Posted in

ПАЙЫМЫ ТАЯЗ (ТАЙЫЗ)

Ой-толғамы, түсінігі төмен. * Бірақ ол жасын көрсетпеу үшін, көздерін кең ашып, жұмбауға тырыстыПайымы таязқарабайыр жюридің шешіміне жасар шарасының жоқтығынан, Жарас әділетсіздіктің ортасынан іші қан жылап шығып баражатты. (АҚ) «Дара сезім». ~ — Көп көнбістің сайраған көкірегі менмін де… —  Менмін! Соным үшін де жек көресіңдер! — жұлыпалғандай жауап берген Ақын өзімен-өзі сөйлескен жандай күбірлей бастады. — Мен Жасағанды өз аузына, тобықтан аспас тайыз пайымына икемдеп алғандарды жақтырған емеспін. С.Әб.

ПАЙЫМЫ ҮСТІРТ

Парық-парасаты саяз, ақыл-ойы жетілмеген. * Рухани бай адамның сенімі берік, мұқалмас берен қорған, көздеген мақсатмұратына айнымай жетеді. Жұтаң пенделердің көкірегі қуыс, пайымы үстірт, жүрегі бос. (АҚ) «Дара сезім».

ПАЙЫМЫ АЗ

Түсінігі таяз, парық-парасаты төмен. ~ Жаманның жолы — көмескі. Жаман сөйлер лепіріп, Орамалын желпініп, Соза түсіп өңешті. Мақтанғанмен жарамас, Пайымы аз, кем есті. Майлықожа.

ПАЙЫМ ЕТТІ

Ұғыну, байлам жасау туралы. * Шал Антон бишік бұлғап, божы қақты Cap желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты. Өткенін қанша уақыт пайым етпей, Владимир тым терең ой ойлапты. Шәк. ~ Арсыздың естіп жайын, Ақылмен еттік пайым. Өз әлін білмегендер Өкінер өстіп дәйім. Ә.Таб.

ПАЙЫМ ЖАСАДЫ

Байлам жасады, ойын тұжырымдады. * … жүрегі бұрынғыдай болар- болмасқа алқына соқпайды, өз- өзінен елірмейді, неге болсын салмақты, ақылмен пайым жасайды. О.Бөк.

ПАЙЫМ ҚЫЛДЫ

Ой түйді, зерделеді, қорытынды жасады. * Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұлсөзді, біреу ұғар, Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Абай. ~ Емінер, «әй» дегізер, дайын қылар, Жүрегің қалай соқса, пайым қылар. Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес, Бір оңаша жолығар жер айтқызар. Абай. ~ Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу, Сол ғана тұла бойға берген жылу. Ажары бет пен іштің бірдей емес, Керек-ау, Кәмшат, соны пайым қылу! Ж.Жаб.

Posted in

ПАЙЫМ АЙТТЫ

Пікірін, шешімін, байламын білдірді. ~ Тарихқа қиянат жасап, қарабет боламыз ба? Бір мәселеге түбегейлі пайым айту үшін ең болмағанда сол тақырыпта жазылған 10 кітапты түгесіп, айлап-жылдап архивте отыруың керек қой. Т.Омар.

ПАЙЫЗ ТАППАДЫ

Мазасы кетті, абыржыды, тыным көрмеді. ~ Ішке кіргенмен арлыберлі тапайттап пайыз таба алмаған Кәрім шал алқын-жұлқын боп далаға қайыра шықты. С.Ғабб. ~ Сен оны қанша жыл қатігездікпен ұмытсаң да, өзіңді одан да гөрі маңыздырақ,мәндірек бір іске лайықтымын деп тапсаң да, басқа жерден пайыз таппай, өз ошағына .қайта оралған бейбақтай түбіоранатының хақ; бірақ ол қай кезде болады, мақсатыңа жете алмай шаршаған кезіңде ме, санаң марқайып, ақиқаттың неекеніне көзің жеткен кезде ме, әлде тіпті өлер шағында ма, оны кім білсін…» Т.Әбд. ~ Үй ішінде жалғыз қалған Абдоллакөпке дейін пайыз таба алмай, көңілінің көк жиегінде жылт етіп қана көрініп, сөніп-жанып тұрған жүрек әмірін анық түсіне алмай сенделумен жүр. С.Ғабб. ~ Кәмеш қос көрпен ің астында дір-дір етіп пайыз таба алмай қалтырап жатыр екен.  С.Ғабб. ~ Сонда не істемек керек? Қайда барып пайыз таппақ? Сандықтауға ма? Жоқ, енді бәрі бекершілік. Е.Әл.

ПАЙЫЗ ҚЫЛМАДЫ

Шыдамы жетпеді. ~ Мұны көріп, шыдамай, Пайыз қылып тұра алмай, Жүгірді зарлап анасы. Алдынан шығып көрісті Қызы менен баласы. «Алпамыс б.