Posted in

ПАНА ТАППАДЫ

Қорған, тірек болар, бас сауғалар, жанына жебеу болар ештеңе жолықпады д.м. * Қайран ел дәл қазір өз үкірдайларыныңосынау қалың жаңбырдың астында бас сұғатын пана таппай, қаңғырып жүргенін білер ме екен?!  Қ.Жұм. * Өзінің ішкі әлемінен пана таппаған адам басқаны іздейді. Бірақ тапқан адамы ол да жалғыздықтан қашып келе жатқан қашқын болсаше?  Т.Әсем. * Содан ол өзінің туған жері Алтайдан, тіпті Шынжаңнан да пана таппай әбден түңіліп, Ши-анға келіп, бір мезгілге болса да, ажалдан тасада өмір сүріп жатқан. Ж.Сәм.

ПАНА ТАПТЫ

 Бас сауғалар, қиындықтан құтқарар жанға (жерге) кезікті. * Қылышын сүйреткен қыс мынау. Жаз болса, ашты-тоқты болсада пана тауып күн көрер еді. Қыс ішінде қайда сыяды? С.Мұқ. * Біреуі —  мұсылмандардың көтерілісін қолдап, бірі —  Совет Одағының бауырына кіріп, пана тапты…  жылы сөз, жұмсақ тәсілге олардың да іші жылып, еңкейді емес пе? Т.Рыск.

Posted in

ПАНА ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Қиын -қыстау кезде қорған көріп, жан сауғалады. * Бірақ ашық даладан гөрі қоралар қасқырға айбар қылуға қорған сияқты болды. Айша мен шабдар ат қораны арқа сүйеу — пана қылды.  С.Сей. * Өстіп, жаман-жұман тамдарды пана етіп, ауылды төңіректеп, быжынаған қара шыбын, көк сонамен алысып, бықсып  отырады.  Б.Соқ.

ПАНА КӨРДІ

Арқа сүйер қорғаныш деп тапты, үміт артты. * Ақтардың қолында Ботагөздің тұтқын болуына айға жақындады. Бастап қолға түскен күндері ол, Кабановқа тиген Елизавета Андреевнаны өзіне пана көрді. С.Мұқ.

ПАНА ІЗДЕДІ

Көмек күтті, қорған іздеді. * «Мыңдаған адамдардың өлiм алдындағы айқайынан құлақ тұнды. Барлығы алтын сарай мен ғибадатханадан пана iздедi, алайда, жердiң жарығынан шыққан өрттен қашып, қайыра далаға шықты. Т.Әсем.* Философпана іздегендей маған қарады.  Т.Әсем. * Дудыраған шашы жүзін көлегейлеп, пана іздеген жас сәбидей иығын қушита Рыскүлдің бауырына тығылды.  Ж.Шағ.

ПАНА БОЛДЫ

Қамқорлығына алды, бауырына басты. * Алдияр, ел ағасы, ханым дана, Алашқа ауыр күнде болған пана.Кешігіп, күнәлі боп,енді алдыңа Келді ерің іші жалын, жаны жара. М.Жұм. * Мысықты ата жау деуші ек, Ханды асқар тау деуші ек, Кімге панаболды хан?! М.Жұм. * Арып-ашып келеді де екі-үш күн бізде есін жинайды. Өзі жалғыз бала еді, біз оған пана болдық. С.Досж. * Қазақтан пейіл кетті. Бұрын жақсылығы асып-төгілген, төңіректегі жұрттың бәріне пана болып, шарапаты жеткен қазақ, енді өзіне қайырым қыла алмай отыр. Т.Әсем.

ПАЙЫМЫНА БАРМАДЫ

Әлдебір мәселенің тереңіне бойламады, үстірт пікір қалыптастырды. ~ Көптен бері бұйығып, бұғып кеткен Мешпет бидің іштей соншама азап шегіп жүргенін сезбегеніне, осылай-ау деп ойла- мағанына енді Шадай қария да қысылды. Пайымына бармай бұртияды екенбіз-ау… Қасы мен досын айыра алмайтын қазақтың еренсіздігінің бір белгісі осы… Қ.Тол.