Posted in

ПЕЙІЛІН КЕҢГЕ САЛДЫ

Жомарттық, кеңшілік танытты. ~ Бір ай жүрсең, екі ай жүрсең еш түгесілмейтін, ұшы-қиыры көз жеткісіз ұлы кеңістікперзенті — далалықтың пейілін де жаратқан ие кеңге салып далитқан екен-ау деп ойлады! Д.Досж. ~ «Үй салу құмға қарап қалса табылар, нәті топырақ қой, әйтеуір. Балаларды қума, ойнай берсін» деп, пейілді кеңге салған. Бүгіндері шашылып бітті. М.Қан.

Posted in

ПЕЙІЛІ ТҮСТІ

Ұнатып қалды, ықыласы ауды, жомарттық танытты. ~ Алдаберген софыдай емес, Құдайменде қонақасыға мырза. Әсіресе, пейілі түскенге ағыл-тегіл. Ә.Нұрп. ~ Талайдан бергі кірбеңдік кірі кетіп, жадырап, рухы көпсіп қалған. «А, Құдай, тәубе мұныңа!  Нағып маған Жаратушының пейілі түспеді? Т.Рыск.

ПЕЙІЛІ ТАРЫЛДЫ

Сараң тартты; көңілі бұзылды. ~ Сорпа-суына шақырмайды бұрынғыдай. Жұрттың, пейілі тарылды. Жарытып мал сойып жатқан да жоқ. Асықтың бәрі ескі, — деп өзімен-өзі сөйлесіп, көпке дейін күбірлеп жүріп-жүріп үйіне кіріп кетті. Б.Мом. ~ Е, бұл күнде ел пейілі тарыла бастады, аңшылықтың әңгімесін тыңдағанды қойып, мұның қатын– баласын аң етімен асырайтынынын көре алмайтын көзіне топырақ құйылғырлар көбейді. К.Сег. ~ Сол Құнекең айтқандай, әкеден озып туатын да, азып туатын да бала болады. Тек күн өткен сайын ұрпақ ұсақтап, пейіл тарылып, ата салтынан айнып кетпесе болғаны да. Қ.Жұм.

ПЕЙІЛІ ТАР

Біреуге жақсылық қимайтын, қызғаншақ, қытымыр, сараң дам туралы. ~ Жаңабай өз аулына келгендей, Ұлбике бәйбішенің қолынан дәм тататындай, көңілі көтеріліп қалады. Баға келе, ол ауыл да аштардан безер, пейілі тар болып шығады. Ж.Айм. ~ Жұтап өзі жарымай отырған ел ме, әлде пейілі тар ма, жарты тілім қара нанды ұстататындар ілуде біреу ғана. Көбі есігінен сығалатпайды, «кет!» дейді итке жекіргендей. Т.Сәук.

Posted in

ПЕЙІЛІ ҚҰЛАДЫ

~ Сонымен қатар, күллі қазақтың Мағрип пен Машрухта баспанасыз сандалып жүргеніне намыстанып,«пайғамбардың мекені «– Байтолланың жанына, Меккеге «Тақия» салдырған да – Құнанбай, Қарқаралыда «ығылым іздеген қыр баласы» көзін ашатын медресе– мектеп тұрғызған да – Құнанбай, «Еуропа ғылымына пейілі құлап, ұлдарын бірінен соң, бірін орыс оқуына» берген де – Құнанбай. Т.Жұр.

ПЕЙІЛІ КЕҢІДІ

Қолы ашылды, көңілі жайланды. ~ Айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелткен төрт түлік малына қатерлі, он екі жылда бір айналып, көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды аман өткізіп, байдың баласының пейілі кеңіп, байға жарлы теңеліп, жайлауында жадырап, өзінше өзінен бақытты жұртты білмей рақат ғұмыр өткізіп, тып-тыныш жатқанында өрттен шошынып оянғандай бір күйге ұшырады халық… Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты. Жүрегіне найзадай тиді. М.Дул.