Өткірледі, баптады. ~ Мамай, Болатын шарға қайраған Мамай, Бедеу атын байлаған, Мамай, Шағанның бетін шаң қылып, Төрт түлік малды айдаған Мамай. А.Байт. ~ Қара қошқыл қан жұтып, Қан жұтпаса, шерленген, Болатын шарға қайраған, Бедеу атын байлаған, Шағанның бетін шаң қылып, Төрт түлік малды айдаған. А.Байт. ~ Дұшпаныңа тірелген, Айналайын әкеке-ай, Аумайтын еді табаның. Бір күндерде әке-кем Арғымақ бедеу байлаған, Болатын шарға қайраған, Наурызым, Сыпсың-екеу су. А.Байт. ~ Мың жапырақ — мың қайғысы өзінің Қара шарға қайрап өсер төзімін. Сар далада сарын айтқан теректің Көкірегі — қобыз дерсің, көзі — мұң. Б.Раис.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАРҒА САЛДЫ
Дауысқа түсірді. ~ Баласы пәленшенің дейді халық, Боп жүр ем болыс қоймақ шарға салып. Өзгесі басымыздан өткен іс қой, Жүрмейді сол арасын есіне алып. С.Тор. ~ Шар саларда елубасылар болыс қоямыз деп, байғұстың ноғайдан вексельмен алған шайын алдап алып, қойындарына салыпты. Шарға түсіп, болыс болмақ түгіл жұртқа күлкі болып, шайынан айырылып, шертиген шенқұмар сорлы салы суға кетіп, үйіне қайтты" . Ж.Айм. ~ Аға сұлтандыққа Кұсбек Таукин екеуі қатар түскен. Шарға салғанда Құсбек басым шығады. Сол кезде жаңағы арыз сайлау құжаттарымен қоса Омбыға жөнелтіледі. Т.Жұрт.
ШАРҒА ТҮСТІ
Дауысқа түсті, сайлауға қатысты. ~ Шар саларда елубасылар болыс қоямыз деп, байғұстың ноғайдан вексельмен алған шайын алдап алып, қойындарына салыпты. Шарға түсіп, болыс болмақ түгіл жұртқа күлкі болып, шайынан айырылып, шертиген шенқұмар сорлы салы суға кетіп, үйіне қайтты" . Ж.Айм.
ШАРҒА ҰСТАҒАН БАЛТА ЕДІК, ШАБУЫН ТАППАЙ ҚОР БОЛДЫҚ
~ Егер қазірден бастап етегінен тартып, шаужайына жармаса берсек, өз– өзінен мүжіліп, екі жастың біріне келмей шау тартар, өзін– өзі өшіріп шаршап қалар. Содан соң… «Шарға ұстаған балта едік, шабуын таппай қор болдық», – деп, түңіліп кетуі де мүмкін-ау. Бұлар қазір нағыз орда бұзар ор теке жаста ғой». О.Бөк.
ШАРҒА ҰСТАДЫ
Қайрады, өткірледі. ~ Мен бір шарға ұстаған Қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім, Қайраса тағы жетілдім… Махамб.
ШАР ТАРАП
Дүниенің төрт бұрышы, жан-жақ. * Бақшаға еккен қызғалдақ қуармаса, Таза бұлақ лай боп суалмаса, Майысқыш шар тарапқа жас табиғат, Жарар еді жамандыққа бұра алмаса. Ж.Айм. * Шар тарапты өзіне шақырып тұрған шаршы төбенің шырқау басында шақырайған зер кілемнің үстінде алтын тақта алшайып алтын тажды хан отырар-ды. Ә.Кек.
ШАР ТАРТТЫ
Жасы ұлғайып, егде тартты, самарқауланды, мосқалданды. * … есік алды керде қоралы қой ыңыранып жусап жатса, тақымға толық тайлақкер мен алшаң басатын алкүрең белдеуде байлаулы тұрса, шар тартқан Боранқұлға бала-шағасының жанында күліп, жырғап отырудан өзге не керек?! Ғ.Біләл * Қартыңның ойы шар тартты. Абай. ~ Агафия Никаноровна, — деп буындары шұңқырайған сүйріктей аппақ саусағын ұсынған, қырықтарға тақаған көрікті әйел, ұшы қайқиған әдемі кірпіктерін жиі қағып, көзін төңкеріп-төңкеріп тастаған. Егде әйел болғанмен әлі жып-жылтыр бетінде шар тартқан адамға тән әжім сызаты жоқ. С.Жүн. * «Бұл байқұс та шар тартып қалған екен, – деді Шәкәрім Қарашегірді алғаш қолға түсірген кезін есіне алып. Қ.Жұмад. * Сары шал заманында қапсағай жігіттің түрі, қарттық жеткен соң дене де шар тартады. З.Шүкір. * Сары шал заманында қапсағай жігіттің түрі, қарттық жеткен соң дене де шар тартады. Сіңірлі бұлшық еттерді май басқан. З.Шүк.
ШАРА НЕ?! (ШАРА БАР МА / ШАРА ЖОҚ / ШАРА ҚАЙСЫ)
* Бірақ, өткен іс өтті, кетті. Оған қайта қайрылар қауқар да, мұрса да жоқ. Мүмкіндік те жойылған. Мұндайда қолда барды жұбаныш етпей шара не?! Ғ.Біләл * Өрттің Малжан аулынан келген суық қолдан шыққаны айдан анық еді. Бірақ көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң не дейсің. Іштен тынғаннан басқа шара жоқ. С.Жүн. * Бәрі көзіне жас алды. Ақсақал жанарының жасаурағанын ешкімге сездіргісі келмеді. Енді келіспеске шара қайсы. М.Рам.
ШАРА НЕШІК
~ Немересі Абсенттің мақпал қара, Сүріндің бе, неліктен тізең жара? Айтуға арыз тілің жоқ, жануарым, Мен емеспін бапкерің, нешік шара?! Т.Әл.
ШАРАНАСЫ КЕППЕГЕН
Буыны қатпаған, тым жас д.м. * Мынау менің бабамның жылқысынан қалғам тұяқ, сондықтан менің де малым. О.Бөк. * Әкесі Досбол қырық екінші жылы майданға аттанғанда, бұл шаранасы кеппей емшекте қалған бала екен. Қ.Жұм.
