Мұсылмандық жолынан ауған емес. ~ Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған діншіл халық емес, оны шоқындырып алу оңай, тек ауылға уәкілдер жіберілсін» делінген. І.Ес. ~ Қарынбай атадан жалғыз болғанмен, артындағы ұрпағы қаулап өсті. Кәлимаға тілдері келмесе де, Пайғамбардың жолын ұстап, бас-басына төрт-бестен қатын алды. Бәйбіше-тоқалдардың құрсағы құнарлы болып, баланы балағынан битше домалатсын. Жылдар дөңгелеп, ғасыр ауысқанда, қарынбайлар рулы ел болып, бара-бара Бозақтың іргелі тайпасына айналған. Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖОЛЫН (БЕРІК) ҰСТАДЫ
Мұсылмандық жолынан ауған емес. ~ Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған діншіл халық емес, оны шоқындырып алу оңай, тек ауылға уәкілдер жіберілсін» делінген. І.Ес. ~ Қарынбай атадан жалғыз болғанмен, артындағы ұрпағы қаулап өсті. Кәлимаға тілдері келмесе де, Пайғамбардың жолын ұстап, бас-басына төрт-бестен қатын алды. Бәйбіше-тоқалдардың құрсағы құнарлы болып, баланы балағынан битше домалатсын. Жылдар дөңгелеп, ғасыр ауысқанда, қарынбайлар рулы ел болып, бара-бара Бозақтың іргелі тайпасына айналған. Т.Сәу.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖАСЫНА ЖЕТТІ (КЕЛДІ)
Алпыс үшке келді. ~ Сонда Базаралы: «Мен Әбдіні ақ деймін де, сонымда тұрамын. Ал сол Әбдіні анық «қара» дегенге «көзім жетті, күмәным жоқ десе, жасы пайғамбардың жасына жетті ғой, анау Тәкежан өзі жанын берсін де, Әбдіні де, мені де қоса өлтірсін!» депті. М.Әу.~ Сол сияқты араб тілінде, некесіз әйел — иә-махрам. XIX ғасырда жасаған атақты Орынбай ақын Көртағыұлы (бір жиында әйелдер отырған тұсқа қарай берсе керек. Соны көрген Ақан сері әзіл тастап: Ореке, біз бір қайық, сіз бір кеме, Сөзімде қате болса, сөге көрме, Пайғамбардың жасына келген шақта, Иә-махрамға кез салған бұның жөн бе?— депті. С.Мұқ.

ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖАСЫЛ ЖАЛАУЫ (ТУЫ)
Пайғамбар көтерген жасыл түсті жалау. ~ Соңынан еріп келе жатқан топтың үстінен алтын ай бейнесі салынған Мұхаммед пайғамбардың жасыл туы бүкіл аспанды жапқысы келгендей, желмен ойнап желпілдейді. І.Ес. ~ Әр жерден құптаған, мақұлдаған дауыстар естілді: — Пайғамбардың жасыл жалауын көтеріп, мұсылман халқын ғазауатқа шақыру керек! Б.Тоғ. ~ Жан тапсырарда тышқақ лақ та тұяқ серпеді, біз — ар-намысы бар Адам емеспіз бе? Пайғамбардың жасыл жалауын көтеріндер, сол жалаудың астында бауыздалып өлсем де өкінбеймін! Б.Тоғ. ~ Қызылдарға қарсы күресу үшін Алашорда партиясы жер–жерден жігіт жинап жатыр. Пайғамбардың жасыл туы астына алаш әскерін топтап, кәпірде кеткен есеміз, қорланған арымыз үшін, масқара болған дініміз үшін ғазабат соғысын ашамыз. Ә.Нұрп.

ПАЙҒАМБАР САЛҒАН САРА ЖОЛ
Мұсылмандыққа тән салт-дәстүр. * Айыбым сол дейiн десем, әмеңгерлiк – ата салтым, пайғамбар салған сара жол емес пе едi?! К.Сег. ~ Есін жиып, етек жинап тік ұстап, Тіршіліктің таза ауасын тыныстап, Пайғамбардың сара даңғыл жолымен Табамыз ғой алтын Гаухар күміс бақ. Г.Сқ. ~ Өткен жылы құдайдың қазасы келген iнiмнiң қатынын биыл әмеңгерлiкпен тоқалдыққа алып едiм. Айыбым сол дейiн десем, әмеңгерлiк — ата салтым, пайғамбар салған сара жол емес пе едi?! К.Сег.

ПАЙҒАМБАР ЖАСЫНА КЕЛДІ (ТАЯНДЫ, -Н АСТЫ)
Мұхамбет пайғамбардың қайтыс болған жасына орай алпыс үшке келген, алпыс үшке жақындаған не алпыс үштен асқан адамға қатысты айтылады. ~ Жарас. Айтып құтылсаңшы, байғұс шал, пайғамбардың жасына кеп, сақал–шашың ағында бұ не қорлық? М.Әу. ~- Иманың күйгір, пайғамбар жасына келгенше аузыңнан пәтуәлі сөз шықпады- ау. Қ.Ысқ. ~ Әрине, мен сенбедім. ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант- су ішеді. О.Бөк. ~ Енді, міне, алпыстан асып, пайғамбар жасына таяғанда, баяғы жынының қайта қозғаны несі? Осы сапар бұған бір сын болмаса не қылсын?! Қ.Жұм. ~ – Енді, өздерің біліңдер… шырақтарым. Пайғамбар жасынан асқанда, ақыл айтып, жол көрсеткеннен өзге не қалды дейсің… О.Бөк. ~ Пайғамбар жасынан асқан адамға ақыл айтып, оныңды орындата алмағаннан артық қандай қиямет іс бар екен? К.Сег.