Posted in

ПАЙЫЗ ҚЫЛМАДЫ

Шыдамы жетпеді. ~ Мұны көріп, шыдамай, Пайыз қылып тұра алмай, Жүгірді зарлап анасы. Алдынан шығып көрісті Қызы менен баласы. «Алпамыс б.

Posted in

ПАЙЫЗ ЕТТІ

Сабыр қылды; байыз тапты. * – Балалар, сәл пайыз етіңдерші, – деді Доскен. Жұрт тына қалған: «шалың қазір бұл қуанышқа той атар, өкіметке мың да бір алғысын жаудырар» дескен сыңай бұл. Д.Досж.

ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ КӨП

Әлдебір істің келтірер игілігінен гөрі тигізетін кесірі көп. ~ Латын әліп-биіне ұлы әріп болатынын артықтығына дәлел еткісі келетіндер бар. Оның ұлы әрпінің пайдасынан зияны көп екеніне көз салмайтындар ғана солай ойлайды. А.Байт. ~ Ал бүгінгі жұмысшыға не жоқ? Қандай күйігін арақпен баспақ? Жоқ, егер билік менің қолымда болса, мен арақ-шарапты шығаруды біржолата тоқтатар едім! Мемлекетке бұның пайдасынан зияны көп. І.Ес. ~ Базарға күмбез етіп жапқан қаңылтыр шатыр жаңбырға қамсау болады дегені болмаса, әсіресе көктемде пайдасынан зияны көп сыңайлы. Е.Әб.

ПАЙДАСЫ ТИДІ (-Н ТИГІЗДІ)

Игілігін көрді. ~ Қызылды жесем, менi әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едiм бiр пайдасы маған тиер.  Абай. ~ Мұны айтып, дер кезінде ескертіп қойғаны жақсы болды. Кешікпей- ақ бұл ескертудің пайдасы тиді.  Ш.Айт. ~ Өзен ағаш басына шығып тасып жатқанда ар жағына малтып өтіп, мойыл тістеп қайтадан қайтып келетін әумесерлік бар– тын. Енді, міне, сол ерлігім пайдасын тигізейін деп тұр.  О.Бөк.

ПАЙДАҒА КЕНЕЛДІ

Мол табысқа батып, қарық болды. ~ Жергілікті қазақтарды жалшы етіп, өздерінің дегендеріне көндіріп, кезкелген жұмысқа жұмсап, ақысын жеп, қанап, мол пайдаға кенелді. А.Жақс. ~ Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркәсіп орындары тоқтаусыз жұмыс істеп Еуропа елдерінің соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық корпорация иелері шексіз таза пайдаға кенелді. БАҚ.

ПАЙДАҒА ЖАРАТТЫ

Орынын тауып қолданды, іске асырды. ~ Ойлап көрші, қалайша бір ұрғашы жалғыз өзі мынадай алыпты қолға түсіруі мүмкін?! Егер ол соншалықты құдіретке ие болса, оны пайдаға жаратуға да әбден болады. Н.Ауд. ~ Бұл ретте, Ш.Уәлихановтың этнография саласындағы білгірлігін байқауға болады: әр халықтың заңы мен әдебін, дәстүрі мен салтын жетік біліп, оны пайдаға жаратты. БАҚ. ~ Бұлардың арасында аталмыш хаттарды ізгі мақсат үшін жинап, пайдаға жарататындары және христиандар арасында қалатындары да бар. М.Серв.