Әлдебір күрделі мәселеге қатысты байлам айтуын өтінді, рұқсат сұрады. ~ Ол жүрген өз келінін алып қашып. Жастар барып қосылды араласып. «Молдадан пәтуа сұрап ел жіберді» – Дегенге нанды Қодар қара басып. Шәк. ~ Үсендіктердің үлкені ретінде бүтін бір рудың атынан сөйлеп, пәтуа сұрапты, тұрысар жерді нұсқапты. Алайда, қайсар Нұрбай дегенінен қайтпапты. Қызын қайтарудан бас тартып, сөз дарытпапты. Б.Мом.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПӘТУА ҚЫЛДЫ
Мәселе шешті, байлам жасады. ~ Халық атасы болған, аты бар, қадірлі, сыйлы қартты ауылдас ағайындар ажарлап, ортадан көмуге пәтуа қылды. Ә.Нұрп.
ПӘТУА ҚЫЛДЫ
Мәселе шешті, байлам жасады. ~ Халық атасы болған, аты бар, қадірлі, сыйлы қартты ауылдас ағайындар ажарлап, ортадан көмуге пәтуа қылды. Ә.Нұрп.
ПӘТУА ЖОҚ
Береке, тиянақ, тыйым жоқ. ~ Сансыз жиылыстың, сансыз сайлаудың жуан ішінде жүрдік. Сөз көп. Пәтуа жоқ. Жиналыс көп, тиянақ жоқ. Үкімет әлсіз. Үкімет комитеттің қолында болмай, ақырында Керенский үкіметінің уездік комиссары келді. С.Сей. ~ Бірақ не керек, жөнді адам шыға қоймады. Мақтанқұмар, тост көтеріп, көпіртіп сөйлеуге әуес-ақ, бірақ пәтуа жоқ. Ш.Айт. ~ Бөкен бет- жүзі мүлдем өрт шалғандай боп лапылдап қызарып, қаны сыртқа теуіп, алға қараған күйі мелшиген де қалған. Қатты ұялды. Өмірінде бүйтіп ұялмаған шығар. Терлеп кетті. Түу, ұят- ай! Бұл Көкбайда еш пәтуа жоқ- ау. C.Мұр.

ПӘТУА БІТТІ
Ақыл қонды, береке бітті. ~ Қара тазы күйге елтігендей қызыл тілін салаңдатып, көзін жұмып- жұмып қояды. Жыбырлақ Күдеріге де пәтуа біткен. Сөзден де, қимылдан да тыйылған. Тілеу, сірә, тым- тырыс қалпы. Ә.Кек.

ПӘТУА БЕРДІ
Әлдебір даулы мәселеге қатысты шешім айтты. ~ Оның істейтіні — жұма сайын жұртқа о дүние туралы уағыз сөйлеу, тамұқпен қорқытып, ұжмақпен қызықтыру, қажыларға қонақтан-қонаққа жүру, дау-шарлы мәселеге пәтуа беру, домбыра тартып ән салуды күнәға жазу, көңіл көтеріп ойнаған жастардың жиылысына лағынет айтып тараттырып жіберу, жас әйелдердің еркекке араласпай аулақтануына насихат айту. І.Жанс. ~ Ақылы қостайды, шариғаты қарсы. Ашық пәтуа бере алмай тұспалдай салды бір кезде: — Капыр Шаддаттың да жақсы еңбегі зая кетпеген. Аспандағы сегіз ұжмақтың бірі жерде соның салдырған үйі. Ғ.Мұст.
ПӘТУА БАЙЛАСТЫ
Қол алысып, келісімге келді, шарт жасасты. ~ Сосын бұйда ұстар мен бұйда ұстар қырқысып, екі ортада елдің арасына іріткі түсіп, қиырман-шиырман болып жатқаны. Ал, Тарбағатайдағы жиында бұдан былай күллі ойрат басшысынан кещесіне дейін бір жосық, бір жәнмен жүреміз деп пәтуа байласыпты. Ә.Кек.~ Алғашқыда бұған Құдайменде ауаланып, қызығып қалса да, пәтуа байлар жерде қолын бір сілтеді… Ә.Нұрп. ~ Ал, Тарбағатайдағы жиында бұдан былай күллі ойрат басшысынан кещесіне дейін бір жосық, бір жәнмен жүреміз деп пәтуа байласыпты. Ә.Кек. ~ Иран басқыншылығына тойтарыс бермек боп, үш жүздің баласы бас қосып пәтуа байласқан уәлі жерде осы таудың құйылысы. Т.Әл.
ПӘТУА (ПӘТУАЛЫ) СӨЗ
Байламды, тиянақты сөз. ~ Бірер рюмка ішіп, қыза бастаған жігіттер, аздан кейін «шуламайық» деген пәтуа сөзді ұмытып кетті. Б.Тоғ. ~ «Осы жер жүзінде қол соғудан жарыс өтсе біздің ел‚ әй‚ бірінші орынды шаппай алар- ау! » деп мырс етті шығып бара жатып. Кісі деген пәтуалы сөзге қол соғу керек емес пе. Қ.Түм. ~ «Тату болайық» айтылмаған сөз қазақтың құлағына түзы татымай тұрған бәдік әңгімедей естіледі. Бірақ, олар дүниедегі ең бір пәтуалы сөзді орынды-орынсыз көп айтып, бәдік әңгімеге айналдырып алғандарын өздері сезбейді. Ә.Кек.