Posted in

ПӘРУАЙЫНА (ПӘРУЕЙІНЕ) АЛМАДЫ

Елемеді, мән берген жоқ, қаперіне алмады. ~ Шіркін, талай түн қараң-ғысында жау жеттілеп шу көтергенмен бетпе- бет келуге жүректері дауаламай, тап берсе киіз үйге қарай безіп жоғалатын қосүрей маң төбеттердің байбаламын пәруайына алмастан қотан-ға кіріп кетіп, ынжық хайуанды қолтықтап алып, асықпай сайға қарай жүріп кетуші еді. К.Сег. ~ Осындайда асынды жегізу де абырой екенін енді сезгендей қымызын соза сапырып, қара самардағы туралмаған бір шөмеле етті табақ түбіне ентелете итеріп қойды, өмірі сыйлы қонақ қабылдап көрмеген күсті байғұс мұның да Жәмиланың арқасы екенін пәруейіне алған жоқ, өмірі табақтас болып көрмеген Сиғатты қайда апарып қоярға орын таппай отыр. Қ.Ысқ.

ПӘРМӘНӘ БОЛДЫ

Ебелектеп, қалбалақтап, асты-үстіне түсіп, бәйек болды д.м. * Жарас (Айманға оңашалап). Екі дәудің пәлесі әрі аз ғана, әрі момын елім Шөмекейге түсе ме деп сол үшін пәрмәнә болып ем. М.Әу. ~ «Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмәне болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?» Абай. * Өйткені есіктен кіре берсе, қарт шешесі мен бұған пәрмәне болған жан серігі, есті жары — Сәтжан қатарынан оба болып жатыр екен. М.Әу.

Posted in

ПӘРЕ-ПӘРЕСІ ШЫҚТЫ

Күл-талқан болды. ~ Тек бүгінгі емес қашаннан бергі әдет осы: елдің ит таласқан жас терідей онсыз да пәре-пәресі шығып бара жатқан төл мінезін басқадан тапқанда оп-оңай төңкеріліп қалады. А.Сүл. ~ Көп ойланып, қатты толғандым. Өзіме-өзім аямастай ауыр кінә қоямын. Жан дүнием екіге жарылып, жұмырықтай жүрегімнің пәре-пәресі шығуға айналды. С.Ғабб. ~ Күннің өзі жылынғаныменен, жұдырықтай жүрегі неше алуан қасіретпен пәре-пәресі шыққан адамдар көңілі жабырқау, қабақтары жібімеген сияқты.  С.Ғабб. * … бірер күннен соң шөпке барып қайтқан Манар шарығынан су өтіп түс кезінде үйіне келе жатқанда, жұмыстан қаштың деп соңынан қуып кеп, ауылдың қақ ортасында көшеде аттың бауырына алып тұрып, пәре- пәресін шығарыпты. С.Мұр.

ПӘЛЕСІНЕН АУЛАҚ

Құрсын, залалы тиер, пәлеге қалармыз д.м. * – Қой, пәлесінен аулақ, екеуміз қазына іздейміз деп жүріп, сүйегімізді осы үңгірге қалдырармыз, қайтайықшы, – дедім Ештайға жалынышты үнмен. К.Сег. * — Әкет, ойбай!  Пәлесінен аулақ!  — дегенді сары кемпір Ситанға арнап айтып еді.  — Сол Мәтпұсаңның өзіне апарып бер! Қ.Ысқ.  − Ы-ы…- деп ыңырсыды біреуі. − Жүріңдер, құрысын кетейік, — деді Әжібек. — Пәлесінен аулақ!   Күткеніміз де осы бұйрық еді, зытып далаға шықтық. С.Мұр. * − Сөйтіңдер, Қанатай, сөйтіңдер. Пәлесінен аулақ,- деді әпкем көңілі орнына түскендей.    С.Мұр.

