Posted in

ПЫШАҚ КЕСТІ

Оқыс, біржола, үзілді-кесілді. ~ Бірде Әнуәрдің жуан жұдырығын, бірде сереңдеген аяғын көріп қалдық. Музыка да, би де, төбелес те бір сәтте пышақ кесті жым-жырт болды. Қ.Ысқ. ~ Қос басы тым-тырыс. Аптап шын сөзіне жаңа көшіпті. Шегіртке шырылы пышақ кесті тынған. М.Қаб.

Posted in

ПЫШАҚ КЕСКЕНДЕЙ (КЕСТІ) ТЫЙЫЛДЫ (ҮЗІЛДІ)

Оқыс тоқтады, кенеттен үзілді. ~ Қ о с п а н. Немістердің оғы пышақ кескендей тыйылды. Т.Ахт. ~ … шайды сораптай тартып, аузы сөзден бір босамай отырушы еді. Ол да пышақ кескендей тыйылыпты.  Б.Қыд. ~ Әсіресе сол күні жынды жел бабын таптырмай, қырық құбылып тұрған. Бірде пышақ кескендей сап боп тыйыла қалса, іле-шала қайта көтеріледі. Ә.Нұрп. ~ Ауыл арасындағы қатынас пышақ кескендей үзілді. Ә.Шәр. ~ Біз, амал жоқ, мырс-мырс күлдік. Арслан Ардақаевич саспады, қолын көтерді. Күлкі пышақ кесті тыйылды. Жалпы, мектеп директоры күлкіні жаратпайды. М.Қаб.

ПЫШАҚ ЖҰТТЫ

Қор болды. * Осы күнге дейiн тырсиған байшiкештерге өтiнiп, сөзi өтпегенмен түс шайысып, ашу мен намыстан қанша рет пышақ жұтты десеңшi! Т.Сәу.

ПЫШАҚ ЖҰМСАДЫ

Біреуге пышақ сұқты, пышақты қару ретінде пайдаланды. *  … Шыңғыстың туған ағасы — Мәмкеніайтпағанда, «ең жуасы»дегеннің өзі біреумен төбелесе кетуге төбелессе — пышақ жұмсауға даяр тұратын.  С.Мұқ. * — Қарағым, — деді Абылайадамның алқымына пышақ жұмсаған күректей алақанымен маңдайын басып, — мен емей кім дейсің.  Қ.Түм. *«Аманжан, сен… осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі… Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен. О.Бөк. * «Бұл жала, кісіге пышақ жұмсайтындай қарақшы емеспін. Ұрсам тек жұдырықпен ұрамын» деп қалай шырылдаса да кінәсіз екенін дәлелдей алған жоқ. Т.Сәу.

Зорлықпен біреудің малын сойып алды. * «Шыңғыстың баласы сондай досының малына пышақ жұмсапты»деген қауесеттарайды да, «құрыққа сырық жалғап» дегендей, өсекшілер, әсіресе дұшпандар бұл кеңесті өсіріп әкетіп, бір марқаны мыңмарқа қылудан қашпайды. С.Мұқ. * «Төрелер мені басынды, малыма пышақ жұмсай бастады, егер алғашқы адымында тыйып тастамаса, олар малдан құрық, бастан сырық айырмауға кірісті; «өгізге туған күн бұзауға да туады», дегендей төренің бүгін маған сұғынған пышағы, ертең Керей мен Уақтың өзгесіне де сұғынады.  С.Мұқ.

ПЫШАҚ ЖҮЗІ (ЖҮЗІНДЕЙ)

Жұп-жұқа. ~ Төр үйге асығыс кірген Елтай төсек астынан портфелін дырылдатып сүйреп алып шықты. Үш күннен бері иесіз қалған портфельге пышақ жүзі шаң жұғыпты, жеңімен осып сүртіп тастайын деп оқталды… М.Қаб. ~ Қолына қайрақ, күрегін алды. Көкжиек үстіндегі пышақ жүзі сәуле секунд санап жұқарып барады.М.Қаб. ~ Бестапал күніне екі дүркін кездеспесек, бір кесе шайды бөліп ішпесек ерніміз кеберсіп тұратындай болатын. Кемшілігіміз де бір, кейіп-кеспіріміз де бір. Пышақ жүзіндей биіктігін кесіп тастағанымызда Сайын ренжімей-ақ көне салған. Қ.Ысқ.

Posted in

ПЫШАҒЫН ҚАЙРАДЫ

Өштесіп, қастық жасауға дайындалды д.м. ~ Бәле деген аңдушы Аяғымнан шалып тұр. Жала деген төбеті Балтырымнан қауып тұр. Жау білегін сыбанып, Пышағын қайрап, жанып тұр. Сауысқан, қарға, қарақұс Жемтік аңдып, бағып тұр. А.Байт. ~ Шарапатовшылым шаршамай тыңдап, пышағын қайрап отырса керек: — Сен жазғаннан басқа дым да білмейді екенсің! Бізде Елбасы біреу-ақ па? Біреу-ақ! Олай болса, одан өзгені қайдан ізде дейсің? Іздегенмен, таба алмаймыз, — рас қой? Ғ.Қаб. ~ Бұқар жыраудың жүрегі тағы мұздай боп суып кетті. «Бәтшағар, Ораз құлға арнап қанды пышағын қайрап-ақ қойған екенсің ғой, тірі қалдырмассың» деді ішінен, сөйтсе де: — Бекер олай жорисың, — деді түйешіге, — Қияқ әуекелдің түбі өз үйіріне қосылуына себепкер болады. І.Ес. ~ Әшейін, Арыстанның біздің үйге пышағын қайрап жүргенін айтайын деп едім саған… – деді Айбала. Ғ. Мүс.