ҮСТІНЕН
Қолма-қол, көпке созбай, табан астында.~ Одан әрі үйме-жүйме. Жігіттердің ішінен: «Осы құйрықты жалғыз жеуіме әпкел қолыңды!» деген дауыс шығады. Қартқожа мешкейдің бәйгесі екенін білді. «Пышақ үстінен жеп таусасыңдар ғой» деген бір бақыршының байбаламы шығады. Ж.Айм. ~ Жарайды, біреуін бір киліге есептеп алайық! – деп шұбар әйел басқаларға жол-жосық көрсетті. Мен үндегем жоқ, бергендерін жұмарлап, қалтаға сала бергенді білдім. Ә дегенше пышақ үстінен талап алды да кетті. Т.Сәу.
ПЫШАҚ ҮСТІНЕН БӨЛДІ (ҮЛЕСТІРДІ)
Көпке жеткізбей, өзара бөліске салып, жоқ қылды, таратып жіберді. ~ Бірінші ағымның айтатыны: қазаққа төңкеріс жасау керек: байдың жер-суын, мал-мүлкін, жазаласа артық қатынына шейін кедейлерге тартып әперу керек; пышақ үстінен бөліп беру керек, бай, кедей деген айырманы жойып, қолма-қол теңгеру керек. Ж.Айм. ~ Кәператиптен не пайда? Алыстағы елге ештеңе жетіп жарымайды. Азды–көпті бірдеңе түссе, қолы жеткендер пышақ үстінен бөліп алады… Т.Әл. ~ Енді, мынау тәри туралы заңды құлақтары шалды бар ғой, тігерге тұяқ қалдырмай пышақ үстінен үлестіріп әкетеді. Оған имандай илана беріңіздер. О.Бөк. ~ КСРО ыдыраған тұста мемлекет меншігіндегі талай нысанды пышақ үстінен үлестіріп алған, жекешелендірудің қызығын көрген пысықайлардың ғана жағдайы бар қазір. БАҚ.

ПЫШАҚ СЫРТЫНДАЙ (СЫРТЫ)
Өте жұқа, болмашы, азғана. ~ Ерегестіргенде Шәмшидікінен асырып жіберші. Тағаң жетсе, өкшесін оныкінен пышақ сыртындай болса да артық сал. Әйтеуір өнеріңді аяма, қарағым!-деп бір ескертіп өтеді. Ж.Айм. ~ Мұның есесіне беттен көзге тиген орын тым тапшы: пышақ сыртындай ғана жыртықтан сығырая жылтыраған кішкене көз ісінген үлкен мұрынға жараспайды, беттің шырқын быт– шыт бұзып тұр. З.Қаб. ~ Солардың ешқайсысына Демежан мойын бұрмады. Шыны ма, әлде оңай құтылғысы келіп қашыртқаны ма: «Егер мен екінші рет үйленетін болсам, тым құрыса сенен пышақ сырты артық біреуді алар едім. Қ.Жұм.

ПЫШАҚ КЕСТІ (КЕСКЕНДЕЙ) ТЫЙДЫ
Оқыс доғарды. * «Қой, сендерге егескенде қыспақтан жол тауып, жарып шығайын»,— деп, ешкім алмай, сүрленіп жатқан ГЭС туралы сценарийді мойныма салпылдатып ілдім. Отыз күн ойын, қырық күн тойды пышақ кесті тыйдым.Кеш еді. М.Қаб. * – Сонсоң қарқылдап екі мықынын таянған қалпы шек-сілесі қатып күлді. Күлкісін пышақ кескендей тыйды да:– Бейшара, сенің күнің менен де сорлы-ау, – деді. О.Бөк.

ПЫШАҚ КЕСТІ
Оқыс, біржола, үзілді-кесілді. ~ Бірде Әнуәрдің жуан жұдырығын, бірде сереңдеген аяғын көріп қалдық. Музыка да, би де, төбелес те бір сәтте пышақ кесті жым-жырт болды. Қ.Ысқ. ~ Қос басы тым-тырыс. Аптап шын сөзіне жаңа көшіпті. Шегіртке шырылы пышақ кесті тынған. М.Қаб.