Posted in

ПАСЫҚ ПИҒЫЛ

Қулық пен арсыздықтан туатын арам ниет. * Романда сыбандардың пасық пиғылдарын әшкелеуші көпшілік бар. Шынтас, Айнаш, Кәрім, Сайрамбай және басқалар. Ғ.Қаб. ~ Базарға сап құранды, саудалаған Алланы, Пасық пиғыл пысықтың орындалды арманы. Сұрауы бар емес пе сарқыраған судың да, Асықпаңдар, ағайыын, Ар майданы алда әлі!.. Н.Айт.

Posted in

ПАРЫҚ ҚЫЛМАДЫ

Мән бермеді, елемеді, көңіл аудармады. * Қайтару сұрамаймын келсе әнім, Қыз сөзін парық қылмайтын ескі заңым.  Біржан-сал. * Дүние өртеніп бара жатса да, парық қылмайтын саспастығы тек соңғы жылдарда шілдің қиындай пышырап бопсалана бастаған. О.Бөк. * – Бір рет шәу еткендей болып еді, парық қылған жоқпыз. Бөрібасар адамға алдырмайтын сақ ит қой. О.Бөк.

Posted in

ПАРША-ПАРШАСЫН ШЫҒАРДЫ

Быт-шыт қылды, дымын қалдырмады, өлердей қылды. ~ Бар бітіргенім, бір ғана «Жауынгерлік листок» шығарып бердім.Оның өзін парторг оқып көріп, түкке жаратпай тастады. «Кілең өлең-сықақпен толтырып жіберіпсіңдер, маңызды бір де бірсаяси мақала жоқ, осы да газет пе» деп, парша-паршамызды шығарып сынады. Б.Соқ. ~ Жоқ,  біз  асыққан екенбіз.  Біз  төртеуміздің  парша-паршамызды  шығаратын  снаряд  Германияның  ажал  фабрикасында жасалмаған боп шықты. Ә.Нұрш. ~ Жын қысқан бақсыдай қалшылдап, күллі әбзелді ту- талақай турап-турап тастап, үзеңгі баудың парша-паршасын шығарып, үзеңгілерді біреуін ана қалың, біреуін мына қалың жыныстың арасына лақтыр-еп, лақтыр-еп жіберді. Ш.Айт.

Posted in

ПАРША-ПАРША ЕТТІ

Тас-талқан қылды. ~ Бұл сөздер, әсіресе оның осы сөздерді айтқан кездегі күңіренісі менің жүрегімді парша-парша етті.О.Бальз. ~ Ол ғайып болған елу ғасырдың жұрнақтарының салмағынан деміккендей болды, ол өзін адамзаттың дана ой пікірінен дертке шалдыққандай сезінді, сән-салтанат пен өнер-білім оны парша-парша еткен тәрізді. О.Бальз.~ Мына әңгiме Жапардың жүрегiн парша-парша еттi. Кiшкентай бiр жапырақ ұлы өлi мен тiрiнiң ортасында жатқанда бұлардың жүрiсi жай жүрiс сияқты көрiндi. Ә.Ыб.

Posted in

ПАРША-ПАРША БОЛДЫ

Күл-талқаны шықты, қирады. ~ Мына ғажайып таңда, кеудесі толған күмбірлеген күй-сезімнің қасында мына жол, мынауөлең шынар мен шындардың көлеңкесі іспетті аңғарылды. Сыр құйылған ақ қағаз сол арада парша-парша болды. Ә.Тар. ~Ағыспен он екі миль жерден парша-парша болып шығатын болар, — деп жауап қатты мистер Бамбл әлгі ойдан қарадай денесі түршігіп. Ч.Дик. ~ Қантөгіс ұрыста парша-парша болған тулардың желкілдегені сияқты, бейтаныс жігіттің басында осындай жырым-жырым ойлар мың-мыңдап өтіп жатты.  О.Бальз.  

Posted in

ПАРТИЯ ҚУДЫ

Жік-жікке бөлініп, жақтастарын топтастырды. ~ Ойға оңаша жер керек Ойыңды ұғар ел керек Партия қуған елбелек Ел өзіңе масыл да. Шәк. ~ Омарқан ақылын айтты. — Менің сізге айтарым — еліңе қайт! Қазақ баласы, енді пәле-жаланы тастаңдар. Партия қумаңдар. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбеден келеді» деп, мынау құрият болып, ақ түйенің қарны жарылып, көктен шұға жауып, жұрт жетіліп, теңеліп жатқанда, қазақ елі өз ішінен іріме, шіріме. Берекеңді қыл… І.Жанс.

