Posted in

ӨШКЕННІҢ ШОҒЫН ҮРЛЕП, ОШАҒЫН МАЗДАТТЫ

Келмеске кетіп құрығалы тұрған тірлікке жан бітіріп, өмірін ұзартты деген мағынада. * Әсіресе, оның күйзелісті  көңіліне,  қан  жылаған өміріне сүйеніш болсам дегенді өзіне парыз санайтын еді. Сөйтіп, өшкеннің шоғын үрлеп, ошағын маздатты. Ж.Шәк.

ӨШІН АЛДЫ

Есесін қайтарды, кегін алды. * Күркіреген даусы асқар тауды сілкілеп аударғандай, әлдекімдерде өші боп, сол өшін алу үшін аянбай сілкінген іспетті еді.  Б.Майл. * Ашық әйнектен ескен өктем леп өз маңдайын аямай осқылай бастады. Әлдекім бұдан кеп ит жылғы бір өшін алып жатқандай, үсті-үстіне сабап келеді. Ә.Кек. * Қуғыншылар күйменің ішіндегі жас келіншекті ат артына мінгестіріп, Бұрхан халдунға бет алады. Бұлар – Шиледуден Өлеуін-үжінді тартып әкеткен Есукей баһадүрдің тұқымынан қарымтасын қайырып, атасының өшін алған меркіттер». Т.Жұр.

ӨШІ КЕТКЕНДЕЙ

Біреуден ала алмай қалған кегі бардай, өршелену туралы. *  Бұлдыраған көз әйел үстінде астанадан киіп келген әдемі халатқа түсіп, қос өңірден ұстап алып өші кеткендей дар-дар айырыпты. Ә.Нұрп. * Алдарында будақтаған қара түтін ішінде он шақты танк асыр салып жүр. Зіркілдеп, өкіріп, жерді таптайды. Жер астында өші кеткендей тұмсықтарымен жер сүзіп, долдана ұйлығады. Т.Ахт.

ӨТКІРДІҢ ЖҮЗІ, КЕСТЕНІҢ БІЗІ САЛА АЛМАС

Қиыннан қиыстырылған д.м. ~ Осылайша «өткірдің жүзі, кестенің бізі сала алмас» өрнегімен өріле беретін, төгіле беретін жаһұт жолдар алақанға қонған аспанның моншағындай жарқырап, жадыратып жүректерге сәулесін шашып отырады. Ж.Шәк.

ӨТКІР ТІЛ (СӨЗ)

Ойындағысын батыл, бет-жүзіңе қарамай айтып салатын адамның мірдің оғындай зілді сөзі. * Ақтоқты өткір тілімен беттерінен қайырып тастайын десе де, сөзді қор қылып, ушықтырғысы келмей, көп бөрінің ортасына түскен тоқтыдай көзі жаудырап іштен тынады.  СЖүн. * Айнаштың бұл күтпегені еді, қатты қорланды. Әншейінде ойына не бір өткір сөздер түсетін, осы қазір шиыршық атып кейігеннен бе, өз-өзінен тығылып, ештеңе айта алмай қалды.М.Сүнд. ~ Бет ашуға да үлкен қабілет керек. Тіліп түсетін өткір сөзді аяқ астынан тауып, осыотырғандардың бір кемшілігін уыттысынға алу керек. Д.Ис.