Posted in

ПҰШПАҒЫ ҚАНАМАДЫ

Бала көтермеген әйел туралы. * Ал ортаншы қатыны пұшпағы қанамаған адам. Оның да үйі бөлек. Бәйбіше осылардың ешбіріне қосылмайтын бөлек ауыл. І.Жанс. * Үлкен бәйбішесі Мәмила Елісханнан кейін екі қыз тауып, одан кейін бала көтермеді. Екінші әйелі Ділдәжанның пұшпағы қанамады. Ж.Шәк.  * Ертең ауызы батыр бір тентек: «директорымыз ерге шыққалы етегі қанамаған тас құрсақ бедеу қатындай, ғылымға қосқан түк еңбегі жоқ, тұл ғалым»,– деп айқайлап шықса қайтеді? Ә.Нұрп. ~ Есіне отасқандарына он жыл болғанмен әлі пұшпағы қанап көрмеген қайқы бел келіншегі түсті. А.Сүл. ~ Еркек кіндігі шетіней берген соң, Шәукеннің құлағына сырға тақты. Шәукен намыстанып алып тастағанда оны әлі пұшпағы қанамаған келінінің бауырына салды. Т.Әл.

Posted in

ПҰШАЙМАН БОЛДЫ (ЖЕДІ)

Өкініп қалды, опық жеді; бишаралық жағдайға түсті. * Сонымен, Мұқаш әрі елге жексұрын боп, әрі өкіметтен жақсы ат ала алмай, пұшайман болып, қалада бір-екі күн сандалып жүріп, ауылына қайтты.  Ж.Айм. * Қызық — жаңа ғана жасының біршама үлкендігімен, атының зорлығымен мысы басып тұрған Бағдан енді қыз ырқына түсіп, пұшайман болып қалғанын өзі де байқаған жоқ. С.Шайм. * Бұл фәнидегі өтті — кеттісі мен көрер -көрмесін, тартар қазабы мен азабын, пұшайман болған бүгінгі қауқарын есіне салғандай күйік боп итініп кеп тұрғаны. Қ.Ысқ. ~ Әжептәуір әйелдердің табанда кемтар боп қалған күйеулерін даттап, онымен пәлен жыл бірге тұрғанына пұшайман жеп жатқанын көрсең, өмірден безіп кеткің келеді. Н.Кел.

ПОРА-ПОРАСЫ ШЫҚТЫ

 Бетін жуып аққан тен, көз жасы хақында. * Жуынып жатып та, жуынып болып, ыстық шайды пора-порасы шығып ішіп отырып та көкейінен құдасы кетпей қойды. Неге бүйтті? Аяғаны ма? Н.Дәут. ~  Кесесін шәйнекке қарай жиі-жиі жүгіртіп, ұзақ ішті. Пора-порасы шығып, әбден терледі. С.Сыб. ~ Сондағы Тынышбай Рахимовтың кейпі әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Қайран ақын өзін-өзі тоқтата алмай, пора-порасы шығып жылап тұрды. (Осы сөйлемді жаза бергенде, дәл қазір көңілім босады.) Т.Мед. ~ Бал араласқан ыссы сүт пен қалың көрпе терлемеске қойсын ба, пора — порасы шығып, жүрегі қысылса да шыдап бақты. Терлеген сайын бойындағы жайсыздық саябырсығандай болған. Н.Сер.

ПОРА-ПОРА ТЕРЛЕДІ

Тері шүмелектеп ақты.* Әй, тым ұялшақпын.  Жасықпын.  Өз-өзімнен қалшылдап, дірілдеп…  Пора-пора терлейтінім-ақ жаман.  Әне, жұрттың бәрінің көзі бізде. С.См. * Мынау биікке пора-пора терлеп, пысынап шаршап шығып едік. Ә.Асқ. * Бетіңді аяз әлсіз ғана шымшиды. Қос таяққа сүйене, пора-пора терлеп, талай жерді аралап қайтамыз. Әсіресе, төмен құлдилаған керемет!  Е.Жең. * Жолсызбен тартқан соң ебіл-себілі шығып, пора-пора терледі.  Пора-пора жас бетін жуды. С.См. * Әй, өзі де қайтпастың қайтпасы ғой, екі күн бойы қол-аяғын созғылап, пора-пора терлеп, әбден дайындалды.  Е.Жең.

ПОРА-ПОРА ЖАС ШЫҚТЫ

Егіліп жылады, көз жасы моншақтап ақты. * Жаңа байқады, бұл көкеңнің жүзінен пора-пора жас сорғалап, егіліп, жүйкесі босап үнсіз жылап отырыпты.  Д.Досж. * Қожанияздың көзінен пора-пора жас шықты. Мұрын боғы да ағып кетіпті. Әбжалдың айызы әбден қанды. Н.Дәут. * Дірілдеген еріндер маңдайға, бетке, көзге емірене жанасты. Пора-пора жасы маңдайға, бетке, көзге ақты.  С.См. * Жолсызбен тартқан соң ебіл-себілі шығып, пора-пора терледі. Пора-пора жас бетін жуды. С.См.

ПІШТУ ҚҰРЛЫ (ҒҰРЛЫ) КӨРМЕДІ (БОЛМАДЫ)

Көзіне елемеді, адам демеді. ~ Орынбай жүрегі орнына түскен соң бөрте серкенің ерлігін айтып тауыса алмай келеді: «Ат бермейсіңдер, осындайда қуып кетсе қайтесіңдер?» — деп шағым да жасап қойды. «Атты қойшы — ашулы қойшы, өгізді қойшы — өлген қойшы» деген рас екен. Мені тіпті пішту құрлы көрмеді. К.Қаз. ~ Әй, Қорғасбай, қалқам, ауыл арасында шабуылдауыңды қой деп, мен саған қанша айтам. Біреу-міреуді басып кетесің ғой, — деп ылғи да ескертіп отырады. Бұл ескертпені Қорғасбай пішту құрлы көрмейді. Б.Соқ. . ~ Білсе, екеуінің бірі сездірер еді ғой? Қойшы, Жібекжан, қай қазаққа қай қазақ ұқсамай жатыр. Аласапыран заманның мені де бір аяғаны шығар?! Сен сезіктенбесең, басқаның өсек-аяңы маған пішту ғұрлы да болмайды. Б.Нұрж. ~ — Адамның өмірін, — деді ол ақыры, — пішту ғұрлы көрмейтініңізді мойындадыңыз ғой, әйтсе де ана пластинкадағы сөздің сіздің айтуыңызбен жазылғанына тіптен сене алмаймын. А.Крис.