Posted in

ПАРТИЯ БОЛДЫ

Жіктесті, топтасты, рушылдық бағытында ұжымдасты. ~ Ол сұғанақтық етіп, біреудің дүниесін пайда қылған жан емес, ел екіұдай партия болғанда да байлардан ат мініп, ақша алған жан емес. Ж.Айм. ~ — Бір келсе, бұ жұмыс, Құрбан қажылардан келеді: партия болған соң, аяй ма? — деп, мына жақтан бір құла ауыз қоя берді. — Сен қайдағы жоқты айтады екенсің. Елдің партия болып жүргені бұ күн бе? Бұл өзі елдің салымында жоқ нәрсе ғой. Ж.Айм. ~ Енді бітім артынан ұлықтың тапсырған бұйрығы осы болғандықтан, тезінен кірісіп, партия болған елдерді еселестіріп, артық кемдерін қайтарыспақшы болды да, ұрыларды жазаға ұшыратпаққа бел байласты. М.Әу.

Posted in

ПАРТ БОЛДЫ

Ашу шақырды, намыстанды, қызарып кетті. ~ «Үйленсе — үйелменімен алып келіңдер, бәрін өзім асыраймын»,депті. Мынасөзді естіген қалыңдығымның академик шешесі шабына шоқ түскендей шыжбалақтады, ішіп отырған шайына шашалып, парт болып қызарды. Д.Дос. ~ Өспірім судья қарыңдашымен үстелді тықылдатты, жанары шоқ боп маздап, парт болып қызарып шыға келіпті. Д.Дос.

Posted in

ПАРҚЫН АЙЫРДЫ

Әлдебірдеңенін құнын бағалады, қасиетін, мазмұн-мәнін таныды. ~ Әттең не керек, қолы құрғыр хат білмейді. Әр нәрсеніңпарқын айыра білу үшін қағаз танымасаң болмайды, тегі… С.Ом. ~ Молданың алдын көргеніме бір–ақ жыл болса да, ой–өрісіме саңылау кіре бастағанын осы арада анық сездім. Жақсы сөздің парқын айыра бастаған сияқтымын. М.Әбд. ~ …қайраты кемеліне келген, дос пен қастың парқын айыра білетін, тиіскен жауына қаймықпай қарсы тұруға жарап қалғанжігіт… С.Ом. ~ Әшірбекке кінә артудан аулақ, жастар жөн-жобаның парқын айырған ба, мекен-жайды нақтылы білмеген соңҚарағанды облысының қай түкпірінен мұны іздемек…Т.Әлж.

ПАРҚЫН БІЛДІ

Шынайы келбетін, қасиет-құнын танып-білді. ~ Шынайы дос кiм, дұшпан кiм – парықтай алмағаны ма? Асыл мен жасықтың парқын ендi бiлiп отыр. Т.Сәу. ~ Қорып жаудан ерлік салтын, Қай майданда жүр әкең.  Білерсің сол жердің парқын, Біледі деп дәметем. Т.Әл.

Posted in

ПАРА ЖЕДІ

Жемқорлыққа барып, заңсыз табыс тапты. ~ Замана алуан-алуан қылық шықты, Пара жеп үй басына бүлік шықты. Қой менбөрі жайылған уақыттай боп, Есек тұлпар, қойшыдан ұлық шықты. Майлықожа. * Билер пара жемеңдер, Жалғанды жолдас демеңдер,Ақырет қамын іздеңдер, Жанға бетті кезбеңдер.  Шортанбай. * – Пара деген бір сәрі ғой. Пара жемейтін ұлық бар ма тәйір? Оң-солынан қабат алып, қабат қылғып та қыбын тауып жүрмей ме? М.Әу. ~ Қытайдағы шіріктесуге қарсы, саяси науқан кезінде аудандық партия комитетінің, уаң пәмилалы орынбасар секратары торға түсіп, қыруар пара жеп, қиянат жасағаны әшкере болған еді. Т.Рыск.