Көзіне елемеді, адам демеді. ~ Орынбай жүрегі орнына түскен соң бөрте серкенің ерлігін айтып тауыса алмай келеді: «Ат бермейсіңдер, осындайда қуып кетсе қайтесіңдер?» — деп шағым да жасап қойды. «Атты қойшы — ашулы қойшы, өгізді қойшы — өлген қойшы» деген рас екен. Мені тіпті пішту құрлы көрмеді. К.Қаз. ~ Әй, Қорғасбай, қалқам, ауыл арасында шабуылдауыңды қой деп, мен саған қанша айтам. Біреу-міреуді басып кетесің ғой, — деп ылғи да ескертіп отырады. Бұл ескертпені Қорғасбай пішту құрлы көрмейді. Б.Соқ. . ~ Білсе, екеуінің бірі сездірер еді ғой? Қойшы, Жібекжан, қай қазаққа қай қазақ ұқсамай жатыр. Аласапыран заманның мені де бір аяғаны шығар?! Сен сезіктенбесең, басқаның өсек-аяңы маған пішту ғұрлы да болмайды. Б.Нұрж. ~ — Адамның өмірін, — деді ол ақыры, — пішту ғұрлы көрмейтініңізді мойындадыңыз ғой, әйтсе де ана пластинкадағы сөздің сіздің айтуыңызбен жазылғанына тіптен сене алмаймын. А.Крис.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПІШТУ ДЕМЕДІ
Мән бермеді, ескермеді. ~ Дүние байлығыңа пішту демейді. «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы»деген қазақтың сертін ұстап қалған Тоқкенттегі жалғыз жан осы шығар. Е.Әл. ~ Ойлап отырса, жарықтықтың қызықшыжығы бір атанға жүк. Қайсыбірін айтасың. Айтасың ғой, е соның енді кімге қажеті бар. Бүгін заман басқа. Бүгінгі заман кешегі дәуренге пішту демейді. Жақаурай қарайды. Н.Дәу. ~ «Қағаннан басқаның көзі түспеуге тисіті тәнімді қараға неге көрсетесің?» — деген орынды уәжіне керейдің ханы Тұғырылдың қызы Сорқақтан (Сарқатын — ?) пішту де демеді. Сөйтіп, Үгіл-Қаймышты «киізге орап, суға тастады». Т.Жұрт.

ПІШТУ ДЕ ЕМЕС
Түк те емес, оп-оңай. ~ Апыр-ай, өз әкесі де неге басқарманың оқуын оқымады екен? Сонда велосипед те болатын еді. Әттең, қу велосипед, әйтпесе Торғынға пішту да демес еді. Сабақты бәрінен жақсы оқиды, есепке бұдан жүйрік ешкім жоқ. К.Қаз. ~ Маскүнем күйеу тракторшы Қалибекке: — Егер сен солай жүрмесең, — деп жар жақты көрсетті, — мен трактордың астына түсемін. Трактордың астына түсіп өлу маған пішту де емес. Ш.Айт.

ПІШІНІН БҰЗБАДЫ
Өңін бермеді, қалпын сақтады. ~ … сүйтіп жиырма күн абақтыда жатқанда, жаңын туысқандарын, батырларын алып келіп көз алдында бірінің тірідей терісін сойып, бірінің қол- аяғын кесіп, бақыртып жатса да шыдап пішінін бұзбады. Шәк.

ПІТІРІ ҚАШТЫ
Берекесі кетті. * Келіншегімнің бейжай сыңайын көріп, пітірім әбден қашты. Жан күйзелісіне ұшырадым. Т.Берд.

ПІСТЕ МҰРЫН
Кішкене, сүйір келген, әдемі мұрын. ~ Пісте мұрын толық бетті ақ жігіт ай сәулесінің астында әрі оқыған, әрі сұлу жүзімен шынымен-ақ ыстық сезім іздеген таулы даланың өзінше бір геройы сияқты еді. М.Әу. ~ Өзеннің екінші жағында, ауылдың тұсындағы жиектегі қалың тал арасынан бір ұзынша бойлы сұлу қыз су алып жатты. Бүл дөп-дөңгелек, қап-қара көзді, пісте мұрынды, қап-қара шашын екі тал қылып Өрген сұрша қыз, судың ар жағында тұрған Ниязды көріп, шелектерін жерге қойып, соған қарап тұрды. С.Сей. * Жұқалтай ақ құба жүзі, қап-қара нұрлы көзі, әдемі пісте мұрны, оймақтай бүрілген аузы әлі де өңі таймаған ажардың айғағындай. Ү.Жәл.