* Шіріген бай болмаса да, жыл өткен сайын үйіне береке кіріп, шаруасы күйленді Тәліптің. М.Кәрім.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАРТ ТА ШҰРТ
* Нағыз бір өз күшіне сенген ұрдажық, ожар неме екен, балағаттап, келе Сейілханды құлақ шекеден қойып жібереді. Ондайға төзетін Сейілхан ба, шарт та шұрт төбелес басталып кетеді. Т.Ахт.
ШАРУАСЫ ТҮГЕЛ
Қайғысы жоқ, алаңсыз, өз есебі өзінде. ~ Әжмұраттың шаруасы түгел. Өңешін жырта айқайлап, айта түседі. Ш.Айт. ~ Тұяқты тұлпар, қанатты сұңкар-ай, кілең, Жарысты бейбақ шаруасы түгел сайлымен. Бармағын тістеп, амалсыз қазақ тоқтапты, Үмітпен күткен келмесе аты бәйгеден. Т.Молд.
ШАРТ ТҮЙДІ
Сөзін кілт тәмамдады, байлам жасады. * «Миллиондаған теңгеге коттедждер сала отырып, неліктен олар қарыздарын мемлекетке төлемей отыр»,-деп шарт түйді Мемлекет басшысы. БАҚ. * Бұл ұйым білім беру саласындағы барлық мекемелерді қамтитын болады, — деп шарт түйді министр. БАҚ.
ШАРУАСЫ ТҮГЕЛДЕНДІ
~ Кешке Тілеу бір тоқтысын сойып көршісіне ерулік берді. Енді Тілекең шаруасы түгелденгендей. Ә.Кек.
ШАРТАБАҚТАЙ АУЫР
* Оқиғаның басталуы, да¬муы, көркемдік шешімі, нысаны қат- қабат қатталып, көркем ойдың салмағы сом-данып шыға келгенде шап- шағын әңгіменің салмағы шартабақтай ауыр тартады. Т.Жұрт.
ШАРУА БАҚТЫ
* Шаруа баққан адамның әр нәрсені орайластыра жүретін әдеті емес пе, Өмірбек жолшыбай қысқы мал жайылымына соға кетуді мақұл көрді де, Тасқұдыққа тартты. С.Шайм. * Тау-тасты, өзен-сулы, орман-тоғайлы алтайдың әр қойнауында шаруа бағып отырған момын елді қинайтыны, әсіресе осы жол азабы еді. О.Бөк. * Әрине, күнкөріс қамы үшін шаруа бағып, мал өсірген де жақсы. Қ.Жұм.
ШАРҒА ҰСТАДЫ
Қайрады, өткірледі. ~ Мен бір шарға ұстаған Қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім, Қайраса тағы жетілдім… Махамб.
ШАРҒАСЫ ЖЕТПЕДІ
Шамасы келмеді. * Тіліңді алдыра алмайтының бар, шарғаң жетпейтін жердің дау шарына неге араласасың? Ә. Кек.
ШАРИҒАТТЫҢ ШӘЛІСІН ЖАМЫЛДЫ
Намазға жығылды, дінге берілді. * Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен де бар, мұсылманша оқытып, хат танытты. Мен сол күннен бастап бес уақ намаз оқып, шариғаттың шәлісін жамылдым. О.Бөк.
