Жемқор, жебір, жемпаз. * Әкемнің айтуына қарағанда, тілмаш дегенің пара жегіш, дауласкер, екі жақты бірдей сорушы жемқор болған. «Сенің сөзіңді сөйлеймін», — дейді де, ұлыққа әңгіменің өңін айналдырып жеткізе береді. Б.Мом. ~ «Ел қағынды, мал сабылды, ұрлық, өтірік гу де гу» мұндай істі әділдікті жатқар би жоқ, екі тараптан да пара жегіш бидің қорқау бейнесін ашып береді Абай. Сондықтан да не былай, не былай дей алмай отырған бидің хәлі – саспақ күйде. Б.Бер.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПАРА АЛДЫ
Билігін, қызмет бабын пайдаланып, жемқорлық жасады, заңсыз табыс тапты. ~ Жалын мен оттан жаралғанСөзді қғатын қайсың бар? Партия жиып пара алған, Пейілі кедей байсыңдар. Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Абай. ~ Адамның азған белгісі — Екі кісі дауласса, Тату бол деп айтпайды. Екі айырып арасын, Арасынан пара алған!Мұсылманның баласы Қашуды қойды арамнан. Мұрат Мөң.
ПАРА-ПАРАСЫ ШЫҚТЫ
Әбден титықтады. ~ Маңайда ешкім жоқ. Анадай жерде мылтық жатыр. Ешкім келетін емес. Елсіз,аламыш ормандыайдала. Екі жау әбден шаршады. Екеуінің де пара- парасы шықты. С.Сей. ~ Әйткенмен, ештеңеден беті қайтпаған тәкаппар тазы өзіне сенімді. Қазір-ақ пара-парасын шығарады. М.Мағ.
Сау тамтығы қалмады, жыртық. ~ Үн ешті, пара-парасы шыққан тонның панасы болмай, дене мұздады.Ә.Әб. ~ Бәрін де соғыс жалмап кеткендей, тек үстінде су жаңа, бірақ екі тізесі бірдей пара-парасы шыққан шибарқыт костюмі бар, дембелше бойлы бала жігіт конвейер тоқтасымен «қап, қаным жаңа қызып келе жатыр еді» деп жалданып үюлі жатқан көмірге шалқасынан жата кеткен еді, сәлден кейін бір әнді шырқап қоя берді. Ә.Әб.
ПАРА-ПАРА (БОЛДЫ)
Сау тамтығы қалмады, жыртық-жыртық. ~ Ол түгіл көрген сорлы онан зорын, Арқасын тыр-тыр қасыпалмай қолын.Үстінде кірлі көйлек пара-пара, Қорлықтан көрмегені бар ма оның? Б.Май. ~ … бой-бойымен сөгілген пара-пара қоңыркөйлек иығына әрең ілініп салбырап тұр. М.Мағ. ~ Екінші, Россия ішінен іріп-шіріп, азып-тозып, тігісінен сөгіліп пара-пара болып кетуі ықтимал. С.Сей.
Жаны күйзеліске ұшырап, жүрегі қан жылады. ~ Екі кезім әлі де Ақбаян жақта. Бірақ Ақбаяным жоқ. Майданға аттаныпбара жатып, жүрегім пара-пара. І.Ес. ~ Сол күнгі Ақбаян есіме түссе, жүрегім пара-пара боп жыртыла жөнеледі. Құр өкінуден бөтен қолымнан не келеді? І.Ес.
ПАР КЕЛМЕЙДІ
Тең емес, татымайды. ~ Лайық Қыз Жібекке мен ұнаттым, Оның да іздегені келді саған. Біреуі тырнағына пар келмейді,Мазасын алып жүр деп өңкей жаман. «Қыз Жібек». ~ Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа, Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа. Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң, Барақтың пар келмейді сынығына. «Біржан — Сара». ~ – Бұл секілді асыл өлендерге менің майсыз арбадай барылдаған даусым пар келмейді ғой,–деп, болар–болмас мырс етті Серкеш… М.Әбд.
ПАРА-ПАР КЕЛМЕЙДІ
Тең емес, бір-біріне сай емес. ~ … қысқасы Сәлкеңнің шөберелерінің бәрі балуан, тақымкеш, ер, өткір. Күресте, көкпарда сол аймақта бұларға пара-пар келетін жігіт аз. С.Сей. ~ Оң қолында төрт жігіттің күші бар дейтін жұрт. Наурызбай асқаннайзагер, заманында бұл соғыс қаруынан өзіне пара-пар келетін жан кездестірмеген. І.Ес. ~ Қаратаудың жыңғылы мен баялышы Көкшенің тобылғысы мен қарағанына жетпес, бозы менен көдесі, жұпар аңқыған көк шалғынына пара-пар келмес. І.Ес. ~ Шіркін, азат– еркін дүние– ай! Сенің бір ғана сәтіңе пара– пар келетін не бар екен?! Қ.Жұм.
