Posted in

ПЕЙІЛІ КЕҢ

~ «Ауыл қазіргідей емес, ол кезде жүдеу, жұпыны. Әйтсе де, пейілі кең, ұйымшыл– тұғын. Әр кісі көптің жайын ойлайтын да, көп әр адамның қамын жейтін. М.Сүн. ~ Жалпы, ол уақтағы адамдардың пейілі кең ғой. Бір үйден шайдың исі шығып жатса, бәрі сол үйге жиналып, шайды бірге ішеді. Ү.Жәл.

ПЕЙІЛІ БӨЛЕК

~ Етектілеу аузын өзгеше бір сәнмен бүре, оймақтай ғып көрсетуге тырысатын кербездіктен де құралақан емес. Әсіресе қою қара мұртына пейілі бөлек– ақ; жалғыз сәйгүлігін баптап, дайындаған серідей жылтырата вазелин жағып әлек. М.Сүн.

ПЕЙІЛДІ КЕҢГЕ САЛДЫ

Жайсаң, жомарт мінез, жайбарақат көңіл танытты. ~ «Үй салу құмға қарап қалса табылар, нәті топырақ қой, әйтеуір. Балаларды қума, ойнай берсін» деп, пейілді кеңге салған. С.Жүн. ~ Жылдағыдай ел жайлауға қонып, өрісте мал тоқайласып, ауыл-ауылға адамдар қыдырыстап, пейілді кеңге салған кез. Ө.Кәр.

ПЕЙІЛ БІЛДІРДІ

Көңілі түсті, ықылас салды. ~ — Ал, енді ертелетіп келуіңізге қарағанда аса тығыз шаруаңыз бар сияқты ғой, соны айтыңыз, — деп пейіл білдірді. К.Жүніс.

ПЕЙІЛ ТАНЫТТЫ

Ықыласын білдірді, ниет қылды, жылы қабақ танытты. ~ Бұның бәрін бұтарлап айту үшін көп төзім мен көлемді сөз керек. Оның екеуі де менде жоқ. Ол жағына жетіктер, шүкір, менсіз де бар ғой. Мен өз тануымдағы Сафуан жөнінде онда да Әспеттің көмегімен, азын-аулақ пейіл танытамын. Х.Ерғ. ~  Кешегі Әлібайды оңашалап алып, достық пейіл танытқан болып,оспақтап біраз сырды біліп алуларының тегін еместігін, жеміне шабар жыртқыштың жымын білдірмей басатынын сұңғыла бидің іші бірден сезіп еді. К.Сег. ~ Сөзін онсыз да аяқтамай қоймайтынын түйсіне тұра, қосымша ынта, үстеме пейіл танытпақ боп елпілдей түсіп ем, Сапардың ыңғайын байқап тыйыла қойдым. Ж.Нәж.

ПЕЙІЛ БЕРМЕДІ

Ықылас білдірмеді, ынта қоймады, көңілі жібімеді. ~ Әлгі кісі мына баланың қалай «құлағанын» түсінді де, әрі қарай тыңдауға пейіл бермеді. Ақырын жымиып, назарын басқа жаққа аударып кетті. Қ.Қази.