Posted in

ПЕНДЕ БОЛДЫ

Шарасыздыққа душар болды, бейшара халге түсті. ~ Көргендей жол бейнетін жүзің сарық, Тұсыма қалың топты келдіңжарып. Торға түскен тұйғындай пенде болып, Айрылған ел-жұртынан мен бір ғаріп. «Қыз Жібек».* Жетелеме теңізге сен де,желік, Жетер, жетер жүргенім пенде болып! Сен де менің аулама көңілімді Қырымды іздеп қияннан келген елік… М.Мақ. ~ — Алланың үкіміне жүрмін көніп, Зар болдым жаққан шырақ отым сөніп. Құдайым айырған соң қосағымнан, Отырмын жау қалмаққа пенде болып. «Қыз Жібек». ~ Кемшілік деген жаман екен, жіберіп алсаң, ол сол бойда иығыңа қарғып мінсе, демнің арасында пенде болып қалады екенсің! Адыра қалғыр дүние-ай десеңші!.. С.Үс.

Posted in

ПЕНДЕ АЯҒЫ ЖОҚ

Ешкім көрінбейді, тірі жан жоқ. * Үйге келді. Жым-жырт. Пенде аяғы жоқтықтан ба, бөлмелер тым қараңғы, құлазып көрінеді. С.Шайм.

ПЕЙІЛІҢЕ ҚҰЛДЫҚ

Біреудің ақ көңіліне, игі ниетіне ризашылық білдіру ретінде айтылады. ~ Шын айтып тұрмын. Таңертең түрімді көрдің ғой? Мен – солмын! Ең болмаса, жатар орын, жейтін тамағы бар ғой. – Ол жағына алаң болма. Үй деген мынау, қанша тұрам десең де тұра бер. – Пейіліңе құлдық, жақсылығың Алладан қайтсын! Маған шын жаның ашыса, ешкімге кіріптар болмайтындай бір жұмыс тауып бер. Боқ тазаласам да жиіркенбеймін!.. Т.Сәу.

ПЕЙІЛІНЕ БЕРДІ

Әр адам өзінің пейіл-пиғылына, көңіліне қарай сый алады д.м. ~ Сенің осы пейіліңе берген ғой — осынау құт– береке, мол дәулетті, — деген сөздер жыртық қос, шоқпыт үйлер маңында көп айтылып жатады. Қ.Жұм. ~ Ұлы жетістіктерді халықтың пейіліне береді. «ЕҚ». ~ Осындай бір пейілі кең елім бар, Пейіліне берген Тәңір жерім бар. Құшағымда қонақжайлық көңіл мен Ошағымда ұсынатын төрім бар. Б.Жай.

ПЕЙІЛІН ШЕШПЕДІ

Көңілі жылымады. ~ Не көрдім алғанда? Оң жақтан-ақ жанымды жылытып пейілін бір шешкен жоқ. Әкесінің үйіндегі қылжағы — еркелігі, асаулығы болсын. Ал ендігісі не? І.Жанс.

ПЕЙІЛІН КЕҢГЕ САЛДЫ

Жомарттық, кеңшілік танытты. ~ Бір ай жүрсең, екі ай жүрсең еш түгесілмейтін, ұшы-қиыры көз жеткісіз ұлы кеңістікперзенті — далалықтың пейілін де жаратқан ие кеңге салып далитқан екен-ау деп ойлады! Д.Досж. ~ «Үй салу құмға қарап қалса табылар, нәті топырақ қой, әйтеуір. Балаларды қума, ойнай берсін» деп, пейілді кеңге салған. Бүгіндері шашылып бітті. М.Қан.