Posted in

ПЫШАҒЫ ҚҰЙРЫҚ ҮСТІНДЕ

Не нәрсеге де дайын д.м. ~ Осы күні ғой партиядан басқа тілеуі жоқ (Тым-тырыс.) Тілемей де қайтсін… Қақпанды басқалы қыбылжып жүрген ел — анау. Пышағы құйрық үстінде, әншейін «қанды басын, бері тарт» деп отыр ғой.  М.Әу.

ПЫСЫ БАСТЫ

Келбет-кейпімен, сөзімен басымдылығын сездіріп тұрды. * Елден ерек сәнді киінген, қасына нөкерге бес-алты әлуетті жігіт ерткен жас мырзаның пысы басқандай, көбісі мұның көз жұмбай өтірігіне жөндеп жауап таппай, үнсіз қала береді.  О.Сәрс.*  Оның  оқыс  құлағанын  әркім  әр  түрлі  жорыды. Біреулер:  «Орда  толған  көпшіліктің  пысы  басты»,  – деді. Т.Әлімқ.

ПЫСЫН БАСТЫ

Десін қайтарды, тұқыртты, менменсіген көңілін басты.  * Әйелдер: «Құдалар басын сипап қалды ғой» десіп, пысын басыптастамақ болды. Рәштер әнге басты. Т.Әлім. ~ Оның астындағы атақты Сарқызылтай атын көргенде осы бір қысылтаяң кезден құтқарып, бірте-бірте үстем алып бара жатқан жәуміттердің пысын басар көмек келгендей сезінді. О.Көш.

Posted in

ПЫСҚЫРЫП ТА ҚАРАМАДЫ

Менсінбеді, елемеді, назарына алмады, құлағына ілмеді. ~ Омар ойланып қалды. Зерделілік тек қана оқыған, қолында билігі, қотанында малы бар әлділерде ғана болуы керектігіне имандай сеніп, есікте жүрген құл-кұтандарға пысқырып та қарамаған қарақан басы әңкі-тәңкі, ауыр соққыға ұшырағандай әрі-сәрі. О.Бөк. ~ «Оу, қойсайшы»,— деген сөзіме пысқырып тақарамайды. Т.Берд. ~ Сұғанақ жігіттердің талайына пысқырып қарамайтын Маржанның бұл қылығы мені шексіз қуантқан еді.  Б.Соқ. ~ Күреңге пысқырып та қарамай қолды бір-ақ сілтеді. Есікті сарт жауып шығып жүре берді. С.Ел. ~ Құдықтың шығырына сүйеніп, дем алмай, су ұрттамай, ұдайы төрт сағат сөйлепті. Басқарманың қоңырауына пысқырып та қарамапты…  Т.Берд. ~ 1930 жылы Құмыл Уаңы (бегі) Шамахсұт қайтыс болғаннан кейін оның уаңдық орнына отырған Назырдың мұрагерлік ұқығына пысқырып қарамады. Ғ.Біл.

ПЫС ЕТТІ

~ — Шамды өшір. Құрттың ғой, кәресінді!Шам ешті. Үй іші тым-тырыс. Кемпір жерде, ұзаққа бармай пыс етті. Бәтима кіреуетте, шымылдық ішінде, көзін зорлап жұмғанымен кірпігі ілінбей қойды. Ғ.Мұст.

ПҰШПАҒЫНАН САБЫЛДЫ

Әбден болдырып, шаршады. ~ Тілеуқабыл — Қасқарау Сарыкемерде шабылды, Шапқыншының аттары Саурынан аққан тер,Пұшпағынан сабылды. Бейқам жатқан қалың ел Қарсы тұрмай жалынды. Ж.Жаб. ~ Мінген атын жаратқан, Жұртты өзіне қаратқан, Қылышы қия шабылған, Жүйрік аттың бәрі де, Пұшпағынан сабылған. Ж.Жаб.