Жамандық іздеп, көрінгенге ұрынып жүретін даукес адам туралы. ~ Ел едік, егін егіп, бейбіт жатқан, Күтпеп ек жау болар деп пәле баққан. Қысқа қам жасауға да үлгірместен, Кез болдық қалың жауға дабыл қаққан. Қожаберген ж. ~ Бұл жиында Оразбай, Жиренше, Күнту, Бейсенбі, Абыралы, Байғұлақтар бастаған нелер байлар, нелер жуансыған мырзалар, сөзуар, пәле баққандар болатын. М.Әу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПӘЛЕ БАҚТЫ
Жамандық іздеп, көрінгенге ұрынып жүретін даукес адам туралы. ~ Ел едік, егін егіп, бейбіт жатқан, Күтпеп ек жау болар деп пәле баққан. Қысқа қам жасауға да үлгірместен, Кез болдық қалың жауға дабыл қаққан. Қожаберген ж. ~ Бұл жиында Оразбай, Жиренше, Күнту, Бейсенбі, Абыралы, Байғұлақтар бастаған нелер байлар, нелер жуансыған мырзалар, сөзуар, пәле баққандар болатын. М.Әу.
ПӘК СЕЗІМ
Адал ниетті, таза, кіршіксіз сезім. ~ Сұлу сазымен әнші өзінің жан сарайын жаулап алғандай. Оның өзіне деген риясыз көңілі, баладай пәк сезімі Ақбөбекті бей-жай қалдырмаған. Ү.Жәл. ~ Жоқ, жоқ, сіз мені теріс түсінбеңіз. Татьяна жеңгейге деген пәк сезіміңізге ешбір кір келтіретін әзәзілдікке сіздей жандардың жол бермейтінін мен білемін… І.Ес. ~ Бұйра шашпен жауып жұмық көзіңді, Туған елге табысташы өзіңді – Ушықтырма періште – пәк сезімді, Тұншықтырма көні қатқан төзімді?! И.-Ғай.

ПӘДЕРІҢЕ ПӘЛЕ КЕЛМЕГІР
Жамандық көрмегір д.м. * Енді қайттім?! Құлағымның түбіне дейін дуылдай қызарып, алаулап жанып барады-ау. Бүкіл ауылға ғана емес, жарты әлемге жариялайтын болды ғой, пәдеріңе пәле келмегір Пернетай! М.Байғ.

ПӘДЕРІҢЕ НӘЛЕТ
Лағынет атсын д.м. қарғыс, балағат. ~ Төреханның шілде десе, шілденің қапырығы десе қаны қараятыны да осы.Бердеңкенің дүрсілін қыр асырмай жұтып қояды, пәдеріңе нәлет. А.Сүл. ~ Өзінен өзі бүлініп жүрген бір көқдолы сияқты. «Құрып кетсін, кәпір. Бетіне сідігі шапшып тұр екен пәдеріңе нәлеттің» деп ойлаған Қыдырбай біраз аңырап тұрды да, беті ауған жаққа қарай ілби аяндап келе жатты. Д.Шал. ~ Директордың қақ төрінде, ұлы ағзамның қаламын ұштап отырғанымды көрген сайын қызғаныштан жарылып өліп кете жаздайды. Өлсең неге өмірем қаппайсың, пәдеріңе нәлет! Н.Гог.

ПЕШТЕН ШЫҚҚАН НАНДАЙ (ҚЫЗАРДЫ, КҮРЕҢІТТІ)
Қып-қызыл болды, алабұртты. ~ Тағы да алдындағы айнадан көрді, Абзалдың жүзі албырап, кәдімгі ыстық пештен шыққан нандай қызарып кеткен екен. К.Қаз. ~ Жұрт арадай гулеп кетті. Пашат сонда ғана барып бәрін өз аузымен бүлдіргенін түсініп, пештен жаңа шыққан нандай күреңітіп, шекесі ысып шыға келді. Д.Иса.
ПЕШЕНЕСІНЕ БҰЙЫРДЫ
Тағдырдың маңдайына жазғаны. ~ Орташа таптың тізіміндегі жігіт пешенесіне бұйырып, бала көрмей жүріп, осы Тәржіманыңызды туған. М.Байғ. ~ Сонымен, сау адамдардың үшін осыншама азап шеккеннен кейін олардың пешенесіне бұйырғаны — тынышсыздық, абыржу мен бақытсыздық болып отыр! Ф.Дост.