Posted in

ПИҒЫЛЫ АРАМ (БҰЗЫҚ)

Жымысқы, теріс ниетті. * Байқап жүрмін, кейінгі кезде осы қасиетті храмға кім көрінген, ойы пәс, пиғылы арам, қаламақыны ғана көксеген көксоққандар еніп кететін болыпты. Д.Досж. ~ Бірақ бұл ойына да табан тірей алмады. Кім де болса пиғылы арам, ниеті бұзық біреу. Ө.Кәр.

Ойы, ниеті жаман. ~ Өзіңіз түсініп тұрсыз, ұят емес пе. Пиғылыңыз бұзық екен, ағай. Айтып еді-ау, бәсе. Екіншіден, Көкжалдың арқа басында ақ тікенді сай жоқ, жыңғылды сай бар, кге-кге-кге. Ж.Нәж. ~ Құдай қосқан қосағым еді ғой ол.  Жалғыз ат мінген, жалғыз тазы ерткен жарлы едім, үкіметке пиғылы бұзық деп жала жапты, ашу үстінде үкімет өкілін жазым қылып, енді менің жүрісім мынау. Ә.Тар. ~ Бізді ақымақ қылған. Әйтпесе, осылай бірден тұрып кетуге бола ма? Бізді ақымақ қылып жатқан. Пиғылы бұзық, бұл бүгін қашады, Түнғатарға қашады.» Ә.Тар.

Posted in

ПӘТУАСЫ ЖОҚ

Тиянағы, мәні, тұрлауы жоқ. ~ Міне, біздің «рипормамыздың» түрі осындай. Идея дұрыс, ісіміз бұрыс. Дайындықсыз басталған істің пәтуасы жоқ. Г.Бел. ~ Ал енді бүгін тіл киесін елеп жатпайтын болдық. Сондықтан ба, бүгінгі ел аузындағы, жұрт арасындағы сөздің пәтуасы да, дуасы да жоқтай көрінеді. Ж.Аяз. ~ Өнер деп өмір сүрдік, әдебиет деп бейнет кештік. Тұрлаусыз дүние екен, пәтуасы жоқ, түбіне жетсек те, біз оқып- тоқыған, санамызға, көкірегімізге түйген ілім- білім — баянды бақытқа, ізгілік- қайырым — шапағатқа, ізденіс пенделік қуанышқа жеткізбеді. Д.Аман.

ПӘТУАСЫ БОЛМАДЫ

Берекесі, мәнісі, оң нәтижесі болмады. ~ «Голщекиннің көпірме сөзімен коммунизм құра алмайсың», – деген уытты сөзі де сол тұста айтылды. Расында да Голощекиннiң «көсем сөздерiнің» пәтуасы болмады. Т.Жұрт.

ПӘТУАҒА ТҰРДЫ (ТҰРАҚТАДЫ)

Даулы мәселе бойынша келісімге келді, бір шешімге тоқтады. ~ Аруақтан қорқып пәтуаға келетін тайшы қайда!.. көзіне қан толып, андыздай орағытып, кенеуі кеткен үркердей топты үрпитіп қоршап алады. Д.Дос. ~ Шағын мысал: терістіктің сөзін ұстаған ақсақал би жазира даланың келесі пұшпағында жатқан жайбасар биге дұғай сәлем жолдады деңіз. «Пәленше-е-ке, ата жолынан бұрылмайық, осындай пәтуаға тұрайық»,– деп. Д.Дос. ~ Шырғалаңы мен шытырманы көп қыр тіршілігінде қырық құйқылжыған қырқылжың дауларда бір пәтуаға тұрақтау барымтаға барып қайтудан әлдеқайда қиын шаруа. Ә.Кек.

ПӘТУАҒА КЕЛДІ

Келісімге келіп, ортақ шешім қабылдады. ~ Осы жылы Орынборда да генерал- губернаторды ішіне ала отырып, жоғары және төменгі қалмақтар жайында түбегейлі әңгіме жасап нақтылы пәтуаға келуі керек. С.Ақт. ~ Қайда апарып қоямыз?» Бұл әңгімеге қатысқан үлкендер ақылдаса келе: «Коммінистерді» ендеше мұсылман зиратына араластырмай бөлектеу жерлеген жөн болар» десті. Бәрі осы пәтуаға келді. С.Ел. ~ Аруақтан қорқып пәтуаға келетін тайшы қайда!.. көзіне қан толып, андыздай орағытып, кенеуі кеткен үркердей топты үрпитіп қоршап алады. Д.Дос. ~ Дәу де болса, бізге жала жапқалы Бойковтың пішенін өртеген Аралбайдың өзі деген пәтуаға келген. С.Ом. ~  «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деп ағайыншылықпен пәтуаға келіп, бітісе қалатын мамыражай кезеңнің сәт санап алшақтап бара жатқанын талай жылдардан бері ел басқарып келе жатқан сұңғыла көңілді қария біреудей-ақ ұғынатын. С.Баяз.

ПӘТУА СҰРАДЫ

Әлдебір күрделі мәселеге қатысты байлам айтуын өтінді, рұқсат сұрады. ~ Ол жүрген өз келінін алып қашып. Жастар барып қосылды араласып. «Молдадан пәтуа сұрап ел жіберді» – Дегенге нанды Қодар қара басып. Шәк. ~ Үсендіктердің үлкені ретінде бүтін бір рудың атынан сөйлеп, пәтуа сұрапты, тұрысар жерді нұсқапты. Алайда, қайсар Нұрбай дегенінен қайтпапты. Қызын қайтарудан бас тартып, сөз дарытпапты. Б.Мом.