Posted in

ПАШ ЕТТІ

Хабарлады, жария етті.  ~ Серігім — аудандық газеттің қызметкері — түрлі адамнан сабақтап сыр тартып үйренген әккілігін тағы бір паш етті: екіндіге тақап қалған жаздың қызыл күрең Күніне шытына көз тастап, бір иығын сәл көтерді де, сағатына үңілді. Ж.Нәж. * Өрт шалған қара күйелеш әлемнің қақ ортасында сырты жанып, өзегі қалған қара тұғыл тіршілік бейбақ заманға өзінің әлі де бар екенін паш етеді. Ғ.Біл. ~ Дәл ортаға орнатылған үлкен шырша да мың құбылып, келе жатқан жаңа жылдың салтанатын паш етуде… .С.Ғабб.

ПАШ ҚЫЛДЫ

Көпшілікті хабардар етті. ~ Өтпей тұрып кентавр, кешпей тұрып тасқынды, Тағы орманға іліктік, тағылығын паш қылды. Соқпақ таппай сорладық біз, еңсемізді бастырды. М.Мақ. ~ Бұл жұмыс әсіресе Нұркенің қызына атқонақтай тиіп, өзөзінен азып, жүдеп сүзек аурудай сарғайды, бірақ бөтен елге паш қылмай жасырын ұстады. Ә.Кәк.

ПАТША КӨҢІЛІҢ БІЛСІН

Не істеймін десең де еркің д.м. ~ Осы ауылдың беттері айбақ-сайбақ балаларымен қосылып сол шалғындарда әрлі-берлі асыр салып жүгіресің бе, аунайсың ба, жоқ әлде көкбалақ жусанға аунап ашқылтым исін рахаттанып иіскейсің бе патша көңіліңіз білсін… Т.Нұрм.  * — Патша көңілің білсін, — деді Ералы, — бірақ келіп- кетіп жүрсе де мына Мұнарбек қасыңда болсын.  Отын жарып, ет асып дегендей, бәрібір қолғанат бір көмекші керек саған. Ә.Асқ.

Posted in

ПАТША КӨҢІЛ

Дархан, мырза көңіл. * Ізінен ерген інісінің тойына ірі қара соймау Ұлтарақ үшін мін, өзі ғана тағына мініп- түсер патша көңілі үшін мәртебе.  Қ.Түм. * Ымырт жабыла қызының үйге келуі патша көңілдің желін үрлеп шығарып, көкірегі жалаңаш қабырғадай құлазыған, бір жағынан от басы — ошақ қасының күйбеңі жеңген диуананың әйелі танаы пысылдап ұйқыға кетті. Қ.Түм. * — «Көкжал туған қой терісін жамылмайды»,—  дейді. Дүниені қолына берсең, не түзеп, не бір жолата бұзып барып тоқтағысы келетін патша көңілдінің өзі емес пе. Ж.Ахм.

ПАТИҚАСЫН АЛДЫ

Батасын, ризашылығын алды. ~ – Жолға жүретін болғасын, патиқасын аламын деп Итбай шақыртқан білем. Ептеп ауру-сырқауды да қарай ма. С.Мұқ. ~ Өмірімнің ұзақ еместігі өзіме аян болып жүр. Сол себептен сіздерден патиқа алу үшін, сонымен бірге көзімнің тірісінде қабірімді тұрғызу үшін шақырып отырмын, –дейді. ҚЕ. «Алдар Көсе».

ПАТИҚА ҚЫЛДЫ

Құран оқып, бата берді. ~ Көпшілік «әумин» деп, патиқа қылып, садақа етін жеп, Алдардың қабірін тұрғызысуға кіріседі. – Алдардың тірі отырып, моласын салғызғаны – тәубаға шын келгені екен, – деседі.  ҚЕ. «Алдар Көсе».

ПАСЫҚ ПИҒЫЛ

Қулық пен арсыздықтан туатын арам ниет. * Романда сыбандардың пасық пиғылдарын әшкелеуші көпшілік бар. Шынтас, Айнаш, Кәрім, Сайрамбай және басқалар. Ғ.Қаб. ~ Базарға сап құранды, саудалаған Алланы, Пасық пиғыл пысықтың орындалды арманы. Сұрауы бар емес пе сарқыраған судың да, Асықпаңдар, ағайыын, Ар майданы алда әлі!.. Н.Айт.