Орынын тауып қолданды, іске асырды. ~ Ойлап көрші, қалайша бір ұрғашы жалғыз өзі мынадай алыпты қолға түсіруі мүмкін?! Егер ол соншалықты құдіретке ие болса, оны пайдаға жаратуға да әбден болады. Н.Ауд. ~ Бұл ретте, Ш.Уәлихановтың этнография саласындағы білгірлігін байқауға болады: әр халықтың заңы мен әдебін, дәстүрі мен салтын жетік біліп, оны пайдаға жаратты. БАҚ. ~ Бұлардың арасында аталмыш хаттарды ізгі мақсат үшін жинап, пайдаға жарататындары және христиандар арасында қалатындары да бар. М.Серв.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПАЙДАҒА (БЕЛШЕСІНЕН) БАТТЫ
Мол табыс тапты. ~ Керісінше келетін түсжорулар да бар. Мысалы, түсіңде ауыра қалсаң, өңіңде денсаулығың жақсарады.Сақалың өсіп кетсе, пайдаға батасың. Тиын теріп жүрсең, аз-маз табыс келеді. Ж.Баб. ~ Йемен саудагерлері керуендерінЖерорта тенізінің жағалауына, Сирия мен Персияға өткізе алмай көбінесе катты таршылық көрді. Осының нәтижесінде Мекке қаласында саудагерлер шаш-етектен пайдаға батты. БАҚ.
Табысқа, олжаға кенелді. ~ Оның шабаданындағы елтіріден менің елтірімнің сапасы әлде қайда жақсы еді, сорты жоғарыболатын. Өзінің жаман елтірісін менің тауарымның арқасында өткізіп, пайдаға белшесінен батты. З.Құн. ~ Миллиондаған жандардың жүрегін жаулап алған жаңа туынды, өзіне жұмсалған миллиондаған доллар қаржыны бірнеше есе ақтап, шығарманы сомдаушылар пайдаға белшесінен батты. Е.Төл.

ПАЙДАҒА АСЫРДЫ
Керегіне қолданды, кәдеге жаратты, қызығын көрді. ~ Пайдалана білсек, дүниеде пайдаға аспай қалатын нәрсе жоқ.Сондықтан білімі көп жұрттар дүниедегі нәрселердің көбін пайдаға асырады, білімі аз жұрттар азын пайдаға асырады. А.Байт. ~ Пайда, зиянын анық біліп отырып, пайдалысын пайдаға асыруға тырысамыз, зияндысының зиянынан қашамыз. А.Байт. ~ — Ол дәлелдері: осы күнде байдың малын тала десе, бұзақылар талап кететіні, кедейлер байдың малын пайдаға асыра алмай, жау малындай, ішіп-жеп қоюы … Ж.Айм.

ПАЙДАҒА АСТЫ (АСПАДЫ)
Іске жарады (жарамады), керегі болды (болмады). * Қиғырлар арасында терісі қымбаты – құндыз бен тиын. Басқаларыныңтерісі онша пұлды емес. Тышқандардың терісі түк пайдаға аспайды. Қазақ жерінде құндыз жоқ. Қазақ аулайтыны қоян менсуыр. А.Байт. * Сондықтан малдың пайдалы жағының көбі пайдаға аспай, далада қалады. А.Байт. * Бұл айтылған ағаштардың жөке ағаштан басқасының да қабықтарымен, басқа да пайдаға асатын нәрселері бар. А.Байт. * Бұрын есепқисап жасап, бұғалтырдың оқуын оқып алғаны осы жолы пайдаға асты. С.Досж.

ПАЙДА ШАШ-ЕТЕКТЕН
Түсер табысы өте мол. * Сонда бұл ғұмыр бойы пайданы шаш-етектен келтіретін көнермейтін кәсіп болмақ. С.Жүн. * Сібірде жеміс-жидектің бағасы аспанға ұшып тұрған көктемнің кезі. Қанын жерге тигізбей қағып алады.Жаймаға өзін қойып сатсаң, пайда тіптен шаш-етектен. Т.Сәу.

ПАЙДА ҮШІН
Қара басының қамы үшін, арам есеппен д.м. * Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда. Мұнан менің қай жерім аяулы деп, Бірге тұрып қалады кім майданда? Абай.