Posted in

ШАРАНАСЫ КЕППЕГЕН

Буыны қатпаған, тым жас д.м. * Мынау менің бабамның жылқысынан қалғам тұяқ, сондықтан менің де малым. О.Бөк. * Әкесі Досбол қырық екінші жылы майданға аттанғанда, бұл шаранасы кеппей емшекте қалған бала екен. Қ.Жұм.

Posted in

ШАППАҚ БОЛСАҢ ЗЫМЫРА

* Кенет есік айқара ашылып, секретарь қыз тайтаңдап кірді. Бас редактордың дүмпуі ме, бұл бала редакция қызметкерлеріне ерке. Оның ішінде бойдақтарға қатты келетін. — Елтай, шаппақ болсаң зымыра! М.Қаб.

Posted in

ШАРАПАТЫ ТИДІ

Көп жақсылық істеді; пайдасы мол болды. ~ Марқұм Түркістанға барып бедел қажы атанып, артынан Меке-Мәдинеге және барып қайтқан. Елге шарапаты көп тиген. Т.Әсем. ~ … үлкен кісінің шарапаты тиіп, сонау Мекке-Медине жақтағы ешкімге белгісіз бір жапырақ кішкентай елдің қаржылай көмегімен Нұр-Астана мешіті салынды. Д.Дос. ~ – Тоқалының өзі бес бала туған. Сондықтан бұл апам айтқандай майлы ошақ, бізге де шарапаты тиеді, жаным. С.Досж.

Posted in

ШАПТАЙ ТҮСТІ

* — Е, ылау жалғыз маған міндет пе екен? Жектір басқадан,- деп ол орындаушыны беттен ала түседі. — Сенің жамандығың. Жаман болған соң, басынып келіп тұрғанын көрмейсің бе? — деп күйенте асынып тұрған қара қатын Шегірді шаптай түседі. Б.Майл. * ─ Осы Сонарбай биыл жаз бойы бос жүрді, қоңы да жақсы, егін қоруға өзін неге ерттеп мініп алмайсыз? – деп Жарболды шаптай түседі. Т.Әбд.

Posted in

ШАРАСЫ ТАУСЫЛДЫ

Амалы бітті, енді не істерін білмей дал болды, басқа амалы қалмады. * Қазіргі жалақымен мәңгі-бақи үй ала алмайтынын және біледі. Баспананы шарасы таусылғандықтан сұрап отыр. Айтқан сөзіңнен замандастарыңа, достарыңа деген ешқандай мейірім көре алмай отырмын. Т.Әсемқ. * Осылайша шешесі мен баласы біраз дауласып сөйлесіп алды да, ақыры Зейнат шарасы таусылғандай лажсыз күлімсіреп әжеме қарады. С.Мұратб. * Күте-күте қалтырап тоңа бастады. Ақыры шарасы таусылып, біреуде ақысы кеткендей мойыл түбінен құлазып шықты. Ә.Асқ. * Ұл шарасы таусылғандай ыңырана қозғалып барып, жастығына жантайды, Келін де самауырынның шүмегін жұлқи бұрап, шай құйды. Тұлданған түрі. К.Сег. * … Бетпақ Далада адасқан У2 шолғыншы аэропланы жағармайы сарқылып, шарасы таусылған ең соңғы сәтте көз ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. М.Мағауин * Түн болды ғой… Балым! — деп, көмірқара Бұлыш шарасы таусылып жан-жағына қарады. С.Елу. СИН: АЙЛАСЫ ҚҰРЫДЫ

Posted in

ШАПТАН ТҮРТТІ

* Сөздеріне құлақ асып, дұрыстап сөйлесе білгенде өздері-ақ ың-шыңсыз тарап кетер еді. Өйтудің орнына үкімет шаптан түртіп өздері арандатты. Т.Сәу.

Posted in

ШАПТЫРМА СӨЗ

Қаңқу әңгіме; кекесін. ? * – Кәрі қойдың басы піскенше, жас қойдың басы сылынып түседі дегеніміз осы, – делінетін шаптырма сөздер қарша борады. Ғ.Біләл

Posted in

ШАПШЫП ШЫҚТЫ

* «Пəле болдыңдар ғой сен екеуің, Белгілі Бегейді ғана емес, бəрімізді Əуезовтің аттестациясынан өткізетін болдыңдар- ау, сен екі қу! » – деген ішкі реніші сыртына шапшып шығып, «ұйқысы ашылып» кеткен күрең көзінен айқын аңғарылып тұр. З.Қабд. * Мына заман қай заман? Бағы заман. Баяғыдай болар ма тағы заман?… Күңіренген көкіректен шапшып шыққан сағыныш осы! С.Смат. * Жылтыраған екі көзінің ернеуінен бірнеше бүртік жас шапшып шықты да, мөлдіреп төмен қарай домалады. М.Дәул. * Арағы Астананың арағындай ащы емес, үгітіліп, таңдайға тепкен ащыған көже секілді бірдеме. Лезде басына шапшып шықты, тілі күрмелді. Д.Досж.

Posted in

ШАР БОЛАТ

* Бұл да жалма-жан таралғысын ағытып, шар болат үзеңгімен қақ маңдайдан құлаштай сілтеп бір соғып өтті. Допша атылған дүлей бөрі ауыр соққыдан ашыған қамырдай ирелеңдеп созылып барып құлап түсті. Ә.Кек.