Кішкене, сүйір келген, әдемі мұрын. ~ Пісте мұрын толық бетті ақ жігіт ай сәулесінің астында әрі оқыған, әрі сұлу жүзімен шынымен-ақ ыстық сезім іздеген таулы даланың өзінше бір геройы сияқты еді. М.Әу. ~ Өзеннің екінші жағында, ауылдың тұсындағы жиектегі қалың тал арасынан бір ұзынша бойлы сұлу қыз су алып жатты. Бүл дөп-дөңгелек, қап-қара көзді, пісте мұрынды, қап-қара шашын екі тал қылып Өрген сұрша қыз, судың ар жағында тұрған Ниязды көріп, шелектерін жерге қойып, соған қарап тұрды. С.Сей. * Жұқалтай ақ құба жүзі, қап-қара нұрлы көзі, әдемі пісте мұрны, оймақтай бүрілген аузы әлі де өңі таймаған ажардың айғағындай. Ү.Жәл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПІСПЕГЕН ЕГІН ЖАСТАЙ ОРЫЛДЫ
Жасына жетпей қайтыс болды, уақытынан бұрын өлді. ~ Үзіліп жерге түсті қызыл гүлім, Мезгілсіз батып кетті-ау күндіз күнім?! Піспеген егін жастай орылған соң, Дал болып тоқтап қалды-ау сөйлер тілім! М.Ж.Көп.

ПІСІРІП ЖЕСІН (ЖЕ)
Ойына келгенін істесін, маған бәрібір д.м. ~ Оның басқасын қойшы – екі дүниеде обалы жоқ Дәуітбайды, қажет болса, пісіріп жесін, жазықсыз біреулерге қиянат жасап, сонысы қиын боп тұр… Т.Әбд. ~ Мейлі не істесе о істесін, тіпті сол төрелерді пісіріп жесін, қыңқ десем құдай соқсын»… І.Ес. ~ Он бес минуттық хабар. Әйелі екеуінің келісімі – сол он бес минут Борқандікі. Қалған уақыттың барлығын анау керек десе, «пісіріп жесін». Н.Дәу. ~ Билігің келмеді десең менің көрік… осы жерде пісіріп же, берер балам жоқ, — деді. Мұны тілмаш «перевод» қылып әбден түсіндірді. Сот ашуланып, үстелді тағы қойғылады. І.Жанс.

ПІСІРІП ЖЕЙМІН БЕ
Оның маған керегі не д.м. ~ Қанат үй ішіндегі қонақтарымен амандасып болып, қолын сипалап асыға сөйледі: — Теміреш ағай? Сағат ағай? Профессор ше? — Бәрі де келеді. Тек, өзің ұялмасаң? — деп Жонас күліп қойды. — Достардан жасырып ол ұятты пісіріп жеймін бе? Ғ.Сл.

ПІСІРІП ЖЕДІ
Сілесін қатырды, жерден алып жерге салды, басып-жаншып қорлады. ~ Солай болған соң, иа бауырмал деген сөзден қашып, бейбауырмал үкіметтің ыңғайымен болып, қазақты басқалар пісіріп жесін, шикі жесін үндемей қарап отыру керек: не бауырмал деген сөзді басқалар ауыр мағынада айтса да, қазақ азаматтары ауырламай, қазақтың сөзін қаймықпай сөйлеуі керек. Енді осыған жеттік. А. Байт. ~ Мені жалғыз деп кім айтады? Менің соңымда бүкіл ел тұр. Егер мен жалғыз болсам, жаңағы Таубайлар баяғыда– ақ кәуап қып пісіріп жемей ме? Қ.Жұм. ~ Көке, − деген бірде Жалғас. − Сіз баяғыда бәйге аты бір ауылды асыраған деп едіңіз ғой. − Дегем. − Папама айтсам, пісіріп жеп қоя жаздады. Н.Дәут.

ПІСІРІП АЛДЫ
Дайындады, пысықтады. ~ Көптiлеу маңғаздана түстi. Ол бүгiн сенiмдi-сенiмдi деген кiсiлерiне сәлем айтып, әңгiменi алдын ала пiсiрiп алған-ды. Б.Алд. ~ «Құдайдың мені басқалардан мүлде ерекше етіп жаратқаны, ал жазатындарымды бір күн бұрын ойлап, миымда әбден пісіріп алатын талант бергені дұрыс болды» деп үш тұжырды. Ғ.Қаб. ~ Баламыздың үйі еді, қазір келіншегі екеуі Мәскеуде… Көшіп келе беріңдер, қарақтарым,— деді. Ақы-пұл жағын пісіріп алғым кеп қипақтап едім. Б.Тоғ.