Әбден болдырып, шаршады. ~ Тілеуқабыл — Қасқарау Сарыкемерде шабылды, Шапқыншының аттары Саурынан аққан тер,Пұшпағынан сабылды. Бейқам жатқан қалың ел Қарсы тұрмай жалынды. Ж.Жаб. ~ Мінген атын жаратқан, Жұртты өзіне қаратқан, Қылышы қия шабылған, Жүйрік аттың бәрі де, Пұшпағынан сабылған. Ж.Жаб.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПҰШПАҒЫНАН ІЛІНДІ
Қолға түсті, құрықталды. ~ Сені таңдамай, Кенжеханды алып сандырағаны рас болса, бүгін бізге келетіні де рас. Мен білген қыз болса, бұл бүгін пұшпағынан ілінеді. М.Әу. ~ Жоңғар қақпасының етегіндегі Сойқан сайда Қытай мен қазақ әскерінің алысқанына міне бір жеті болған. Бойлауық жылқы секілді бой бермей, екі жақ бірдей арандағанда, талай қанды ауыз бөрілер пұшпағынан ілінді. І.Ес.

ПҰШПАҒЫНА ДЕЙІН
Түгел, тегістей, түк қалдырмай. ~ Территория мәселені қойып, оны заңдастыру, қазақ жерінің әр пұшпағына дейін анықтап, ондағы тұрғындар мен олардың күнкөрісіне дейін нақтылап айқындау, Әлихан Бөкейханның кеңесі мен Әлімхан Ермековтің мойнына жүктелген болатын. Т.Жұрт. ~ Дүйсенбі мен сейсенбіде Жазушылар Одағынан тапжылмай, Алматыдан келген почтаны ақтарамыз: баспадан жаңа шыққан кітаптар, газет- журналдар пұшпағына дейін оқылады. Қ.Ысқ.

ПҰШПАҒЫНА АЙЫРБАСТАМАС ЕДІМ
Тең келмейді, татымайды. ~ Жат жерді төбемнен алтын құйып, жолыма жығылып жастық, жайылып төсек болса да Маңғыстаудың бір пұшпағына айырбастамас едім. О.Көш.

ПҰШПАҒЫН ҰСТАДЫ
Бір шетіне қол жеткізді6 болысты, ортақ іске үлес қосты. ~ Жазушылар сол баяғы ескі сүрдекпен кешегі коммунист жазушылардың қарсы жағына өтіп, қазақтың жоғын жоқтаушыға айналды. Ақындар да осы рөлдің бір пұшпағын ұстады. Драматургтар тіптен асыра сілтеді. А.Нұр.

ПҰШПАҒЫ ҚАНАМАДЫ
Бала көтермеген әйел туралы. * Ал ортаншы қатыны пұшпағы қанамаған адам. Оның да үйі бөлек. Бәйбіше осылардың ешбіріне қосылмайтын бөлек ауыл. І.Жанс. * Үлкен бәйбішесі Мәмила Елісханнан кейін екі қыз тауып, одан кейін бала көтермеді. Екінші әйелі Ділдәжанның пұшпағы қанамады. Ж.Шәк. * Ертең ауызы батыр бір тентек: «директорымыз ерге шыққалы етегі қанамаған тас құрсақ бедеу қатындай, ғылымға қосқан түк еңбегі жоқ, тұл ғалым»,– деп айқайлап шықса қайтеді? Ә.Нұрп. ~ Есіне отасқандарына он жыл болғанмен әлі пұшпағы қанап көрмеген қайқы бел келіншегі түсті. А.Сүл. ~ Еркек кіндігі шетіней берген соң, Шәукеннің құлағына сырға тақты. Шәукен намыстанып алып тастағанда оны әлі пұшпағы қанамаған келінінің бауырына салды. Т.Әл.