Posted in

ПӘЛЕСІН ҚАРА

Қарай гөр өзін д.м. кекесін, менсінбеушілік. ~ Сақаң оң қолын қолтығына сүңгітіп жіберіп, ойды-қырды біраз шарлап алды. –Мына шыбардың пәлесін қарашы, ей! Бәнуді бәлнеске өткізіп тастап, емін-еркін бір бұлғақтайын деген екен! Екі баланы ұйқтатып, басжіпсіз кетпек қой!  Ғ.Қаб. ~  Әсіресе Сапар киіктің асығындай боп алып, қутың- қутың етеді. Пәлесін қарашы… М.Сүн. ~ Бұны көріп, бәрінің көздері шарасынан шығып, тілге келе алмай, состиып-состиып тұрып қалған. Әлде, бір пәлесі жұғар деп қорықты ма, болмаса, дау-шар жасар деді ме, қабақтары түсіп кетті. Н.Дәу.

Posted in

ПӘЛЕСІ ЖҰҚТЫ

Кесірі тиді. ~ Көкпар шықпай тұрғанда қайтсақ қайтеді? Бір пәлесі жұғар,— дейді Алтын тіс. — Пәлесі жұғар болса, болдырмай-ақ қоймайсыздар ма? — деп сұрайды Елеусіз. Алтын тіс түсіндіріп жатыр. Қазақстанның қырық жылдық тойында ұлттық ойындардың бәрі көрсетілсін деген нұсқау бар екен. Сол себепті көкпарға да рұқсат етуге тура келеді. Т.Әл. ~ Бұны көріп, бәрінің көздері шарасынан шығып, тілге келе алмай, состиып-состиып тұрып қалған. Әлде, бір пәлесі жұғар деп қорықты ма, болмаса, дау-шар жасар деді ме, қабақтары түсіп кетті. Ш.Құм.

Posted in

ПӘЛЕНІҢ БАСЫ

Әлдебір дау-жанжалдың, кесепаттың бастауы д.м. ~ Жантуарға қайтарар сөз қалмады. Пәленің басын өзі қозғаған соң амалсыз телефон трубкасын көтерді. C. Шайм. ~ Бұл індет, бұл жексұрын ауру балаларға үлкендерден жұққан. Пәленің басы Киікбай, Найза деуден басталады. Жік-жік боп, бөлектеніп шыға келеміз. Б.Соқ. ~ Пәленің басы осындай «былшылдамадан» басталды. Алдабергенов ашуланып шығып кетті. Сазарып Плотник қалды. С.Бақ. ~ Қыжды жеңге бұзады. Жеңгені теңге бұзады. Бар пәленің басы сен. Өз қолыңмен шығарып бергенсің. Р.От. ~ Бес кило бидай үшін бес жыл сұраған әлдекімге ұқсап қай пәленің басын қылтитып тұрсың? К.Жүн.

Posted in

ПӘЛЕНІ БАСТАДЫ

Әлдебір кесірлі істі (әңгімені, дауды) бастады. ~ Қармыс руын еркектен арман ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр. Ескі өкпе, ескі жара ұмытылған секілді еді ғой. Ерғазыны тұтқындап, онысы аз болғандай қозыдай көгендеп, пәлені бастаған өзі. К.Қаз. ~ — Даусым қатты шықты. Бірақ, артынша жайлап топқа қарасам, бағана балдағына сүйеніп бедірейіп отырған Балықбай жерге қарай шөгіп кеткен екен. Пәлені бастаушының бірі осы ма деп қалдым. Бірақ, долбардың аты долбар. С.Бақ. ~ «Бар!.. бар!.. балам, өздері келіп аяғыңа жығылып, бар пәлені бастаған өздері иіліп, кеп қол қусырып «жаздық, жаңылдық» деп тұрса — бұл да болса бір құдайдың қарасқаны шығар!.. Д.Дос. ~ И с а б е к . Мәмбет, бар пәлені бастаған сен, саған күдігім бар деуге аузым армайды. Әрине, бірақ сол штабқа барғаның ойыма оралған сайын өзіме-өзім жауап таппай қиналамын. Қ.Мұх.