Posted in

ПӘЛЕ ЖҮРДЕК, БАҚ ТАЙҒАҚ

Басқа қырсықтың келуі де, бағыңнан айрылу оп-оңай д.м. * «Өрлеген балық ауға, өр кеуде жiгiт дауға жолығар». «Пәле – жүрдек, бақ – тайғақ». Тиылыңдар! » деген. К.Сег.

ПӘЛЕ ЖАПТЫ

Нақақ айып тақты, қаралады. * Хош. Отыз жетінші жылдың аласапыранында Сүкең бір түнде ұсталды. Қандай көрсетінді болды, кім пәле жапты, білмеймін. М.Қаб. ~ Сол кезде мырза мен Мамайдың ұрылары, бұзықтары Абайға неше түрлі пәле жауып берген көп арыздары Семейдің тергеу орындарына түсіп, тексеріліп: «Абай Семейден рұхсатсыз басқа жаққа шықпасын»,- деп, үй тұтқыны ғып қойған еді. Ә.Кәк. * Естіп қалардай не айттым? Айыбым көрмегенімді көрсетті дегенім бе?.. Шырағым, пәле жаппай отыр… Пайғамбар жасына келгенде маған Әбілқайыр  ханнан бөтен кім мұндай құрмет көрсеткен. І.Ес. * … ақыр соңы ашына-ашына осы үш күнде соңғы аламан-тасыр шабуылға шаққандай болған қорбаңбайларға тіл де тиді, жаптым пәле, жақтым күйе де аз он жоқ. М.Қаб.

ПӘЛЕ БОП ЖАБЫСТЫ

Кесірі тиіп, кесапат әкелді. ~ Ақбергеннің де шыбын жаны тырнақ ұшында. Арал жағалауы болса әлдеқашан бітіріп, «Суретшілер үйінің» ақсақ күзетшісімен салқын сыраны сыздықтатып отырып, бірнеше партияны шиырып тастамас па?! Майорка дегені пәле боп жабыспаса нетсін! Қ.Жиен. ~ Бірақ күн аптабы әлі қайта қоймапты. Дала төсінде үп еткен жел жоқ, әуе айналып жерге түскендей қапырық ыстық буып тұр. Ол да ештеңе емес– ау, кешеден бері бұлттай ұйысқан сары маса пәле боп жабысты. Қ.Жұм. ~ Сорыма пәле боп жабысқан сүйіспеншілік дертінің құныкерімен арада біраз жыл өткенде бетпебет келгендегі сиқым осы. Ө.Кәр.

ПӘЛЕ ЖАБЫСТЫ

Кесел келтірді. ~ Не болғаны белгілі еді. Алып қашса да, алданса да, тіпті, өз қалауымен сейіл құрса да, күтпеген пәле жабысқан. М.Мағ. ~ Биыл отыз алтыға шықтым. Он алтымда тұрмыс құрып, он жетімде Шорам дүниеге келіп, он сегізімде күйеуден ажырасып, содан бері ұлымыз екеуіміздің өз тіршілігіміз өзімізде, ептеп тұрып жатыр едік, аяқ астынан мына бір пәле жабысып,.. – деп дауысы дірілдеп, төмен қарады. Ғ.Қаб. ~ Жығылған үстіне жұдырық болған.  Көңілі құлазып, ауылдағы ауыр жұмыстан қатты қажып жүргенде, ол аз болғандай, тағы бір пәле жабысты. Т.Рыск.

ПӘЛЕ БОЛДЫ

Қырсығы, залалы тиді. ~ Құдай сақтасын, директор айтса, айтқандай екен, «Будапешің» жатқан бір пәле болыпшықты — бәрі қос — қостан, сырт киім салатын шкаф, іш киім салатын шкаф, ас сервизін, шай сервизін салатынсерванттар бөлек-бөлек. С.Шай. ~ Дәл осы арада ләңгі ойнау Елемеске әбестік болып көрінетін тәрізді, батылыжетіңкіремейді. – Көріп қойса, пәле болмай ма? Б.Соқ. ~ Состиып-состиып біз қалдық. − Мынау бір пәле болды ғой, − деп, Жолдасбек тәмпіш мұрнын тартып, әлден қиналды. Ш.Мұр. ~ — Қайдағы бала! Пәле болды ғой ол, не оқуды оңдырмады, нәйеті қой баға білмейді сүмпиіп, — деп бұрқылдады ағам дімкәс движокты дүңк еткізіп бір теуіп. Ж.Шағ.

ПӘЛЕ БОЛҒАНДА (ҚЫЛҒАНДА)

Қырсық шалғанда. ~ Пәле болғанда, ұйқым келмей қойды! Күн бұзылып, лайсаң боп кеткені мынау? Ш.Айт. ~ Құдай– ау, мынау Құлаша ғой! — деді апам сасқалақтап. Бірақ қорқыныштың нышаны да білінбеді.— Өліп жатпасын пәле болғанда, қалай құлап қалып жүр. О.Бөк.  ~ Қой  торының  қорт-қорт  желісі  жұлынын  үзіп бара жатқасын аяңға көшіп еді. Пәле қылғанда шілде айының ыстық  күні  тас  төбеге  кеп  шақырайып тұрып  алды. Ә.Нұрп. ~ Келтіруін келтіріп алып,  ертең  пәле  қылғанда  оқыған  тыраш  немелердің ойынан шықпай, Тәңірге жазып жүрмесек, – деп күдік айтып еді. Ә.Нұрп.