Posted in

ПАДИШАДАЙ ПАҢ (БАСТЫ)

Ерекше менмендік, өр көкіректік турадлы. * Арай оны басқа біреулер құсап, сандыққа салып тастамай, мұздай боп киініп алды. Падишадай паң. Паңдықтың нышаны да жоқ, ақжарқын адам еді. Енді паңдануды үйренді. Ш.Мұрт. ~ Сoсын қoлының тәкаппар, кeрбeз  қимылымeн тoпты былай сырып тастады да, падишадай  паң, басып, oртаға шықты. Ф.Куп.

ПА ШІРКІН!

Не деген керемет д.м. * Тышқанбай. Табамыз, Зүкенді қолға аламыз, әнді шырқап саламыз, домбыраны қағамыз. Па шіркін, Зүкен күле қараса, қара көзді қадаса, қорғасындай еріп, зауық көріп, уа дүние, бір көтеріліп қаламыз. Б.Майл. ~ Па шіркін, мұнда қандай адамдар бас қосқан десеңші! — деп қарқ-қарқ күлді Ломбард. — Шеттерінен қойдан жуас, өз парызына адал азаматтар өңшең. Менен басқалары, әрине. А.Крис.

ПА ДЕГЕНІҢ

Көбінесе кекете таң қалуды білдіреді. ~ Қортық. Көкуін, көкуін, ұят қой, араға мен кірісем, мен кіре білсем, қиын ба, айтшы, таза айырылып кетуің? Тышқанбай. Па дегенің! (Күліп.) Дұрыс айттың, өзім де сенен қауіп деп едім. Б.Май.

ӨШТЕСКЕН ИТТІҢ ІЗІН ТАЛАДЫ

Асқан кекшілдік, өшпес өшпенділік хақында. ~ Боранқұл өзіндей дырау, «өштескен иттің ізін талаудан» тайынбайтын кекшіл, қатыгез адамнан адуын ұл тумай, Ханжігіт сынды жібек мінезді, жан баласына жағымды “шүйкебас” ұлдың туғанына таңырқады. Ғ.Біл.

ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРДЫ

Ұмытылмас, құнын жоймас мұра қалдырды. * Жаны мәңгілікке ұласатын Ұлылық – жалған дүниені майға шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті ілініп-салынып алжығанша жасау да емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. О.Бөк. * Ел санасында өшпес із қалдырған Шаған- кегеннің қанды жорығы, атақты Бор батыр соғысы көп жыл бойы айтылып келе жатса да, мұндай бас қосуларда тағы бір рет сөз болмай қалмайды.  Қ.Жұм. * Демежан сол орнынан қозғалмай, өз өміріне өшпес із қалдырып, әлде бағына, әлде сорына кездескен осынау қытай адамының қарасы үзілгенше, ұзақ қарап тұрды. Қ.Жұм. * Соның арқасында адамзат тарихында өшпес із қалдырды, өркениетті биік деңгейге шығарды, өнер әлемінде бетбұрыстар жасады. Ә.Асқ.