Сөз қыларлықтай, көңіл аударарлықтай (түк те болған емес) д.м. ~ Жүзінде бір кіреуке бар. Жалтақ-жалтақ қарап қояды: інісіне айтары да көп сияқты. Пәлендей ештеңе жоғын, тек жібергісі келмей қимай жүргенін әрине Науан біледі. М.Сүн. ~ Айнаш күлімдей ойланып қалды. «Пәлендей ештеңе болмаған. Ол кеше Әділханмен кездесті. Екеуі көшеде ұзақ қыдырды С.Мұр. ~ Айнаш күлімдей ойланып қалды. «Пәлендей ештеңе болмаған. Ол кеше Әділханмен кездесті. Екеуі көшеде ұзақ қыдырды. М.Сүн. ~ Сол-ақ екен, әлгіден бері қайырған жауап-тарын, ойша қайыра екшеп, қайта тыңдаған. Бет қызартар пәлендей ештеңе таппады. Ж.Нәж. ~ Мисс Брейди коп ауырмай дүние салған. Оны емдеген дәрігер пәлендей ештеңе айта алмады. А.Крис.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОЙЫНДА ДА ЖОҚ
Әлдене туралы еш ойланбау, есепке алмау, санаспау туралы. Ал енді біздің қазақ жайына келсек, әуелі бұл заманның өнер-білімнің заманы екені ойында да жоқ! М.Дул.~ Бүгін оны Жұмекең далада қоздап қалады деп үйде қалдырған. Оның қоздай қою ойында да жоқ сияқты.Кешкі шолақ әңгімеміз өрістен қайтқан сотқар сиырды байлаумен аяқталды да біздің дәрігер келгеннен кейін тамақ ішуге үйге кірдік. Х.Ес.

ҚОЛ ҚЫЛДЫ
Пайдаланды, малданды. ~ Сол өнер-білімдерінің арқасында жерді ақтарып, отты-суды қол қыла бастады. М.Дул. ~ Одан арғыларды айтсам, айтпақ түгіл ойласам, ұйқымнан шошып оянғандай болдым. Жалғыз мен емес. Тоқберлінің есігінде мен секілділердің талайы тұрды. Соның қайсысы игілік көріп шықты дейсің, бәрі де көзінің жасын қол қылып, жүйкесі құрып жөнелетін… Б.Майл.

ПӘЛЕН ДЕРЛІК
Айтарлықтай, соншалықты. ~ Келісімді тәтті ой, әр шеберлік Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік. Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай, Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік? Абай. ~ Қайраты болмаса да пәлен дерлік Мұндайда күншілдер де етеді «ерлік» Қызғаншақ өз бойынан күш іздейді Ақ боран тыныш күнде көтерерлік. Ә.Тәж.
ПӘЛЕН-ТҮГЕН ДЕДІ
Неше түрлі сөз айтты. ~ Байжанның баласын жұрт пәлен-түген десе де, асылдың тұқымы ғой, әлі-ақ өскен соң түзеліп кетеді,- деп өзі босап тұрған Сәрсенбайды құда қылуға айналдырды. М.Дул. ~ — Жау тылына, орманға түскеннен-ақ фашистер листовка тастап, «беріліңдер», пәлен-түген деп бізді айналдыра бастады. А.Жақс. (Қ.Қайс.)
ПӘЛЕЛІ ЖЕР
Кесірлі, кесепаты жер. ~ Ысқақ өмірінде мұндай қорланып, аяқасты болмаған шығар. Ақыры осынау пәлелі жерге жақынкеліп қонғанына өкіне бастаған. ~ Бұл дүние не боп барады, япыр- ау?! Қ.Жұм. ~ «Қыршаңқы мен жауыр қасынысып табысады» деген осы екен. Ысқақ өмірінде мұндай қорланып, аяқасты болмаған шығар. Ақыры осынау пәлелі жерге жақынкеліп қонғанына өкіне бастаған. Бұл дүние не боп барады, япыр- ау?! Қ.Жұм. ~ Тоқ етері, тірліктері тірлік емес. Үйде амал жоқ, үйден тыс клуб, кино, би деген пәлелі жерде Әйештен бес шақырым аулақ жүрейін десем, мамам: «Әпкеңнің ізін бақ. Кім көп, көшенің қағылған-соғылғаны көп бұл күнде. Сенен басқа қорғап-қолпаштайтын қай аға, қай інісі бар?» деп, шошына қалады. М.Қаб.
ПӘЛЕДЕН ҚҰТЫЛДЫ
Бір кесепаттан аман қалды. ~ Малыбайды төркініне алып кеткеніне қарсы болмағанының бір ұшы да сонда жатыр еді. Қадалып отырып алатын «пәледен» құтылғанды жөн керген-ді. К.Қаз.
ПӘЛЕДЕН АУЛАҚ (ЖҮР)
Кесапаты, залалы тиетін нәрсеге (кісіге) жолама д.м. — Әй, осы Бекбай шынымен шпион сияқты. Баяғыда бір орысшакітаптар оқып жүретін… Пәледен аулақ. Разияны жыламайтын бір жерге берейік.- деді түршігіп. Ж.Сәм. ~ Әскербектің қобызға деген ала- бөле құштарлығы мен жанашырлығын сезді де «осы пәледен аулақ жүргеніміз абзал» дегендей, бағасы туралы ауыз ашпастан, кері бұрылды. Қ.Жиен. ~ — Шаруаға жарайтындай жігіт болғандығыңды білемісің. Енді мұнан былай телевизор деген пәледен аулақ жүр! Адамның жар жасын кемітеді қызталақ! Тыңда! — Ақ матаға мұқият оралған затты Төребайдың қолтығына қыстырды. Қ.Жұм. * — Шаруаға жарайтындай жігіт болғандығыңды білемісің. Енді мұнан былай телевизор деген пәледен аулақ жүр! Адамның жар жасын кемітеді қызталақ! Тыңда! Қ.Жиен.