ПАР КЕЛЕДІ (БОЛҒАНДАЙ)
Тең келетін д.м. ~ — Кәзір Россияның өз ішінде большевиктерді құлатар күш жоғы рас. Ендігі үміт, шет елде ғана. —Мәселен? — Америка! Оның байлығы мен күш-қуатына дүние жүзінде пар келер бір де мемлекет жоқ. С.Мұқ. ~ Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай, Жiгiтi душар болса, жар болғандай! Теңi емес бiр жауызға (пасыққа) берсе егер (агер),Көңiлi көтерiлмей, зар болғандай! Иса Шорм.
ПАР КЕЛЕДІ (БОЛҒАНДАЙ)
Тең келетін д.м. ~ — Кәзір Россияның өз ішінде большевиктерді құлатар күш жоғы рас. Ендігі үміт, шет елде ғана. —Мәселен? — Америка! Оның байлығы мен күш-қуатына дүние жүзінде пар келер бір де мемлекет жоқ. С.Мұқ. ~ Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай, Жiгiтi душар болса, жар болғандай! Теңi емес бiр жауызға (пасыққа) берсе егер (агер),Көңiлi көтерiлмей, зар болғандай! Иса Шорм.
ПАНА ТҰТТЫ
Қорған көрді, бас сауғалады, демеу күтті. * Амалсыз кемпір-шалдың қосын пана тұтып, отын-суына көмектесіп қала берді. Б.Жұм. * Тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен тұңғышы Зейнепті емес, ұл баласын он бір жастан-ақ діңгек көріп, пана тұтқан ана сөзінің астарына үңілсек, қазақтық уыз қасиетті танимыз. Ж.Аяз. * – Қандай сұмдық? – Кіжіне күбірлеген күйі теңселіп кетті. – Неткен шарасыздық, өзімізді пана тұтқан бейкүнә қызға қорған да бола алмадық-ау. Бейшарамыз ғой әшейін. Сужүрекпіз. Ж.Шағ.
ПАНА ТҰТТЫ
Қорған көрді, бас сауғалады, демеу күтті. * Амалсыз кемпір-шалдың қосын пана тұтып, отын-суына көмектесіп қала берді. Б.Жұм. * Тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен тұңғышы Зейнепті емес, ұл баласын он бір жастан-ақ діңгек көріп, пана тұтқан ана сөзінің астарына үңілсек, қазақтық уыз қасиетті танимыз. Ж.Аяз. * – Қандай сұмдық? – Кіжіне күбірлеген күйі теңселіп кетті. – Неткен шарасыздық, өзімізді пана тұтқан бейкүнә қызға қорған да бола алмадық-ау. Бейшарамыз ғой әшейін. Сужүрекпіз. Ж.Шағ.
ПАНА ТАППАДЫ
Қорған, тірек болар, бас сауғалар, жанына жебеу болар ештеңе жолықпады д.м. * Қайран ел дәл қазір өз үкірдайларыныңосынау қалың жаңбырдың астында бас сұғатын пана таппай, қаңғырып жүргенін білер ме екен?! Қ.Жұм. * Өзінің ішкі әлемінен пана таппаған адам басқаны іздейді. Бірақ тапқан адамы ол да жалғыздықтан қашып келе жатқан қашқын болсаше? Т.Әсем. * Содан ол өзінің туған жері Алтайдан, тіпті Шынжаңнан да пана таппай әбден түңіліп, Ши-анға келіп, бір мезгілге болса да, ажалдан тасада өмір сүріп жатқан. Ж.Сәм.
ПАНА ТАПТЫ
Бас сауғалар, қиындықтан құтқарар жанға (жерге) кезікті. * Қылышын сүйреткен қыс мынау. Жаз болса, ашты-тоқты болсада пана тауып күн көрер еді. Қыс ішінде қайда сыяды? С.Мұқ. * Біреуі — мұсылмандардың көтерілісін қолдап, бірі — Совет Одағының бауырына кіріп, пана тапты… жылы сөз, жұмсақ тәсілге олардың да іші жылып, еңкейді емес пе? Т.Рыск.
