Байламды, тиянақты сөз. ~ Бірер рюмка ішіп, қыза бастаған жігіттер, аздан кейін «шуламайық» деген пәтуа сөзді ұмытып кетті. Б.Тоғ. ~ «Осы жер жүзінде қол соғудан жарыс өтсе біздің ел‚ әй‚ бірінші орынды шаппай алар- ау! » деп мырс етті шығып бара жатып. Кісі деген пәтуалы сөзге қол соғу керек емес пе. Қ.Түм. ~ «Тату болайық» айтылмаған сөз қазақтың құлағына түзы татымай тұрған бәдік әңгімедей естіледі. Бірақ, олар дүниедегі ең бір пәтуалы сөзді орынды-орынсыз көп айтып, бәдік әңгімеге айналдырып алғандарын өздері сезбейді. Ә.Кек.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПӘТІ ЖАМАН (ҚАТТЫ)
Қарқыны, екпіні күшті. ~ Шынымен тоқтамас па екен? — дедi. Бейне өз төрiнде көсiлiп жатып, жолаушышыққан бұның шаруасын сұрап тұрғандай, оны ештеңе де алаң етер емес.— Қайдам, мынаның пәтi жаман.— Тоқтар, не көрiнiптi, Тышқанбайып астанопкi алып берем деп едi. Б.Алд. * Шөлдегі температураның бір ғана тәулік ішінде күрт секіруі пәті қатты желдерді туғызады. Ә.Жұм.

ПӘСІН БАСТЫ (КЕМІТТІ)
Бетін қайтарып тастады, құнын түсірді. ~ Бір қызығы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы мұндай «без өшірет» науқандарды демократиялық стандарттарға үйлеспейді деп пәсін басып тастаған. Яғни оның қызығатын ештеңесі жоқ! М.Тоқ. ~ Жүрегі адал ердің ел деп соғар, Сатпайды ар-намысын пайдасына. Біреулер сырттан өсек сөз сөйлейді, Кемітіп ердің пәсін болмашыға. Ғ.Қож.

ПӘСІ ТӨМЕНДЕДІ (ТҮСТІ)
Құны кетті. ~ — Иә, солай, үлкен кісілердің алдында әдептілік керек, — деді жігіт енді бір түрлі пәсі төмендеген үнмен. Н.Ақ. ~ Қай заманда да барымызды бағамдау, табиғатымызды түгендеу дәстүрі қанымызға сіңген асыл қасиет-тің бірі болып келді, болашақта да пәсі төмендеп, мәнін жоймасына бек сенімдіміз. Қ.Қар. ~ Мен өзімнің аңғалдығымды түсінген болып, тәубеме келгендей ой кештім. Әлгі «құнды» пікірімнің пәсі түсті. С.Қар. (БАҚ). ~ Кейде қиын оралымдарды, астарлы ойларды, емеурінді әзілді қара өлеңнің жолдарымен жеткізе қоятын. Сол «ұшқырлық» кейде оның бәсін де биіктетті, кейде пәсін де түсіріп жүрді. Н.Айт.

ПӘСІ ТӨМЕН
~ Ақын Мұқағали Мақатаевтың: Солай да, солай, қарағым, Көңілдің таппай қалауын, Жастықтың жықпай алауын,Отыздан асып барамын.., – дейтін өлең жолдарын жатқа айтатын ұрпақтың неге қыз алдында пәсі төмен. Бойындағы берекесіздіктен, екінші біреу – тұйықтықтан, үшіншісі орынсыз ұялшақтықтан отбасын құра алмай жүр. С.Қаж. ~ Үлкен театрдың іргетасын бірге қаласса да, театрға жиі барамын деп айта алмайды. Бұған келгенде пәсі төмен. Қ.Жиен. ~ Ресми тілдің реңі қалың болғанда, ана тілдің пәсі төмен. Сол себепті, ресми тілді БАҚ-тың сөзі жерде қалған емес, қалып та жүрген жоқ. Қ.Айт.
ПӘС ТАРТТЫ
Көңілі түсті, жабырқау тартты. ~ Әрине, бұл ырғасуда Құнанбайдың мысы пәс тартқан. Баяғы жігер мен алғыр мінез шау тартқан кез. Сөздің құнын түсіретін Құнанбай емес. Ішінен тынған. Т.Жұр. ~ Білтесін басқан шырағдандай көңілім менің пәс тартып, төбеден төмен қарай түспекші едім… шаң– шұң дауыстарды естіп, сатыға аяқ артқан күйі тұрып қалдым. Ш.Мұр.